7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жыныстық жетілуі.

Сабақ жоспары: Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жыныстық жетілуі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары



Пән: Биология 8 сынып

Сабақ №57 Күні , айы, жылы



Тақырыбы: Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыныстық дамып жетілу сұрақтарына жауап беру арқылы білім беру.

Міндеті:

Білімділік: Оқушыларға ер балалармен қыз балалардың жыныстық дамуындағы ерекеліктерге тоқтала отырып, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан-жақты тіршілікті тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа,қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А)Сәлемдесу

Ә)Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды түгендету

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Жыныс мүшелері, жүйесінің құрылысын ата.

Экстроген-

Тестостерон-

Сыртқы мүшелерді ата

Ішкі мүшелерді ата

ІІ.Жаңа сабақ.

</<font face="Times New Roman, serif">I. ЖЫНЫСТЫҚ ДАМЫП ЖЕТІЛУ

1. Жасөспірім кезең деген не?

Жасөспірім кезең-бұл шын мәнінде адам өмірінде орын алатын және бұл кезде ол кішкентай бала да емес сонымен бірге әлі ересек те болып саналмайтын кезең. ДДСҰ (1977) мамандары физикалық, жыныстық, психологиялық және әлеуметтік дамып жетілу мерзімдерін есепке ала отырып 10-20 жас аралығындағыларды - жасөспірімдер, 15-24 жастағыларды - жастар, ал 10-нан 34 жасқа дейінгі тұлғаларды жас адамдар деп есептеуге болатын оптимальды ұсыныс көрсеткен.

2.Өтпелі жас деген не?

Жас баланың есейіп, ересек болатын кезеңін өтпелі жас немесе пубертаттық деп атайды. Мүмкін, осы уақытта Сендегі жүріп жатқан өзгерістер саған түсініксіз болып Сені абыржытқанымен, бұл сәтте өз-өзіңе деген қанағаттанушылық, мақтаныш сезімі бойыңа ұялап, барлығын өзің шешетіндей боласың. Бүкіл ағзаң қалай жұмыс атқаратындығын білсең, ол өзіңмен жақсы күресуге мүмкіндік береді. Өзіңнің құрдастарыңда да, бұл өзгеріс болатынын білу көп нәрсеге көмектеседі.

3. Жыныстық дамып жетілу кезеңдегі безеулер себебі неде?

Жасөспірімдерде жиі пайда болатын безеулер, гормондармен әсіресе андрогендік гормондармен шақырылады. Андрогендер-бұл еркектің жыныстық гормондары, алайда олар тек ер балалардың ғана емес сонымен бірге қыздардың да организмдерінде өндіріледі. Жыныстық дамып жетілу кезеңінде олардың деңгейі күрт жоғарылайды. Олар безеулік бөртпелердің пайда болу себептері болып табылады. Теріде бірқатар күрделі химиялық процестері мен гормондар май бездерінің жасушаларының күрт жоғарылауына әкеледі, соның салдарынан тері майының мөлшерінен артық бөлінуі жүреді. Терідегі ұсақ тесіктердің бітелуі және майдың мөлшерінен артық жиналуы нәтижесінде бактериялардың өсуі үшін өте қолайлы орта қалыптасады.

4. Етеккір және етеккір циклі дегеніміз не?

Етеккір циклі - бұл аналық безі мен жыныстық мүшелерде белгілі бір уақыт аралығында (орташа әрбір 28 күн сайын) өтетін өзгерулер жиынтығы: әйел организмі мүмкін болатын жүктілікке дайындалуы. Етеккір мен етеккір циклін шатастыруға болмайды, ол бір етеккірдің басынан екіншісінің келуіне дейінгі уақыт аралығын көрсетеді. Етеккірдің 1-ші күні етеккір циклінің 1-ші күні деп есептеуге болады. Етеккірлер, әдетте, үнемі белгілі бір уақыт аралығында өтіп отырады, олардың ұзақтығы 21-ден 35 күнге дейін болуы мүмкін. Әрбір етеккір ұзақтығы 3-5 күнге тең және әрбір етеккір кезінде біршама қан көлемі жоғалады.

5. Жыныстық дамып жетілу процесінде организмде қандай өзгерістер жүреді?

  • Дене өсуі арта түседі

  • Дене және бет әлпеті өзгереді

  • Дауыс өзгереді - төмендейді

  • Ер балаларда: жыныс мүшелерінің ұлғаюы қосылады. Жыныс мүшесі айналасында, қолтық астында, бетте, аяқтарда түктердің өсуі, поллюция - негізінен, түнгі уақыттағы еріксіз шәует бөлінуі. Бұл қалыпты құбылыс, баланың ер жетуінің белгілері.

  • Қыз балаларда: сыртқы жыныс мүшелерінің өсуі, қолтық асты, қасаға аймақтарында түктердің өсуі, кеудесінің өсуі, ақ жағындылардың бөліне бастауы - ақшыл түссіз сұйықтық, ол етеккірдің жақында басталатыны жөніндегі белгі.

