- Учителю
- Плаундардың құрылысы, көбейюі және дамуы.
Плаундардың құрылысы, көбейюі және дамуы.
Сабақ № 37
Үлгілі сабақ
Тақырыбы: Плаундардың құрылысы, көбейюі және дамуы.
Сабақтың мақсаты: Плауындардың құрылысы, көбеюі, дамуы және олардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Плаунтәріздестердің жалпы сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері, көбеюі туралы білім қалыптастыру және толық мағлұмат беру.
Дамытушылық:Плаундардың көбеюі, олардың маңызы, құрылыс ерекшелігі туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыға плаундардың пайдасын мысалдар арқылы түсіндіре отырып, оны өмірде дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту.
Әдіс-тәсілі:Топтық жұмыс, ребус, постер, екі жұлдыз-бір тілек, телеграммасәйкестендіру тест, білем,білгім келеді, білмеймін.
Құрал-жабдықтар:Интерактивтік тақта, үлестірмелер, кесте, шығармашылық тапсырма т.б
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, карталар таңдау арқылы топқа бөліп отырғызу, зейіндерін сабаққа аудару.Топ басшысын таңдап, әр топқа бағалау парағы беріледі.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Теллеграмма №1. Жіберілген бос орындардың орнын толтыр.
1)Климаты аса қатал Арктика мен Антарктиданың бірқатар аудандарында ..................................ғана өседі.2) Мүктерді зерттейтін ғылым ...................... деп аталады. 3) .........................................- аласа болып өсетін көп жылдық, сирек жағдайда бір жылдық өсімдіктер.4) Тамырдың қызыметін ..................................................атқарады. «Ризоид»- бірнеше жасушалардан тұратын....................................сыртқы қыбықтың өсіндісі. 5) Ризоидтар арқылы өсімдік топырақтан ..........................................................................бойына сіңіреді.
Жауабы:№1
-
Жоғары сатыдағы өсімдіктерден мүктер
-
«Бриология»
-
Мүктәріздестер
-
Ризоидтар (гр. «риза»-тамыр, «эйдос»-түрі).Жіңішке жіп тәрізді
-
Суды және онда еріген минералды заттарды
Телеграмма № 2Жіберілген бос орындардың орнын толтыр.
1)Тамыр, сабақ және жапырақ өсімдіктің -.............................. , ............ ............... ....................- көбею мүшелері. 2) Жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуы .............................................кейінгі кезеңдерден тұрады.3)..........................................................................- спора арқылы көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. 4) Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер ....................... көбейеді. 5) ......................................... және жынысты жолмен суда ғана дамиды.
Жауабы №2
-
Өсімді мүшелері. Спорангий, гүл, жеміс
-
Ұрықтық және ұрықтан кейінгі
-
Мүк, плаун, қырықбуын, қырықжапырақтар
-
Тұқым
-
Мүктер өсімді, жыныссыз.
Телеграмма №3 Жіберілген бос орындардың орнын толтыр
-
Шымтезек мүгінің .............. түрі бар.Ол - ..................өсімдік.
-
Өте ылғалды жерлерде .......................және ....................., тікелей суды сабағы және жапырағы арқылы сіңіреді.
-
Шымтезек мүгі латынша ...................деп аталады.
-
Шымтезек мүгі ....................................................жолмен көбейеді.
-
Жынысты көбею ...................................жүзеге асады.
Жауабы №3
-
350-ден астам
Бірүйлі
-
Тамырсыз және ризоидсыз
-
Латынша сфагнум
-
Жынысты және жыныссыз
-
Споралар
Миға шабу
-
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерді ата?
-
Мүктер негізінен қандай жерлерде өседі?
-
Шымтезек мүгі туралы не білесіңдер?
-
Неге шымтезек мүгі ақ мүк деп аталады?
-
Қырықбуындардың құрылысы, дамуы, көбеюі.
-
Шымтезек мүгі ғаламшардың құрлық бетінің қанша пайызын алып жатыр?
-
Бриология ғылымының негізін қалаған кім?
-
Қырықбуындардың маңызы.
Жаңа тақарыпты түсіндіру кезеңі.
1.Қызығушылығын ояту.
Ребус шешу арқылы тақырыпты анықтап алу.
(оқушылар 5 мин.оқулықтан тақырыппен танысады.(Түртіп алу стратегиясын)Тақырыптан түсінгендерін постерге түсіреді, сөйтіп әр топ постерді қорғайды.)
Екі жұлдыз - бір тілек.
Топты бағалаймыз.(әр топ бір-біріне баға беріп, айтылмай қалған түсінгендерін қосады)
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс.(әр топқа биологиялық диктант беріледі.Бір-бірімен диктант парағын ауыстырып тексеріп бағалайды.)
15-мин. Тест жұмысы.(Бірін-бірінің тексереді, қателерін табады)
Қорытынды. Білдім, білгім келеді, білмеймін.
Үй тапсырмасы. S19 71-73 бет оқу
,