7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Ішек-қарын ауруларының алдын алу

Ашық сабақ Ішек-қарын ауруларының алдын алу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тарих пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың

әдіс-тәсілдері»



Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты - жан-жақты әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Жас ұрпаққа білім беру де, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың ең басты, ең қасиетті міндеті.

Болашақ ұстаз өзінің кәсіби парызын санасы арқылы түсініп, ішкі ұстанымына айналдырса ғана, бойында сенім, илану пайда болып, өз жұмысында үлкен жауапкершілік жүктеліп, балаға деген сүйіспеншілігі артады.

Ізденуші ұстаз бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп әрі қарай өз бетінше дамыта түсінуге жағдай жасау керек.

Еліміздің орта білім саласына енгізіліп жатқан жаңа реформа білімнің берілу сауаттылығы ғана емес, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі бәсекелестікте алатын орнына да қатысты. Бүгінгі білім саласындағы талап әлемдік озық үлгідегі білім беретін елдермен тәжірибе алмаса отырып оқыту. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі, халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие алуының негізгі құралы. Негізгісі оқушыларды мектеп бітіргеннен кейін өмірге бейім етіп, алған білімін өмірде кез келген жағдайда, қажетті жерде оңтайлы қолдана алатын тұлға ретінде оқыту болып отыр.

Елбасы Н.Ә Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі, заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдауына енді. Ол адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдыларының жиынтығынан құралады. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде тарих пәнінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін таныту, оларға идеялық-саяси, рухани -адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыру тарих пәнінің басты міндеті болып табылады. Көбінде балалар бұрын алған білімін өмірде қолдана алмайды; талдау жасап, содан нәтиже шығаруды білмейді; берген мәліметті жинақтай алмайды; сабақ мақсаттарын анықтап, сол мақсатқа жету жолын таба алмайды. Сабақ барысында оқушылардың аз сөйлеп, өз ойын нақты жеткізе алмауы осының барлығы үлкен проблема болып табылады. Яғни оқушыларда функционалдық сауаттылық дағдылары қалыптаспаған.

Осы мәселені шешу үшін білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, қасындағы досына құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, топпен жұмыс істеуге жетелейді, оқушылардың қызығушылығын оятады, барлық ескі ақпаратты басшылыққа ала отырып, мол ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін таңдап алады, мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады, сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге уйретеді. Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады.



1-кезең: «Қызығушылықты ояту». Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрыңғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты -оқушының белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.



2-кезең: «Мағынаны тану». Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі INSERT кестесі. Ол бойынша оқу тақырыбымен, мысалы 6 сыныпта «Сақтар тарихы» тақырыбымен танысу барысында,



Ү- білемін;

- - білмеймін;

+ - мен үшін жаңалық;

? - мені таң қалдырды;

белгілерін қоя отырып, мәтінді оқу тапсырылады. Оқушылар білетіндерін анықтап, 5 сыныпта өткенді естеріне түсіреді, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.



3-кезең: «Ой толғаныс». Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Бұл кезеңде оқушыларға «Тарихи диктант», «Венн диаграммасы», «Даталар сөйлейді» т.б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы қолданылған сабақтың нәтижесі төмендегідей болады.

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Тұлға құзіреттілігін дамыту - ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Жоғарыда айтып кеткендей мұғалім-бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатта мен өз сабағымда Блум таксономиясын да қолдануға тырысамын. Себебі Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін жетілдіріп, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.

Қорыта айтқанда тарих сабағында өзім қолданып жүрген оқыту технологиясын қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

- Оқушыларға еркін ойлауға мумкіндік береді;

- Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

- Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;

- Тіл байлығын дамытады;

- Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

- Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;

- Өз бетімен білім алатын, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.



Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» -деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.

Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру-білім беру мамандарына жүктелген үлкен міндет деп түсінгеніміз жөн.

Қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары 8 сынып "Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы"



Пәні

Қазақстан тарихы

Сыныбы 8

Өтілетін мерзімі





1

Тақырыбы:

Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.



2

Мақсаты:

ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы және қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы туралы білуі тиіс.

3

Күтілетін нәтиже:

1. Қазақстан өнеркәсібінің дамуының басымдылықтарын ажыратып көрсете алады.

2. Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайын ашып айта алады.

4

Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдер:

Мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, калаш жасау, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс.

5

Қолданылған модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы АКТ-ны, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, талантты және дарынды балаларды оқыту



6

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар мен сұрақтар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті



7

Кіріспе

Балалармен сәлемдесу, оқушылардың зейінін сабаққа аударту.

Оқушылармен амандасады, оқу шылардың назарын сабаққа бағыттайды.

Сабаққа дайындық, зейіндерін аударады.



8

Тренинг

«Таңғы жаттығу» сергіту сәті.

Мақсаты: Сергіту сәті арқылы оқушылардың бойларын жазу.

Интерактивті тақтадан жаттығуды жіберіп, барлығының да орындауларын сұрайды.

Өзара жылы қарым-қатынас орната отырып, бойларын сергіте отырып жаттығуды орындайды.



9

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін құрып,бойлары бойынша топқа бөлу

Мақсаты: Барлық сынып оқушылары арасында байланыс орнату.

Құрылған топтардың орындарына отыруын сұрайды.

Оқушылар топтарын анықтап, әркім өз тобына жайғасады.



10

Үй жұмысын тексеру

«Ыстық орындық» әдісі.

Өз еркімен келіп сабақ айтушыларды ортаға шақырады. Қосымша сұрақтар қойылады.

Оқушылар шығып өз білгендерінортаға салады, және қойылған сұрақтарға жауап береді.



















11



Жаңа сабақ



Интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы мен мақсаты беріледі.

Жаңа тақырыпқа өту мақсатында интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі.



Интерактивті тақтаға назар аудартып, көрсетілген суреттер бойынша балалардың сөйлеулерін сұрайды.



Балалар сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныса отырып, көрсетілген суреттер және қойылған сұрақ төңірегінде ойланып жауап береді.



12

Жеке жұмыс

Деңгейлік сұрақтар үлестіріледі.

Мұғалім оқушының деңгейін ескере отырып деңгейлік сұрақтарды таратады.

Берілген сұраққа іздене жауап береді.



13

Топпен жұмыс





Тақырып негізінде калаш жасау.

Алдын ала дайындалған суреттерді екі топқа бірдей етіп үлестіреді.

Оқушылар өздерінің бар шығармашылықтарын ортаға сала отырып, жұмыла тапсырманы орындауға кірісіп кетеді.

Жұптық бағалау

(жұлдызша,

жалау,

үшбұрыш)

14

Сабақты қорытындылау

Калаштарындағы суреттер бойынша сабақты қорытындылау сұрақтар қойылады.

Сұрақ қоя отырып оқушылардың толық жауап беруін өтінеді.

Калаш бойынша қойлған сұрақтарға жауап береді.



15

Үйге тапсырма

Пар.35 .Тарау бойынша қайталау.









16

Кері байланыс

Сұрақтар бойынша іске асырылады.

1. Өте қызықты

2. Қызықты

3. Мүлдем қызық емес

Кері байланыс парағы үлестіріледі. Сұрақтарға толық қанды жауап берулерін сұрайды.

Оқушылар сабақтан алған көңіл-күйлеріне байланысты сұрақтарға өз жауаптарын жазады.



17

Бағалау

Үй тапсырмасындағы «ыстық орындық» және жұптық бағалау бойынша жиынтық бағалары қойылады.

































5 сынып

Қазақстан тарихы



Сыныбы: 5

Күні:

Пәні: Қазақстан тарихы

Уақыты:

Сабақ тақырыбы

§4. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)

Жоспар

Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер» оқулығы -5 сынып, автор Артықбаев Ж.О. Сабданбеков Ә.Ә, Әбіл Е.Н Интернет материалдары

Жалпы мақсаты

1.Тас дәуірінің ерекшеліктері

туралы ақпарат беру

2. Палеолит дәуірінің тұрақтарының мәнін түсінуге үйрету

3.Бірлесіп жұмыс жасауға баулу

Күтілетін нәтиже

1.Тас дәуірінің ерекшеліктері

туралы білетін болады

2.Рулық қауымның шығу мен қалыптасуын

үйренеді

3.Бірлесіп жұмыс жасайды

Негізгі идеялар

Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарын пайдаланды. Еңбек құралдарын ,тас өңдеу техникасын,бұйымдардың өндірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін -палеолит, мезолит, неолит деп үш кезеңге бөледі





Тапсырмалар

1. Жұлдызды сұрақ қою

2.Топтық жұмыс (Тұжырымдалық карта)

3. Жұптық жұмыс (Жұқа және қалың сұрақтар)

4. Жеке жұмыс (Кесте)





Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (2-минут) зейінін сабаққа аудару

1.2. Топқа бөлу (Палеолит, мезолит, неолит адамы болып үш топқа бөлінеді тулары суреттеріне байланысты 3 топқа бөлінеді, ( 2 -минут)

ІІ. Жұлдызды сұрақ қою (3- минут)

Адамзат баласының шығу тарихы?

Ежелгі Қазақстан таиғаты?

Ежелгі адамдардың атауын түсіндір?























Бағалау:т Смайлик

II-Топтық жұмыс (Тұжырымдалық карта) (15-минут)





Қазақстан территориясы ерте тас дәуірінде (палеолит)

















Ежелгі Қазақстан аумағындағы палеолит адамдарының тұрағы

Қазақстанның Оңтүстігі

Ащысай





Орталық Қазақстан





Қазақстанның Шығысы

























Семізбұғы, Батпақ, Бұқтырма, Шүлбі, Ащысай, Майбұлақ, Қарабас

300 тас құралы

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

таныса отырып, үш топқа бөліп мәтінді оқып талқылайды.



Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді (әр топқа 1-минут).

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көшбасшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосуы









2

Өз міндетін атқаруы









3

Құнды идеяның айтылуы













III- Жұптық жұмыс (Жұқа және қалың сұрақтар) (10- минут)

Бүгінгі тақырып пен негізгі идеялар туралы, алдымен 5 минут әркім жеке ойланып, сосын,

5 минут топта талқылай отырып жұқа және қалың сұрақтар дайындаңыздар

















IV-Жеке жұмыс (Кесте) (5-минут)

Тас дәуірінің ерекшеліктері

Рулық қауымның шығу мен қалыптасуы







Тас дәуірінің ерекшеліктері

туралы әңгіме құрау





V. Кері байланыс (сұрақ, не үйрендім, не қиын болды) (3 минут)

Рефлексия (5минут)

Кейінгі тапсырмалар



Қазақстан территориясы ерте тас дәуірінде (палеолит)

Кейінгі оқу

Тас дәуірінің ерекшеліктері туралы әңгіме құрау





7-сынып



Сабақтың тақырыбы: «Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы»



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР



Апта:

Күні:



Сыныбы: 7 «а»



Пәні: Қазақстан тарихы



Сабақтың тақырыбы:

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қасымның хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, « Қасым ханның қасқа жолы » атты зандары, оның құрылымы туралы жан-жақты білім беру.

Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық намысын ояту, адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт- бағдар беру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, ойын еркін әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыланады.

Оқытуда қолданылатын модульдер:

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, СТО-ға үйрету, АКТ-ны қолдану, Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушыларға жас ерекшелігіне сәйкес білім беру.

Сілтеме:

Оқулық, әдістемелік нұсқау, хрестоматия, М.Х.Дулати «Тарих-и-Рашиди», Ш.Махмуд «Тарих-ишах Махмуд Бен мырза Фазил Чорас» шығармалары.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, электронды оқулық, ХV-ХVІІ ғ. Қазақ хандығы картасы, қосымша материалдар.

Сабақтың түрі:

Аралас

Сабақтың әдісі:

Сұрақ-жауап, тапсырмалар.



Мұғалімнің

іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті



І. Ұйымдастыру кезеңі:



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Кубизм» әдісі.























ІV. Жаңа сабақ:

1-тапсырма: «Өзара оқыту»





V. Жаңа сабақты бекіту:

2-тапсырма:

«6 қалпақ құпиясы»





















































3-тапсырма:

«Ғажайып жетілік»





Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылар суретті мозайкалар арқылы төрт топқа бөлінеді.



«Қазақ хандығының ішкі-және сыртқы жағдайы».

Оқушылар кубиктің алты қырындағы сұрақтарға жауап береді.



Кубизм сұрақтары

КІМ? НЕ? ҚАЙ? ҚАНДАЙ? ҚАНША? ҚАЛАЙ?



Қазақ хандығының негізін кімдер қалады?

Қазақ хандығының Шайбанилермен соғысы не сабепті ұзаққа созылды?

Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қай қалаларды өз қол астына қаратты?

Алғашқы кезде Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?

Сырдария бойындағы қалалар қазақтар үшін қаншалықты маңызды болды?

Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды?



«Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы»



Оқушылар өздеріне берілген мәтінді белгілі бір уақыт ішінде топ болып оқып, талдайды.

Жаңа сабаққа байланысты қалпақтардың түсіне қарай түрлі тапсырмалар беріледі. Әр қалпақтың ұпайы тапсырманың деңгейіне қарай белгіленген.



























Ақ қалпақ - Қасым ханның шығу тегі туралы...



Қызыл қалпақ - Қасым ханның орнында болсаң Қазақ хандығын қалай басқарар едің?



Сары қалпақ - Қасым ханның ел басқару саясатын қалай бағалайсың?



Жасыл қалпақ - Қасым хан туралы қандай деректер немесе зерттеулерді білесің?



Көк қалпақ - әуенді тыңдап әннің аты мен авторын ата ?



Қара қалпақ - мәтіндегі термин сөздерді тауып, мағынасын ашып айтып бер?

«Ғажайып жетілік»

Тақтада жеті қаланың суреті беріледі, қалалардың арттарында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

1.Сауран







7.Самарқанд





4.Сарайшық

2.Ташкент



5.Жетісу өңірі

3.Тегеран

6.Сайрам



1.Сауран қаласы қай ханның кезінде сауда орталығына айналды?

2. Қасым хан қай жылы Ташкент билеушісі Сүйініш қожаға қарсы соғыс ашты?

3. Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған, парсы тілінде жазылған «Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) атты қолжазбада Қазақ хандығы тарихына қатысты деректер көп ұшырасады. Қолжазбада Қасым ханды «Дешті Қыпшақ ханы» кейде «Дешті Қыпшақ патшасы» деп атайды. Бұл қолжазба қай жылы табылды?

4.Сарайшық қаласы туралы бейне сұрақ.

5.1514жылы кімнің Шығыс Түркістанға кетуімен, қазақ ханының Жетісудағы билігі нығайды?

6.Қасым хан қай жылы Сайрамды алды?

7. Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап, жеңіліп Самарқандқа қашты?

VІ.Бағалау:

Формативті бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:

Мен «Қасым хандығы қазақ мемлекетінің бастауы» тақырыбында эссе жазып келу.





Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7 сынып

Тақырыбы: Қимақ қағанаты

Мақсаты: IX-XI ғғ Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймағын мекендеген қимақ қағанатының тарихымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже: Тақырыпты түсінін оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар қимақ қағанаты мен өзге түрік халықтарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.

7 модульдің қолданылуы: АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл, Жигсо, Аквариум, Ойлан бірік, Бөліс, Эссе

Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,Түгендеу,Топқа бөлу.

Тренинг:«Мозайкаі әдісі бойынша, сурет арқылы сыныпты топқа бөлу

Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

Сабақ кезеңдері: Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

Білім: Қызығушылықтарын ояту

Миға шабуыл әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау

1. Оғыз мемлекеті қашан және қай аумақта құрылды?

2. Мемлекеттің құрамына қандай тайпалар кірді?

3. Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылысы қандай болды?

4. Оғыз мемлекеті сыртқы саясатта қандай мақсаттарды көздеді?

5. Оғыз мемлекетінің әлсіреуіне қандай жағдайлар әсер етті?

6. Мемлекеттің қолөнері мен шаруашылығы туралы не, білесің?

7.Оғыздардың қазіргі ұрпақтарына қандай халықьттар жатады?

Оқушы берген тапсырманы орындау

Түсіну

Жигсо әдіс бойынша тақырыптарды қаайталау арқылы: Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Оғыз мемлекеті

Өткен тақырыпты толық мңгеріп жаңа тақырыпқа қадам

Жигсо әдісі пайдалану

Ол үшін әр топқа арнайы тапсырмалар беріп, сол тапсырмалар төңірегінде оқушылар талдайды, пікір-аласау арқылы тапсырманы орындап түсінгендерін бір-біріне жеткізеді

1. Қимақ қағанатының тайпалық құрамы.

2. Жер аумағы.

3. Қағанаттың қоғамдық құрылысы.

4. Қағанаттың саяси жағдайы.

5. Шаруашылығы.

6. Қолөнері.

7. Мәдениеті.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып мағанасын ашу, түсіні білу

Топпен жұмыс жасау

Қолдану: Мағананы ашу арқылы Аквариум әдісін қолдану

Жаңа тақырыпты меңгерту үшін әр топқа арнайы ресурстар мен тапсырмалар тарату жаңа тақырып төңірегінде, жаңа тақырыпты түсіну үшін арнайы Аквариум әдісін пайдалану

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады, әр топтан оқушы шеңбер жасап отырған ортаға шығып өз ойын жеткізеді

Талдау: «Кiм жүйрiк» «Аялдама» ойыны

Бойынша тақырыпты ашу үшін тапсырмалар арқылы тақырыпты талдау

Жаңа сабақты түсініп мағанасын ашу, ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сақина саламақ әдісі арқылы әр топқа арнайы сұрақтар беру, олар сол сұрақ арқылы түсініктері салмақты түрде айта біледі

Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушыларға өзіндік жұмыс тапсырмалары беріледі.

1-тапсырма. Оқулық материалдарын пайдаланып қимақтар туралы тарихи деректерге талдау жасау тапсыры лады.

Қытай жылнамалары, Қытай тарихшысы Сыма Цянь Парсы тарихшысы Гардзи,араб жаэбаларын талдау. Бұл оқушылардың қағанаттың тайпалық құрамы мен құрылуы туралы мәліметтерді толық меңгере отырып, деректермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.

2-тапсырма. Қағанаттың қоғамдық құрылысына сипаттама беру.

Қаған -------

Ябғу --------

Шад түтік ------

Ұлы қаған, кіші, қаған, ябғу шад --

Қызметкер -------

Жатақ --------

3-тапсырма. Қимақ қағанатының саяси жағдайына салыстырмалы талдау жаса.

Қимақ қағанатының күшеюі не әсер еткен оқиғалар

Қимақ қағанатының әлсіре уіне әсер еткен оқиғалар

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Жинақтау

Эссе жазу арқылы сабақты жинақтайды

Топ бойынша тақырыпты жинақтау үшін тақырыпқа қатысты әңгіме құрастыру арқылы тақырыпты жинақтайды

· Қимақ қағанатының тайпалық құрамы мен құрылуы туралы қандай деректерді білесің?

· Картаны пайдаланып Қиақ қағанаты қазақстанның қай аймағфнда орналасқанын көрсет.

· Қағанаттың қоғамдық құрылысы туралы не білесің?

· Қағанаттың саяси жағдайындағы басты бағыт қандай болды?

· Қимақтарда қолөнердің қай саласы жақсы дамыған?

Әр топ өзара тақырыпқа қатысты қысқаша шағын әнгіме құрастырады ортаға шығып оқиды

Бағалау: Өзін-өзі бағалау (2 мин) Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпен бағалайды

Рефлексия: Стикерлерді толтыру Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру

Үйге тапсырма: 6 параграфты оқып келу

5 сынып

Қазақстан тарихы

Сыныбы: 5

Пәні: Қазақстан тарихы

Күні:

Уақыты:





Сабақ тақырыбы





§ 25 Қазақстан 1941 - 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы





Жоспары





Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер» оқулығы -5 сынып, автор Артықбаев Ж.О. Сабданбеков Ә.Ә, Әбіл Е.Н Интернет материалдары





Жалпы мақсаты



1.Ұлы отан соғысының басталуы және КСРО -ға қарсы Германияның фашистік әскери жоспары туралы мәлімет беру.

2.Ерлік батырлық ,деген сөздерінің мәнін түсінуге үйрету .

3. Өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу





Күтілетін нәтиже



1. Ленинград және Мәскеу үшін шайқастары туралы білетін болады.

2. Ерлік, батырлық, деген сөздерінің мәнін түсінуді үйренеді.

3. Өзгенің пікірімен санаса біледі.





Негізгі идеялар





Соғыстың алғашқы кезеңіндекеңес әскері кейін шегініп Украина, Белоруссия, Ресейдің еуропалық бөлігінің Мәскеуге дейінгі аумағы түгел дерлік жау қолында қалды. Отан соғысы тарихында қаһарман қала Ленинградты қорғауда және азат етуде кеңес халқы ерен ерлік көрсетті. Отан соғысында асқан ерлік көрсеткен қазақ батырлары.





Тапсырмалар





1.Топтық жұмыс (тұжырымдамалық карта)

2. Жұптық жұмыс (домино әдісі)

3. Жеке жұмыс (кесте )













Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы іс - әрекеті)

І.Ұйымдастыру

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (2минт) зейінін сабаққа аудару

1.2. Топқа бөлу (Мәскеу ,Укрина, Ленинград қалалар тулары суреттеріне байланысты 3 топқа бөлінеді,( 2 минут)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

Фашизм , агрессия туралы білу не үшін керек?

Фашизм, агрессиялық тәртіп қаншалықты қажет деп ойлайсыз?

Бұл соғыс неге Ұлы Отан соғысы деп аталды?

Қазақстан еңбекшілері өз еліне деген парызын қалай атқарды ол жайлы не айтасың?





ІІІ. Миға шабуыл (3 минут) Видеофильм

Бейнероликті зейін салып көре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

1 - сұрақ . Кім туралы айтылып не туралы көрсетілді?

2 - сұрақ. Негізгі мәні, айтар ойы неде?





ІV. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:













































Сабақтың мазмұнын топтастыру стратегиясы арқылы ашуға арналған тірек сызбалары:









1941 жылы қараш





















Б.Момышұлы

М.Ғабдуллин

Т.Тоқтаров





Р.Клочков «Ресей кең - байтақ бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва»











Мәскеу шайқасы



316 атқыштар дивизиясы



28 панфиловшылар







1942 жылы

азат етілді



















1941 жылы 8қараша

,

8 қыркүйек

















Ж. Жабаев «Ленинградтық өрендерім»





«Ленинградтық өрендерім»





310, 314 атқыштар дивизиясы



Ленинградшайқасы











900 күн жау қоршауында

болды

Әлия мен Мәншүк

















1943жылы 18қаңтарда жау қуылды















Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көшбасшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу









2

Міндетін атқару









3

Топтық жұмысқа атсалысуы













Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.





V. Жұптық жұмыс (Домино әдісі) ( 7 минут)

Конвертті ашып ішінде қиындыларды, құрастырып тапсырма орындалады.

1. Фашистік Германияның Кеңес еліне қарсы соғыс жоспары?

2. Бұл соғыс неге Ұлы Отан соғысы деп аталды?

3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында?

4. Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаст?

5. Панфиловшылар ерлігі туралы не білеміз?

6. Ленинград үшін шайқас?

7. Мәскеу және Ленинград шайқастарының қандай айырмашылықтары бар?

8. Ұлы Отан соғысынада асқан ерлік көрсеткен қазақ батырларына кімдер жатады деп ойлайсыңдар?

9. Ерлік, батырлық деген сөздерді қалай түсінесіңдер, сөйлем құраңыз ?



Жасалған жұмыстар 2 жұлдыз, бір ұсыныспен бағаланады.

Барлық жұптың пікірлерін тыңдау (бағдаршам арқылы бағалау).



VI. Жеке жұмыс «Кесте толтыру» (5 минут)

Қазақ батырлары

Мәскеуде қорғаған қазақстандық жауынгерлер ерліктері

Ленинград үшін шайқасқан қазақтың қос жұлдызы













Барлық жұптың пікірлерін тыңдау (бағдаршам арқылы бағалау).





Күні : 28.02.2015





Коучингтің тақырыбы:

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сілтеме:

Презентация, бейнероликтер

Жалпы мақсаттары:

Әріптестерімізді педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдасу. Мұғалімдерге оқушылардың айқындалған критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай бiлуге қол жеткізуін үйрету, өзiн-өзі бағалау және өзара бағалау үдерiстерiнің дамуына ықпал ету.

Оқыту нәтижесі:



Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі, критериалды бағалауды сабақтарында қолдана алады.

Негізгі идеялар

Бағалау бұрынғы тәжірибеміздегі сияқты оқыту мен оқудан кейінгі болатын үдеріс емес, оның ажырамас бөлігі екендігін меңгерту

Пайдаланған әдіс тәсілдер :

Миға шабуыл, БББ кестесі, Ойлаудың алты қалпағы

Ресурстар:

флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.

Тапсырмалардың түрлері

Уақыты

(90 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Оқушылардың іс -әрекеті

1. Тренинг «Сағат тілімен серіктес тап»

3 мин

Тренингті түсіндіреді.

1. Қолын қысыңыз

2. Арқасынан қағыңыз

3. Күлімсіреңіз

4. Қол бұлғаңыз

5. Көзіңізді қысыңыз

6. Бір тілек айтыңыз

7. Әуе арқылы сүй

8. Басынан сипаңыз

9. Массаж жасаңыз

10. Есімін дауыстап айтыңыз

11. Құшақтаңыз

12. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз

Ақ қағазға сағаттың суретін салып, 1 мен 12-нің аралығына қасындағы қатынасушылардың аттарын жазып шығады.

2. Топқа бөлу

2 мин

Мозайка арқылы

топқа бөлу

Мұғалімдер сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

3. Қызығушылықты ояту кезеңі. «БББ» әдісі.

5 мин



Бағалау дегеніміз не?



Әр мұғалім жеке «Білемін» бағанын толтырады.















Рефлексия

Кейінгі тапсырмалар

"Ешкім де ешқашанда ұмытылмайды" тақырыбында эссе жазу

Кейінгі оқу



Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда тақырыбын оқу.











4. Мағынаны ашу кезеңі .

15 мин

Тақырыпқа қатысты видеоролик көрсету. Миға шабуыл сұрақтары:

Бұл видео не туралы?

Оқушыларды ынталандыру қай түрде жүзеге асырылған?

Мұғалімдер сұрақтарға жауап беру арқылы коучингтің тақырыбын ашу.

5. Бағалау

10 мин

Қазақтың киіз үйінің макетін дайындау тапсырылады.

Әріптестер жасаған киіз үйдің макетін салып, топтарды бағалайды.

6. «Бағалау»

көрсетілім

10 мин

Бағалау туралы бағалау слайд.pptx</презентация көрсетіледі.

Тыңдайды, көреді.

7. Бағалаудың критерийін ұсыну.

5 мин

Бағалау критерийлерін береді

Берілген критерий бойынша киіз үйді бағалайды.

8. Сергіту сәті

5 мин

«Жеміс салаты» тренингі арқылы бойсергіту.

Оқушылар өздеріне берілген алма, апельсин, банан, киви деген атаулар бойынша орын алмастырады, артық адам жүргізушінің қызметін атқарады.

9. Критерий құру



10 мин

Әр топқа өз пәндері бойынша бағалау критерийлерін құрастыру тапсырылады.

Мұғалімдер пән бойынша бір тақырыптың бағалау критерийлерін құрастырады.

11. Топпен жұмыс

15 мин

«Сыныптағы бағалау» тақырыбына постер қорғау тапсырылады.

Топта талқылайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жұмысты бағалайды.



12.Кері байланыс. «БББ» әдісі.



5 мин

Бағалау дегеніміз не?



«Білмеймін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады.

13. Рефлексия

5 мин

«Ойлаудың алты қалпағы» арқылы бүгінгі өткізілген коучингті бағалау қажеттігін түсіндіреді.

Топ мүшелері алты қалпақ арқылы кері байланыс жасайды.



Шеберлік сынып жоспары:

Тақырыбы: Педагогтік іс-тәжірибенің түйінді функциялары

Мақсаты: Сыныпта мұғалімнің қолданатын технологиялармен озық әдістердің негізгі идеялары баяндалады, олардың ғылыми негіздері жайлы түсінік беру. Жас маманға жәрдем беріліп, ақпарат көздері ашылады.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер озық әдістердің негізгі идеяларын түсінеді, олардың ғылыми негіздері жайлы түсінік алады.

Әдіс-тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқуды бағалау және оқытуды бағалау, АКТ, Топтау, тренинг, миға шабуыл, еркін әңгіме. Сергіту сәті.

Ресурстар: Интербелсенді тақта, стикер, шар, түрлі-түсті қағаздар, маркер.

Шеберлік сынып барысы:

Амандасу. Ынтымақтастық орта қалыптастыру «Мен сізді көргеніме қуаныштымын, себебі...» тренингі

Топқа бөлу « Пайдалы дәрумендер» ойыны

І.Сабаққа дейін



1) Сабақ мақсаты

2) Күтілетін нәтиже

3) Көрнекіліктер

4) Топқа бөлу





ІІ.Сабақ кезінде

1) "Проблеманы айқындау" кезеңі

2) "Проблеманы шешу" кезеңі

3) "Проблема шешімін қолдану" кезеңі





ІІІ.Сабақтан кейін



1) Сабақты толықтыру (үй тапсырмасы)

2) Бағалау

3) Кері байланыс жасау

Мектептегі бақылау жасау барысында негізге алынған 5 маңызды нәрсе:

1) Мақсат қою

2) Басымдылық пен қажеттіліктерді анықтау

3) Уақыты болады (беріледі).

4) Кәсіби әңгімелесу, суретке түсіру, бейнежазбалар.

5) Рұқсат сұрау

Жоспарланған бақылаудың қандай артықшылықтары бар?

1. Мәлімет аламыз

2. Әдіс алмасамыз

3. Сыныптың білім сапасы анықталады

4. Жауапкершілікті сезінуге ықпал етеміз

5. Бақылаудан кейін мақсат айқындалады

6. Мұғалімнің стимулын арттырамыз

7. Қалыптасқан дағдының куәсі боламыз

"Ойлан, жұптас, талқыла" әдісі



1-топ

Оқытуда балалардың "тұжырымдаманы" жаттап алуын негізге аламызба немесе осы алған түсініктерімен не істей алатындарын негізге аламыз ба?

2-топ

Сіз ізденіске уақыт бөлесіз бе, әлде үнемі ізденісте болып, басқа нәрселерге уақыт бөлесіз бе?

3-топ

"Әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті...неге?

2. «Проблеманы шешу» кезеңі

Оқу мен оқытудың негізгі мәселелері:

Қалай десекте білім саласындағы негізгі мәселелер мынандай болады:



1) Мазмұн (не нәрсеге үйрену, үйрету керек?)

2) Әдістеме (қалай үйрену, үйрету керек?)

3) Нәтиже (не үшін үйрену, үйрету керек?)

Сабақтың үш кезеңдік құрылымы



1. Үйренушілер өздерінің бұрынғы білетіндерін естеріне түсіру арқылы білім игеруге ынталандырылады. Мұнда олар "танымдық тепе-теңсіздік" жағдайында болып, жаңа білімге деген қызығушылықтары пайда болады.

2. Екінші кезеңде үйренушілер дербес тұрғыдан танымдық әрекеттер атқарады. Ж.Пиаже "Балалар әрекет жасамай сөйлегенде бірін-бірі түсіне ме?" деген сұраққа "Баланың ойын түсіндіру үшін, оның әрекеттерінен бастау керек" деп жауап береді.

3. Үшінші кезеңде шәкірттер үйренгені жайлы ой толғайды, пікірлеседі, оларды талқылайды, осы әрекеттер арқылы ол жаңа түсініктер құрастырады.

Жаңаша оқуды ұйымдастыру

"Интербелсенді оқуды неден бастау керек?" деген сұраққа жауап бергенде, мен келесі ережелерді ұстану қажет деп есептеймін.

Ережелер:

- Сыныпты жұмысқа дайындау

- Топқа бөлу

- Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау

- Жұмыс ережелерін қабылдау

- Сенім мен жұмыс атмосферасын қалыптастыру

- Барлық үйренушілердің жұмысқа қатысуын қадағалау

- Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалу керек

- Диалогтік оқуды ұйымдастыру

- Жазбаша жұмыстар. Жазба жұмыстары-ойлаудың шырқау биігі

- Бағалау

- Кері байланыс

Сергіту сәті

"Арманда! Армандар орындалады!" ойыны

3. Проблема шешімін қолдану"кезеңі

Оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылау жұмысын ұйымдастырады.

- Сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды, қолданысы туралы ойланып, пікірлеседі.

- Өзінің жаңа біліміне баға береді, жаңа білімді нақты проблема шешуде қолданады.

1-топ

Топта жұмыс істеу ережелері

2-топ

Топтық жұмыстың тиімділігі мен маңызы

3-топ

Бүгінгі сабақтан алған түсініктеріңіздің төңірегінде сұрақтар дайындау

ІІІ.Сабақтан кейін

Сабақты толықтыру (үй тапсырмасы)

Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

Кері байланыс

Білемін. Білгім келеді? Білдім.



Коучинг тақырыбы:

«Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету»



Жалпы мақсаты:

Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесіне сүйене отырып, сындарлы оқыту арқылы оқушылардың жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. Сындарлы оқыту мектеп жүйесін жетілдірудің негізгі мәселесі екендігін анықтау.

Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру. Мектепте оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қолдау.

Оқу нәтижелері:

- Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сапалы оқыту мен оқу үдерісі туралы пікір алмасады.

- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, олардың айырмашылықтары мен қолдану әдістерін түсініп, тәжірибеде тиімді қолдана алу туралы түсініктері қалыптасады.

- Мұғалімдер коучингтен алған білімдерін өз тәжірибелерімен ұштастырады, білімдерін толықтырады.

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс. Диалогтық оқыту.

ОүБ және оқуды бағалау.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын,, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек..

Қажетті ресурстар

Интерактивті тақта, презентация «Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету », маркер, стикер, постер, «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді, бағалау парағы, «жұлдызша», «жүрек» пішінді стикерлар.

Тапсырмалар:

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс- әрекеті

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал туғызу

(3 мин)

Тренингтер.

2. Топқа бөлу

(5 мин)

Коучердің кіріспе сөзі: - Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт тәрбиелеу.

Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз.

1. Қатысушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, коучинг тақырыбымен таныстырады.

«Менің жетістігім...» тренингі

(Коучингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығына жүрек пішініндегі стикер таратылып, «Менің жетістігім...» деген тірек сөзге «Оқушыға білім беру мен тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдеріңізді пайызбен бағалаңыз» Әркім жазған пайыздары туралы пікірлерін айтады.)

Тренингтен кейінгі түйінді сөз:

Сұрактар:

Сіз неге осы пайызды көрсеттіңіз?

Осы жетістігіңізге қаншалықты қанағаттандыңыз?

