- Учителю
- Тестовые задания по биологии на тему Өркендер мен бүршіктер. Сабақ. (6 класс)
Тестовые задания по биологии на тему Өркендер мен бүршіктер. Сабақ. (6 класс)
Өркендер мен бүршіктер. Сабақ.
1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік:
а)төбе ә)бұйыққан б)жанама в)қолтық
2. Өркеннің ең ұшына орналасқан бүршік:
а)қолтық ә)қосалқы б)жанама в)төбе
3. Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік:
а)қосалқы ә)төбе б)бұйыққан в)жанама
4. Төбе бүршіктің өсімдіктің өсуіне әсері:
а)жуандап өседі ә)ұзарып өседі б)гүлдейді в)жапырақ шығарады
5. Тік сабақты өсімдіктер:
а)қайың ә)жүзім б)бидай в)қауын
6. Шырмалған сабақты өсімдіктер:
а)жөке ә)шырмауық б)бақбақ в)құлмақ
7. Қысқарған сабақты өсімдіктер:
а)жолжелкен ә)пияз б)жүзім в)жүгері
8. Сабақты жуандатып өсіретін қабат:
а)камбий ә)сүрек б)қабық в)өзек
9. Органикалық заттар қорға жиналатын қабат:
а)сүрек ә)қабық б)өзек в)тін талшығы
10. Су мен минералды заттар қозғалатын қабат:
а)қабық ә)сүрек б)тоз жасушалары в)тін талшықтары
11. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстыратын қабат:
а) өзек ә)камбий б)сүрек в)қабық
12. Сабақ тыныс алатын, жасымықша жасушалары орналасатын
қабат:
а) камбий ә)сүрек б)өзек в)тоз қабаты
13. Буын және буынаралығынан тұрады:
а)тамыр ә)тамырсабақ б)түйнек
14 Сыртында жапырақ іздері (көзшелері) бар:а)түйнек ә)тамыр б)тамыр
15. Жапырақ қолтығына орналасқан бүршік:
а)төбе ә)жанама б)қолтық в)қосалқы
16. Өсімдіктің төменгі бөліміне орналасқан майда бүршік:
а)қосалқы ә)бұйыққан б)төбе в)қолтық
17. Гүл бүршігінің орналасқан орны:
а)қысқарған өркен ә)ұзарған өркен б)төбе бүршігінде в)қолтық бүршігінде
18. Өсу бүршігінің орналасқан орны:
а)қосалқы бүршік ә)қысқарған өркен б)қолтық бүршік в)ұзарған өркен
19. Жатаған сабақты өсімдіктер:
а)құлпынай ә)құлмақ б)пияз в)қияр
20. Өрмелегіш сабақты өсімдіктер:
а)тырбық аңдыз ә)қарағаш б)асбұршақ в)жүзім
21. Тін талшықтары орналасқан қабат:
а)камбий ә)қабық б)сүрек в)өзек
22. Қабық пен сүректің арасындағы қабат:
а)сүрек ә)камбий б)өзек в)қабық
23. Сабақтың органикалық заттарды қорға жинайтын қабаты:
а)өзек ә)камбий б)қабық в)тін талшығы
24. Жарыққа байланысты түсін өзгертпейтін өсімдік мүшесі:
а)түйнек ә)тамырсабақ б)тамыр
25. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтар орналасқан жер асты өркен:
а)тамырсабақ ә)пиязшық в)түйнек
26. Пиязшықты өсімдіктер:
а)сарымсақ ә)картоп б)лалагүл в)бетеге
27. Түйнекті өсімдіктер:
а)орамжапырақ ә)жер алмұрты б)картоп в)пияз
28. Тамырсабақты өсімдіктер:
а) бидайық ә)қызанақ б)бетеге в)қызғалдақ