6. Қыздық перде деген не?

Қыздық перде - қынапқа кіре берісті жауып тұратын шырышты қабат қатпары. Онда бір тесік болады, ол арқылы етеккір уақытында қыз балада қан шығады. Бірінші жыныстық байланыс кезінде перденің жыртылуы болады, ол біршама қан бөлінуімен және кейде ауырсынулармен сипатталады.

Қыз балада қыздық перде инфекцияның берілу жолындағы бөгет болып табылады.

7. Менде, әрбір 2 апта сайын, түнде еріксіз шәует бөлінуі болады, бұл қалыпты жағдай ма, айтыңызшы?

Еріксіз түнгі шәует бөлінулері поллюция деп аталады. Бұл жасөспірім жастағы балалардағы қалыпты құбылыс болып табылады.

8. Неге кейбір ер балаларды сүндетке отырғызады?

Гигиеналық мақсатта. Өйткені, жыныс мүшесінің басы мен шеткі денесі арасындағы қалтасында майлам (смегма) жиналады. Кез-келген биологиялық сұйықтық ретінде ол инфекция дамуы үшін қолайлы орта болып табылады. Ыңғайсыздықтан құтылу үшін еркек үнемі (күніне екі реттен кем емес) жыныстық мүшелерін баптау қажет - шеткі денесін жылжытып смегманы жуып тастауы керек. Сүндетке отырғызғаннан соң мұндай баптаудың қажеттілігі болмайды.

11. Ақ шығындылар немесе ақ жағындылар деген не?

Ақ жағындылар - бұл қынапты ылғандандыратын және қорғайтын ақшыл-сары түсті қышқыл бөліністер. Овуляция кезінде және тікелей етеккір алдында олардың бөлінуі аса мол болады. Ақ шығындылар қынаптың қалыпты ортасын сақтау үшін қажет. Шығындылар мөлшерінің көбеюі немесе олардың сыртқы түрінің өзгеруі қабыну процесінің белгісі болуы мүмкін, бұл жағдайда гинеколог дәрігеріне көріну қажет.

18. Етеккір күнтізбесі деген не және оны қалай жүргізуге болады?

Әр ай сайын күнтізбеге етеккір күндерін белгілеудің өзіндік мәні бар, өйткені онымен сен цикліңнің ұзақтығын және келесі етеккіріңнің болжамды уақытын анықтай аласың, соның есесінен мүмкін болатын ыңғайсыздықты есепке ала отырып гигиеналық төсеніштерді сатып алуды да, сапарға шығуды да жоспарлай аласың.

19. Тұрақталған етеккір цикліне не әсер етуі мүмкін?

Етеккір цикліне (және де аналық жасушаның өсіп жетілуіне) көп нәрселер әсер ете алады. Егер де етеккір кезінде сен сырқаттансаң, онда бөлінетін қан мөлшері аз болып, ал етеккір қысқа және кеш басталуы мүмкін. Егер сен емдік тағамға (диетаға) отырып салмағыңды тез жоғалтсаң, етеккір мүлдем тоқтап қалуы да ықтимал. Етеккір келуіне ықтималды дене салмағы 48 килограмм болып есептеледі. Егер де сенің сабақтарың қауыртты және сен қатты қобалжулы болсаң, онда етеккір кідіруі немесе мүлдем келмеуі де мүмкін. Спорт жаттығулары немесе спорттық сайыстар уақытында Саған үлкен күш түсірілетін болса да осы жағдай болуы мүмкін.

20. «Қауіпті күндер» деген не? Қай кезде жүкті болу ықтимал?

«Қауіпті күндер» - бұл етеккір циклінің жүкті болу мүмкіндігі көп кезең. Аналық және аталық жасушаның өмір сүру ұзақтығын есепке ала отырып (24 және 48-72 сағатқа сәйкес), әйел баласы овуляция күні және 3-4 күнге дейінгі және кейінгі аралықтарда жүкті болуы мүмкін. Аналық жасушаның өсіп жетілуі мен босатылуы Сенің қалауыңа да, жыныстық қатынастың бар не жоқ болуына да байланысты болмайды. Бір цикл ішінде 1 аналық жасуша босатылады, бұл цикл ұзақтығына байланыссыз жаңа келе жатқан етеккірге дейін 14 күн ішінде пайда болады. Әйел баласы жүкті болуы үшін өмір сүруге қабілетті аналық пен аталық жасушалары бірігуі керек (яғни ұрықтану жүреді), содан жасушалардың ары қарай бөлінуі мен олардың жатырдың шырышты қабатына жабысуы баланың, яғни жүктіліктің дамуы үшін негіз береді.

ІІІ. Бекіту. Оқушылар сұрақтар жазып береді. Адам ағзасына зиянды заттардың әсері

ІV. Бағалау V. Үйге тапсырма: Әр бір оқушы өз ойларын сұрақтарын жазып келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал