7


  • Учителю
  • Поурочный план по биологии на тему Вирустық жұқпалармен зақымдану және таралуы. Вирустық жұқпалардың алдын – алу және күресу шаралары (6 класс)

Поурочный план по биологии на тему Вирустық жұқпалармен зақымдану және таралуы. Вирустық жұқпалардың алдын – алу және күресу шаралары (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сынып: 6 А Сабақ№55

Пән: биология

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Вирустық жұқпалармен зақымдану және таралуы. Вирустық жұқпалардың алдын - алу және күресу шаралары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Вирустық жұқпалармен зақымдану және таралуы, вирустық жұқпалардың алдын-алу және күресу шаралары туралы түсінік беру,

Дамытушылық: оқытудың беленділігін арттыру,оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту,

Тәрбиелік: санитарлық - гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқа, карточкалар, суреттер

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • оқушылармен сәлемдесу

  • оқушыларды түгендеу

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа сабақты игеру.

Вирустар тудыратын ауру түрлері. Вирус агзаның жасушаларына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тумау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ұшық, ИТИС (иммунитет тапшылығын иемденген синдром). Бұл ауруларды емдеу өте киын. Вирустарға антибиотик дәрілер әсер етпейді. Көбіне ағзаның иммунитет жүйесі гана ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді.

Иммунитет - ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Ағзаның өз

тұтастығын және биологиялык даралылығын қорғайтын жасуша иммундық жасуша деп аталады. Ауру тудыратын ұсақ ағзаларды кармап, тіршілігін жою арқылы иммундык жасуша ағзаны кауіпті жұқпадан (инфекциядан) сақтандырады.

Өсімдіктерде вирустар тудыратын аурулар. 100 топка бірігетін вирустар мыңнан астам өсімдік ауруларын қоздырады. Вирус зақымдаған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелеріңде түрлі түсті дактар, жолақтар пайда болады. Вирустардың әсерінен кейбір өсімдіктің бойы өспей, пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді. Бактериофаг бөліктерінің пішінін алты топқа бөлуге болады. Ал көбею үдерісі өте күрделі.

Өсімдік, жануар, адам ағзасында ғана вирус кебейе алады. Кейбіреуі бактерия жасушасын ерітіл жібереді. Вирустар тек тірі жасушада ғана тіршілік етеді. Вирус ұзақ уақыт топырақта, суда және өзге де жерлерде сакталады. Бактерия жасушасына енетін вирус фаг немесе бактериофаг (грекше «бактерион» - таяқша, «фагейн» - жебір, жеп кою, жою деп аталады. Зерттеу нәтижесінде өсімдікте 400 және жануарда 500 вирус түрлері тіршілік ететіні анықталған.

- Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі - қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.

- Бұл не деп ойлайсыңдар?

Вирустық аурулардың таралу жолдары әртүрлі болуы мүмкін, олардың негізгі жолдары мыналар:

  1. Тамақ арқылы -микроағзалар асқазан - ішек жүйесіне тамақпен, сумен немесе тамақты кір қолымен жеу арқылы түседі. Осылай барлық ішек инфекциялары беріледі.

  2. Ауа тамшылы -қоздырғыш адамнан - адамға ауа арқылы сілекей тамшыларымен түшкіргенде , жөтелгенде, күлгенде , сөйлегенде беріледі.

  3. Жанасу арқылы - науқас адаммен жанасу арқылы беріледі. Осылайша көптеген тері аурулары, кейбір ішек аурулары таралады.

  4. Тасымалдаушы жануар арқылы.

  5. Тазартылмаған медециналық инструменттер арқылы берілетін аурулар.

  6. Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар.

Вирустық жұқпалардың таралуы, зақымдану жолдары және алдын алу шаралары.

Қызылша,

Желшешек

Ауалы, бірақ тамшылы жолмен емес

Жеке бас ережесін сақтау, жұқпалыларға жанаспау, мақта дәкелі таңғыштар

5

Мидың қабынуы (энцефалит)

Таратушылар - қан сорғыш кенелер

Әсіресе табиғи ошақтарда және қарқынды кезеңде (наурыз - мамыр айларында кененің шағуын болдырмау.

1 тапсырма Вирустарға қатысты төмендегі сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екендігін анықтаңыз. (Оқушылар қағазға «Дұрыс», «Дұрыс емес» деп жазып алып мұғалімнің келтірген мәліметтерін анықтап жауап көтереді.).

  • Тұмау - Стерилденбеген маникюрлық және медициналық құрал - жабдықтарды пайдаланғаннан жұғады.( Дұрыс емес)

  • Вирустар - бұл жасушасыз ерекше тіршілік формасы. (Дұрыс)

  • Вирустар - тек ғана жасуша сыртында көбейеді.(Дұрыс емес)

  • Мидың қабынуы (энцефалит) - таратушылар - қан сорғыш кенелер(Дұрыс)

  • Науқас жатқан бөлмені күн сайын ылғалдап тазалау. Еденді жуған кезде жуғыш заттар қосу керек.(Дұрыс)

  • </ Жанасу арқылы -қоздырғыш адамнан - адамға ауа арқылы сілекей тамшыларымен түшкіргенде , жөтелгенде, күлгенде , сөйлегенде беріледі. (Дұрыс емес.

2-тапсырма.Вирустар туралы дұрыс берілген пікірлердің рет санын торкөздерге жаз 1.Нуклеин қышқылынан және нәруызды қаптамадан тұрады

2.Прокариоттарға жатады

3.Тірі жасушаға еніп алып,оны зақымдайды

4.Көлемі жағынан бактериялардан аз ғана үлкен

5.Біржасушалы ағзалар

6.Микроскоппен ғана көрінетін жасушасыз бөлшектер

7.Жасушаның ішінде және сыртында көбейеді

8.Жасуша ішінде өмір сүретін паразиттер

  1. Споралардың көмегімен көбейеді

10.Тірі жасушада көбейеді

11.Жоғары температураға,құрғақшылыққа төзімді

3-тапсырма

Биологиялық диктант

1.................. - тірі организмдердің жасушасыз тіршілік иесі.

2.Оның құрлысы............... және............... тұрады.

3.Вирустарды 1892жылы .................. ашты.

4.......................ғана көрінетін жасушасыз бөлшектер

5...................... ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті

IY. Жаңа сабақты бекіту.

Y. Рефлексия.

Білемін Білмеймін Білгім келеді

Үйге тапсырма. оқу, «Мен елімді вирустық аурулардан қорғаймын» тақырыбында эссе жазу.

YI. Бағалау. Сабақты қорытындылау













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал