- Учителю
- Ашық сабақ 'Қосжарғақшалы органоидтар-пластидтер және митохондриялар'
Ашық сабақ 'Қосжарғақшалы органоидтар-пластидтер және митохондриялар'
Қысқа мерзімді жоспар №16 Пән мұғалімі: Турсынова Жаннат Манаповна
БЕКІТЕМІН
ПӘНІ
Биология
КЛАСЫ
10 «А»
МЕРЗІМІ
27.10.2015ж.
ТАҚЫРЫП
Цитоплазма органоидтері: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі.
МАҚСАТЫ
Өсімдік жасушасына тән пластидтердің ерекшелігі мен қызметтері туралы түсінік алу. Митохондриялардың жасушада энергия стансасы екендегіне тоқтала келе оның ерекшелігін сипаттау.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Өз бетімен ізденіске бейімделеді.
Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;
Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;
Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді;
Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;
Ақпараттық білімдері сараланады;
Экологиялық, адамгершілік тәрбие беріледі;
КЕЗЕҢДЕРІ
РЕСУРСТАР
САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ
ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ
БАҒАЛАУ
Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут)
Биология оқулығы
Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады.
Мұғалім тарапынан сабақ тақырыбы таныстырылады. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсаты айқындалады. Жағымды ахуалды қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді.
Топқа бөлу
(2 минут)
Түрлі-түсті қағаздар, маркерлер.
Сыныптағы оқушыларды 2 топқа бөлу. І топ «Гольджи», ІІ топ «Лизсома». Бөліну жолы: Гольджи жиынтығына және лизосома органоидына қатысты тірек сөздерді алып, анықтама беріп барып, қай органоидқа тән болса, сол топқа отыру тапсырылады.
Тұлғааралық интеллектке ие оқушылар әр топта жеке қасиеттері қалыптасады
Үй тапсырмасын пысықтау
(7 минут)
Биология оқулығы,
Биолог анықта
малығы.
жіп, стикерлер.
Шеңберге тұрып, «Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қояды. Мысалы,
-
Біржарғақшалы органоидтарды атаңдар? (ЭПТ, Гольджи жиынтығы, лизосомалар, нағыз вакуоль, пероксисома).
-
ЭПТ неше қызмет атқарады?(2, а-тасымалдау, ә-өз заттарын синтездеу).
-
ЭПТ-ның неше түрі бар? (2-еу; 1-тегіс, 2-кедір-бұдырлы).
-
Гольджи жиынтығының қызметі қандай? (Көмірсулар мен липидтер синтезделеді және жаңарады).
-
Заттарды қорытуға және ыдыратуға дайын ферменттері болатын органоид? (Лизосома).
-
«Лизис» сөзінің мағынасы? (ыдырату).
-
Бір лизосомада канша фермент болуы мүмкін? (30)
-
Лизосоманың қызметі қандай? (Жасушаішілік қорыту және жасушаларды қорғау).
-
Автолиз дегеніміз не? (Өздігінен ыдырау, өздігінен қорыту деген сөз)
-
Біржасушалы ағзалардағы лизосомалар не деп аталады? (асқорыту вакуольдері), т.б.
Жекеленген оқушыларға көмек
Фактілерді
баяндайды Мадақтау
Стикер арқылы бағалау.
Жаңа сабақ
(20 минут)
Биология оқулығы,
Биолог анықта
малығы.
Оқулық, флипчарт, маркерлер, стикерлер.
Жаңа сабақты жақсы меңгеру үшін «Кластер» әдісін пайдаланамын. Тапсырмалар: І топ.: Митохондрия органоиды, ІІ топқа пластидтер құрылымы мен функциясын оқыту, орындату, қорғату, қадағалау, көмек беру. Постер қорғап болған соң, бағалау жүргізіледі.
1. Митохондрияны зерттеуде Р.Келликер, Р.Альтман, К.Бенда жөне т.б. ғалымдар зор еңбек сіңірді.
2. Митохондрия - кос мембраналы органоид, ол ішкі және сырткы мембранадан жөне мембранааралық кеңістіктен түрады.
3. Оның күрамында нөруыз, май, нуклеин кышкылдары, рибосома және әр түрлі иондар мен ферменттер болады.
4. Митохондрияның негізгі кызметі - энергия көзі - АТФ молекуласын, сонымен катар нәруыз РНҚ молекулаларын синтездеу.
Пластидтердің үш типі бар: түссіз (мөлдір) - лейкопластар, жасыл - хлоропластар, реңі қызыл - сары түсті - хромопластар.
Әрбір пластид екі қарапайым мембранадан тұратын өзінің қабығымен қоршалған. Пластидтерді зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша пластидтер ұрық пен түзуші ұлпалардың клеткаларында болатын түссіз пропластидтерден пайда болады.
Пластидтер - барлығы протопластидтен түзіледі. Олар бір -
біріне ауысады. Лейкопласт хлоропластқа, картоп түйнегі жарықта жасыл түске; хлоропласт ағарады; жарықсыз қалған үй гүлінің жапырағы ағарады, күзде қызыл - сары түске айналады; ал хлоропласт пластид дамуындағы соңғы кезең, өзгермейді.
Қабілетті оқушы мен деңгейі төмен оқушыны анықтау
«Сэндвич» әдісі арқылы топ аралық бағалау жүргізіледі.
Жаңа сабақты бекіту.
(7 минут)
Биология
оқулығы,
Кестелер.
Өткен тақырыпты бекіту мақсатымен оқушыларға кестемен жеке жұмыс жасау тапсырылады. І топқа «Семантикалық карта», ІІ топқа «Т-кестесі» беріледі. Белгілеп болған соң, өз араларында жұмыстарын ауысып, тексереді. Критерийге қарап бағалайды.
Жекеленген оқушыларға көмек
(3шапалақ)
Рефлексия
(5 минут)
Түрлі-түсті стикерлер.
«Бағдаршам» әдісі бойынша жаңа тақырыпты қалай, қаншалықты игергенін анықтау. Тақтадағы бағдаршам тұсына стикерлерге білген, түсінген, түсінуге қиын болған мәліметтерді жазып, жабыстырады.
Қабілетті оқушы мен деңгейі төмен оқушыны анықтау
«Бағдар-шам» әдісі
Үйге тапсырма
(2 минут)
Биология
оқулығы,
Кестелер.
Күнделік.
§ 19-20. Оқу, өз бетінше тест тапсырмаларын құрастырып келу. 103-беттегі кестені толтыру.
Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.
Директордың оқу ісі бойынша орынбасары: Каримбердиева Б.