7


  • Учителю
  • Конспект по биологии 'Өркендер мен бүршіктер'

Конспект по биологии 'Өркендер мен бүршіктер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«№ 4 орта мектебі»мм

Нурмухамбетова Гулшат Жоламанкызы

Биология кабинетінің лаборанты


Сабақтың тақырыбы: Өркендер мен бүршіктер.

Сабақтың мақсаты: Өркендер мен бүршіктер, бүршіктердің түрлері мен атқаратын қызметтері туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімдік: Өркендер мен бүршіктер, бүршіктердің түрлері мен атқаратын қызметтері туралы мағлұматты берілген табиғи материалдарды тиімді пайдалана отырып ,өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету.

2. Дамыту: Табиғи материалдар мен суреттері бойынша өсімдік бөлімдерін

ажырата білу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Өркен мен бүршік туралы нақыл сөздерді пайдалана отырып, ойын жүйелі жеткізуге,топпен жұмыс жасауға,өзгенің және өзінің білімін бағалай білуге, әдептілікке баулу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.Проблемалық,зерттеу.

Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,сұрақ-жауап,зерттеу, талдау, көрсету,жазғызу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивті , маркерлі, жай тақталар, видеопроектор, ұлғайтқыш әйнек, үлестірмелі табиғи заттар: өркен түрлері,түйнек, пиязшық, тамырсабақ, қосымша материалдар,оқулық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру./3мин/:

-Сәлеметсіздер балалар.

-Бүгінгі сабақта кім жоқ.

-Сабаққа бәріміз дайынбыз ба?

-Жақсы,олай болса бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Біз бүгін сабақта топпен,жұппен,ұжымдық жұмыс жасаймыз. Дырынды мектепте оқитындықтан біздің оқушыларымыз шетінен дарынды,зерек,алғыр,тапқырлар деп сынып оқушылары 3-топқа бөлінеміз :

1-топ:Білімділер тобы.

2-топ:Зеректер тобы.

3-топ:Тапқырлар тобы.

Бүгінгі сабақтың негізгі ережесімен сіздерді таныстыра кетейін:/1-слайд/

-Бір-бірімізді тыңдай білу.

-Тәртіп сақтай білу.

-Өз пікірін ашық айту.

-Есте сақтай білу.

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:Өркендер мен бүршіктер.

/2-слайд/

Мақсатымыз: Өркендер мен бүршіктер, олардың түрлері мен атқаратын қызметтері туралы мағлұмат алу. (Дәптерлеріне тақырыпты жазғызу.3мин.)

Оқушылар бүгін біздің сабаққа басқа ғаламшар өкілдері келіп отыр,олардың бізге сұрақтары бар екен: /3-слайд/

1.Жер планетасына оттегін бөліп отырған ормандар қалай көбейіп жатыр?

2.Неге сіздердің мектеп өркен деп аталғандығын білгілері келеді екен.Сол үшін арнайы біздің интеллектуалда мектебімізге келіпті.

Қалай жауап бере аламыз ба?Ол үшін біз бүгінгі сабақты өзіміз жақсы меңгеріп алуымыз қажет.

Сабақты бастамас бұрын мына кестені толтырып жіберейік.

Сіздерге сұрақ:-Өркен мен бүршік туралы не білесіңдер?

-Олардың қандай маңызы бар?

-Олар туралы не білгілерің келеді?(әр оқушы өз кестесіне 2-3 жауап жазады)

Білемін

Білгім келеді

Білдім

Өркен менің досым

Өркен,бүршік деген не?

Өркен біздің мектеп

Олардың қандай түрлері бар?

Өркен бизнес центр

Қандай маңызы бар?

Сұрақтарға жауап беру үшін оқулықтың 36-бетін ашыңдар,Өркен мен бүршік мәтінін қазыр топқа бөліп оқып шығамыз,жұппен талқылаймыз./нұсқау бойынша мәтінмен жұмыс жасау.3-мин./

Жаңа сабақты меңгеру./15 мин/ Ой қозғау бөлімі. /4-слайд/

1-топ:Өркен,оның түрлері./қосымша материалдар беріледі./

2-топ:Бүршіктің түрлері.

3-топ:Бүршіктің құрылысы.

Мәтін бойынша оқушылар сұрақтарға жауап бере ,алдыларындағы үлестірілген табиғи материалдырды пайдалана отырып жаңа сабақты өз беттерінше меңгереді.

Жаңа сабақты меңгеруге арналған бағыттаушы сұрақтар:

Жалпы сыныпқа сұрақ:

1.Өсімдіктердің қандай мүшелерін білесіңдер?

2.Өсімдіктердің мүшелерін қандай топтарға бөлеміз?

3.Генеративті мүшелерге қай мүшелері жатады?

4.Вегетативті мүшелеріне ше?

5.Мәтін не туралы екен?

1-топқа сұрақ: /5,6-слайд.Өркен,оның құрылысы/

1.Өркен дегеніміз не екен?/алдыңдағы табиғи материалдан алып көрсет,бәріміз өркенді табамыз/

2.Өркеннің қандай бөліктерден тұрады?/өркеннен тауып көрсету/

3.Өркеннің қандай түрлері бар?/сызғышпен өлшеп ұзарған өркен мен қысқарған өркенді салыстырып,көз жеткізу/

4.Және қандай түрін өзгерткен өркендер бар екен?/пиязшық,түйнек,тамырсабақты көрсетіп айтып кету/

5.Өркен өсімдітің қандай мүшесіне жатады ?/слайдтан көрсету/

2- топқа сұрақ:

1.Бүршіктің қандай түрлері бар? /слайдтан көрсету/

2.Төбе бүршік деп қай бүршікті айтамыз?/өркеннен орнын табу,слайдтан көрсету/

3.Қолтық бүршік деп ше?

4.Қосалқы бүршік ше?

5.Бұйыққан бүршіктің басқа бүршіктерден айырмашылығы неде?

3-топқа сұрақ: /7,8,9-слайд.Бүршік,оның құрылысы./

/Алдарыңдағы үлғайтқыш қол әйнегін алып бүршіктің сыртқы құрылысына,түсіне,пішініне зейін салып қараңдар./

1.Бүршіктің сыртын не қаптаған,ол қандай?

2.Бүршіктің ішкі жағында не бар екен?

3.Бүршікен не дамиды?

4.Бүршіктің қандай түрлері бар?Оларды сартқы пішінінен қалай ажыратуға болады?/слайдтан көрсетіп айтады/

5.Гүл бұршігі мен жапырақ бүршігінің айырмашылығы қандай?

6.Сонымен бүршік дегеніміз не болды?

/Сұраққа дұрыс жауап беріп ,дәлелдеген оқушыға 2 балдан беріледі



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал