7


  • Учителю
  • Урок по экологий на тему 'Атмосфераны ластайтын зиянды заттар' (8 класс)

Урок по экологий на тему 'Атмосфераны ластайтын зиянды заттар' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы:Атмосфераны ластайтын зиянды заттарСабақтың мақсаты:Білімділік:Атмосфераны ластаушы заттар:табиғи және антропогендік іс-әрекет нәтижелері туралы түсінік беруДамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін білімін дамыта отырып оқытуТәрбиелік:Оқушыларды атмосфераны қо
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:Атмосфераны ластайтын зиянды заттар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Атмосфераны ластаушы заттар:табиғи және антропогендік іс-әрекет нәтижелері туралы түсінік беру

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін білімін дамыта отырып оқыту

Тәрбиелік:Оқушыларды атмосфераны қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының қүрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдар болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 108 кішігірім метеорит түседі. Жерде атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн.тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиусы 106-105м шамасындағы бөлшектерден тұрады.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қорғаныш ортаға әсер етін ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.

Сабақты бекіту сұрақтары:

-атмосфераның табиғи жолмен ластануы

-атмосфераның антропогендік ластануы

-ластанудың алдын алу жолдары

Қорытынды

Үйге тапсырма:Табиғи және антропогендік жолмен ластанутүрлері туралы реферат жазу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал