- Учителю
- Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі. doc
Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі. doc
8-cынып. Биология.
Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам ағзасындағы пайда болған ыдырау өнімдері туралы білім беру
Дамытушылығы: Зәр шығару шығару жүйесінің маңызын, құрылысын, қызметін түсіндіре отырып, ой-өрісін дамыту. Тәрбиелігі: Бүйректің қызметін айта отырып өз бойларын күтіп ұстауға, топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бүйректің құрылысының, шумақ түзуінің суреттері, интер. тақта.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, топтық жұмыс және ойынның түрлері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру, ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
-
Энергетикалық алмасу деген не?
-
Энергетикалық алмасудың кезендерін атаңдар.
-
Дайындық кезеңі қалай аталады?
-
Оттекті және оттексіз кезеңнің айырмашылығы.
-
Энергетикалық алмасу кезеңнің маңызы.
ІІІ. Зат және энергия алмасу тақырыптары бойынша алған білімдерін пысықтау үшін деңгейлі тапсырмалар.
І топ
1.Ассимиляцияның соңғы кездегі екінші атауы.
2. Сүйек ұлпасында судың мөлшері қанша?
3. Энергияны өлшеу бірлігі.
4.Адамның дене салмағының қанша % су?
5.Энергетикалық алмасудың екінші аты.
6.Артық май ағзада қор ретінде
7.Зат алмасудың екінші атауы.
8. Көмірсулар тағағаммен ағзаға көп түссе неге айналады?
9 «Вита» латынша
10. Энергетикалық алмасудың 3 кезеңі
ІІ топ
1. Суересектерге қарағанда балалар ағзасында
2, В тобындағы барлық витаминдер суда
3. Минералды тұздар адамның дене салмағының қанша %
4. Пластикалық алмасуда энергия
5. Қаннның құрамында қанттың тұрақты мөлшері
6 Энергетикалық алмасудың 2 кезеңі
7.Адам ағзасында витаминдердің жетіспеуінен туатын ауру.
8. Энергетикалық алмасуда энергия
9.Витаминдерді шамадан тыс көп пайдаланса адам
10.Филлохинон витаминінің латынша таңбасы
ІІІ топ
1. Филлохинон витаминінің латынша таңбасы
2. А витамині суда
3. Су дене температурасын
4. Ересек адамдардың орташа есеппен тәулігіне жұмсайтын энергия мөлшері
5. Витаминді алғаш ашқан ғалым
6. Е витамині майда
7.Кальциферол витаминінің латынша таңбасы
8. Нәруыздар адам ағзасында қор заты ретінде
9. Су бейорганикалық және органикалық заттарды
10. Энергетикалық алмасудың 1 кезеңі
Бағалау
1----5 дейін ----- «3 »
. 1 --- 8 дейін ----- « 4 »
1 ----10 дейін --- « 5 »
ІV. Жаңа сабақ.
Зәр шығару жүйесінің құрылысы.
Зәр шығару жүйесінің адам ағзасындағы маңызы туралы жалпы түсінік беру.
Оқулықпен жұмыс.
Әр топқа оқулықтағы мәтінде берілген тақырыпшаларды бөліп беру. (5 минут)
Мәтінді оқып, түсінігін сызба нұсқа арқылы түсіндіру.
І - топ. Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы.
ІІ - топ. Бүйректің құрылысы.
ІІІ - топ. Зәрдің түзілуі.
ІV - топ. Бүйрек қызметінің реттелуі.
V . Жаңа сабақты пысықтау үшін «Кім жылдам» ойыны.
1.Көмірқышқыл газы қай мүше арқылы шығарылады?
2. Бүйрек қайда орналасқан?
3. Бүйректің салмағы.
4. Бүйректің түсі.
5. Бүйрек арқылы тәулігіне қанша қан ағады?
6. Денедегі артық су мен тұздың мөлшері не арқылы шығады?
7. Нефрон дегеніміз не?
8. Бірінші реттік зәрдің мөлшері.
9. Бүйрек пен қуықты жалғастыратын мүше. 10. Бүйректің жұмысы қандай жүйе арқылы реттеледі?
VІ. «Мен көп білемін» ойыны.
Мақал-мәтел айту.
VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма §53. Кестемен жұмыс.