2. «Танысу» тренингін ұйымдастыру, гүл шоғын сыйлау. Гүл шоқтары бойынша топқа бөлу

Мұғалімдер өз жетістктері туралы ой бөліседі. Ортақ шешімге келуге , ой түюге бағытталады.

Практикалық жұмыс

(10 мин)

Әр топқа ақ қағаз беріледі. Бұл сіздің алдыңызға келген парақтай таза оқушы. Осы оқушының бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?

Әзірленуге - 7 минут; қорғауға - 3 минут

Әр топ постермен жұмыс жүргізеді.

ІІ. Негізгі бөлім

3. «Қошқар мен теке» мульфильмінен үзінді.

(15 мин)

Сұрақ: 1. Мультфильм желісі бойынша екі кейіпкерді бүгінгі оқыту жүйесімен байланыстыра отырып, кімдердің рөлін берер едіңіздер?

Топта ақылдаса отырып, талдау. Қай топтағы қатысушының ойы сізге ұнады сол адамды жұлдызша арқылы бағалайсыз

1.Қатысушылар мульфильм желісі бойынша өз ойларын білдіреді. Топпен талдайды.

2.Ұнаған қатысушыға жұлдызша береді.

V . Сергіту сәті

(2 минут)

Би жаттығулары

Қимыл жасау

Презентация

(15 мин)

«Жеті модуль- табысты оқытуға бағыт» презентацияланады.

Презентация қарайды.

4.Топтық жұмыс:

"Суреттер сөйлейді" әдісі

(15 мин)

Әр топқа суреттер беріледі. Мұғалімдер топта суреттерді сөйлетеді. (тапсырмалар эссе, мәтін, әңгіме, диалог,бес жолды өлең )

Тақырып бойынша дайындалып, оны қорғайды.

5. Бағалау

(3 мин)

Бағалау парағын ұсыну

Топтар бірін-бірі бағалайды

Мақсаты:

Коучинг барысында жасаған жұмысты қорыта білу

Міндеті:

Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге жұмылдыру;Кері байланыс орната алу.

Әдісі:

Өлең шығару

(7 мин)

«Кейін» бағанын толтыру

(5 мин)

«Өлең жолдары» стратегиясы

Ұстаздарға адасқан өлең жолдары беріледі, сол бойынша ұстаздар өлең жолдарын дұрыс құру тапсырылады

«Дейін-кейін» стратегиясы

Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «Дейін-кейін» бағанасын толтыруды сұраймын.

Мұғалімдер «кейін» бағанын толтыра отырып, кері байланыс жасайды

Кері байланыс

(5 мин)

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін беру

Өз пікірлері мен тілектерін смайликтерге жапсырады

Коучердің қорытынды сөзі:

(3 мин)

Мұғалімде Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген. Шульманның "үш көмекшісі" бір мұғалімнің бойынан табылғанда ғана,құзырлы мұғалім болып саналады десек қателеспеспіз. Табысты мұғалімнен білім алатын табысты оқушыларымыз көбейе берсін!!!

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», - дейді грек оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Оқушы бізді осындай қалыпта көрсін!







Коучинг №1

Күні: 10.09.2014 ж

тақырыбы

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігі.

Модуль

Білім саласындағы жаңа қадам:

1.«Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану»

Стратегия

Презентациялар, «Алты қалпақ» тәсілі, «Жылқылар» жаттығуы, «Балмұздақ» әдісі, «Миға шабуыл» стратегиясы, Инсерт стратегиясы, «Эссе» стратегиясы, концептуальды карта жасау, «Идеялар мен проблемалар себеті» стратегиясы, «Өрмекші» стратегиясы, бейнебаяндар, үш түрлі стакандар т.с.с.

Мақсаты

АКТ-ды күнделікті сабаққа қолданудың маңыздылығын, осы құралдар көмегімен балалар әлемін танып біліп, балалардың ойымен ойлай алу қабілетіне ие болуға, олардың ғаламтордағы тіршілігінен хабардар бола білуге және мұғалім жұмысын автоматтандыру үшін арналған тиімді тәсілдерін білдіру, қажеттілігін мойындату.

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер оқушыларды оқытуда АКТ-ды қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігіне көз жеткізеді. ХХІ ғасыр мұғалімдеріне қойылатын негізгі талаптардың бірі екендігін біліп, өз тараптарынан АКТ-ды игеруге бағытталған стратегиялық жоспарларын айқындап алады.

Ресурстар

Интерактивті тақта, маркер, қалам, әр түрлі пәндерден алынған қысқа мерзімді жоспарлар, себеттер, топтардың аттары, сабақтардағы АКТ қөмегімен қолданылған әдіс-тәсілдер фрагменттері.

Коучинг барысы

Коучингті өткізу этаптары

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-ірекеті

Оқу үшін

бағалау

Ұйымдастыру бөлімі

3-минут

Шабдалы шырынын ішіп отырып, жаңа технологиялар жетістіктері туралы «3D басып шығарғыштары» бейнебаянды көрсету

Коуч таратқан бокалдар түстеріне қарай үш топқа бөлініп отырады.

1.Педагогикалық

2.Мазмұндық

3.Технологиялық

Қытай елінің 3D басып шығарғыштары (принтер) арқылы үйлер салып жатқанына тамсануы керек.

«Жылқылар» жаттығуы

2-минут

Коуч әр түрлі жылқылардың суретін таратып, оған өз аттары мен өзінің ең жақсы қасиеттерін жазуды өтінеді. Ол суретті қасындағы әріптесімен ауысып, әріптесі туралы толықтырып жазуын сұрайды. Сосын суретті иесіне қайтаруды ұсынады.

Коуч айтқандай барлық мұғалімдер өздері туралы мәлімет жазып, әріптесі туралы да пікір жазып, кейбіреулері таңырқап қалады. Осы ойларымен бөліседі.

Жылқылардың суреті компьютер көмегімен салынғанына тамсануы керек.

Коучтың кіріспе сөзі.

5-минут

«Коуч», «Коучинг сессия» ұғымымен таныстыру.

Тақырыптың өзектілігі мен қажеттілігін дәйектеу. АКТ деген не екенін білдіру.

АКТ қажеттілігі мен маңыздылығы туралы пікір талас жүреді.

«АКТ-ны қажеттілігіне қарай қолданамын, тиімділігіне қарай қолданамын» деген қалыптасқан дәстүрлі пікірлерін еске түсіріп, сауалнама қорытындысымен танысуы керек.

Тапсырма №1

«Тақырыптың концептуалдық картасын құру» 8-минут

Тақырыпты ашатын маңызды бөліктерге бөлуді және ол бөліктерді тағы басқа бөліктерге бөле отоырып, тарамдауды ұсынады. Әр бөліктерді толықтырушы мәнмәтін жазуға болатынын ескертеді.

Топ мүшелері ақылдасып, өз ойларын түйіндеп, параққа жазады.

Орталарынан спикер сөйлеп картасының мазмұнымен таныстырады.

«Өз ойларында қалады»

Тапсырма №2

«Балмұздақ» әдісі

5-минут

Коуч «балмұздақ» әдісі арқылы тапсырманы орындауды түсіндіреді.

Коуч әр топ спикерлерінен проблемалық сұрақтардың көшірмесін «Идеялар мен проблемалар» себетіне тастауын сұрайды.

Әр топ АКТ-ды пайдаланудағы проблемалық сұрақты айқындап, балмұздақ пирамидасын толтырады.

Спикерлер сұрауларын себетке салады.

Проблемалық сұрақтардың тақырыбы ортақ болып шығады.

Өз пікірлеріне күмәндану

Тапсырма №3

«Миға шабуыл»

5-минут

Оқушылардан алынған сұхбатты проектордан көрсету.

Коуч осы сұхбаттағы оқушы қажеттілігіне қарай құрылған критерилерге сәйкес мұғалімдерден өзін-өзі бағалауын сұрайды.

Оқушылардың төмендегі сұрақтарға берген жауаптарын тыңдайды?

1.АКТ-ды сабақта қолданған ұнай ма?

2. АКТ-ды сабақта қолданған әр түрлі пәндерде кедергі келтірмей ма?

3.Компьютерлік сауаттылықтың теңсіздігі оқуға әсер ете ма?

4.Интерактивті тақта мен компьютерлерді қолданудың қандай тиімділігі бар?

5.Қандай жұмыстарды АКТ көмегімен жасайсыңдар?

1.Бейнебаян қолданамын

2.Пәніме кері әсері

3.Пәніме оң әсері

4.Тақтаны пайдаланамын

5.Тест құрамын

6.Компьютер пайдаланамын

7.Автоматтандырылған

8.Ізденудемін

9.Үйренудемін

10.Дыбыс жазамын

Критерилер бойынша өзін өзі бағалау

«Ой қозғау» әдісі

5-минут

АКТ-ды сабақта қолданудың тиімді тәсілдерін көрсету.

Коуч әр түрлі пәндердегі пайдаланылған тиімді тәсілдерді презентациялардан, бейнебаяндардан, флипчарттардан фрагменттер көрсетеді.

Мұғалім өзіне қажет ақпаратты немесе жаңа тәсілдерді түртіп, жазып отырады.

АКТ қолданудың қол жетімді мүмкіндіктері айқындала бастайды.

Мұғалімдер АКТ-ды оқу мен оқытудағы маңыздылығы мен қажеттілігіне көздері жетеді

Мишра мен Келер 2006ж.

4-минут

Коуч теориялық түрдегі материалдарға слайдттық түрде шолу жасап, «АКТ-ды оқу мен оқытуда пайдалану» модуліне кең көлемде тоқталып өтеді.

Тыңдайды

Өз тараптарынан жеке сұрақтар болса қояды.

«Өз білімін жетілдіру» дәптер үлгісін жазып алады.

Басбармақ арқылы қажеттілігі мен маңыздылығына баға береді.

Тапсырма№4

«Өрмекші» әдісі бойынша жұмыс

3-минут

Әр топқа жіп таратады.

Әр топ алған білімдерін тоқиды.

Тапсырма№5

«Алты қалпақ»

3-минут

Коуч «Алты қалпақ» таратады.

Мұғалімдер қалпақтың түсіне қарай ойларын айтады.

Басбармақ арқылы маңыздылығы мен қажеттілігін бағалайды.

«Кульминация»

2-минут

Қысқа мерзімді жоспар береді.

жаңа технологияларды қысқа мерзімді жоспарға кіріктіреді.

Күнделікті АКТ пайдалану маңызды да, қажет те екендігін мойындайды.

Коуч стикер таратады.

Қалыптастырушы сұрақтар қою

3 минут

Коуч әр топқа сұрақтар қояды.

Қолыңыздағы ұялы телефонды қалай үйренгеніңіз туралы айтып беріңізші?

Компьютерде жұмыс істеуді «компьютерлік сауаттылық» сертификатын берген орыннан біліп шықтыңыз ба? Компьютерді оқып үйрену үшін күнделікті бір сағат отырған тиімді ме, жоқ әлде арнайы курстарға барған дұрыс па?

Интерактивті тақтаны ашық сабақтарда ғана қолданған тиімді деп ойлайсыз ба?

Мұғалім жұмысын автоматтандыру керек пе, жоқ әлде қағазға жазған тиімді ме?

Мұғалімдер компьютер мен интерактивті тақтада жұмыс істеуді үйрену немесе оның мүмкіндіктерін күнделікті пайдалана алуға дағдылану өз қолдарында және оған күнделікті бір сағат уақыт бөліп, проблемалық сұрақтарға қарай іздену керектігін айтады.

Басбармақ арқылы маңыздылығы мен қажеттілігін бағалайды.

«Ізденген жетер мұратқа»

«Басыңа түссе баспақшы»

«Техниканы көп пайдаланған сайын, көп біліп шығасың»

Кері байланыс

сұрақтарына жауап алу 3 минут

Сұрақтарды таратып береді

Жазбаша жауап береді





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал