- Учителю
- Открытый урок, планирование 'Жемістер' (6 класс)
Открытый урок, планирование 'Жемістер' (6 класс)
Күні:25.11.15
Класс:6 «ә»
Пәні:Биология
Cабақтың тақырыбы:Жемістер.Жемістердің түзілуі
Сабақтың мақсаты:Сабақты түсіндіре отырып жемістермен және олардың түрлерімен таныстыру.
Білімділік: жемістердің түрлерімен таныстыру, адам үшін маңызын түсіндіру.Жемістер жайында жалпы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге және ұқыптылықпен тазалыққа , жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін,есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:слайд,суреттер,жеміс мүсіндері
Сабақ беру әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Сынып оқушыларын түгелдеп,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру: «Білім минуты»
-
Тозаңдану түрлері қандай?
-
Өздігінен тозаңдану дегеніміз не?
-
Айқас тозаңдану дегеніміз не?
-
Ұрықтану жолын түсіндіріңіз.
-
«Ұшқыр ой» кезеңінде оқушылар берілген сипаттамаларды тозаңдану түріне қарай орналастыру керек:
Ерекше белгілері
Бунақденелілер арқылы
Жел арқылы
Гүлдері өте ұсақ, реңсіз
+
Гүлінде шірнесі бар
+
Тозаңы ірі, сырты кедір-бұдырлы
+
Тозаңы құрғақ, өте ұсақ
+
Гүлі аңқыған хош иісті
+
Гүлінде шірнесі жоқ
+
Гүлдері ірі, күлтелері ашық реңді
+
Гүлдерінде иісі болмайды
+
Майда гүлдері ірі гүлшоғырына жиналған
+
III.Жаңа сабақты меңгеру: Өсімдікте гүл орнына не түзіледі? /жеміс/
Шырынды жемістер шырыны мол,жұмсақ болады.Олар кестедегідей үш түрге бөлінеді.Жидек:жемістің сыртқы қабығы жұқа,жұмсақ,ішінде тұқымдары көп болады. Мысалы:қызанақ,жүзім,қарақат,картоп,баклажан жемістері.
Жидек тәрізді жемістер:көп ұялы және көп тұқымды болып келеді.Жемістің сыртқы қабаатында эфир майы көп,сары,қызғылт-сары түсті.Ол оңай ажыратылады.Сыртқы қабаты жеміс қабығын түзеді.Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ,кебу,ақ түсті.Ішкі қабаты етті,қалың,шырынға толы.Мысалы:апельсин,мандарин,лимон.
Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа,ортаңғысы қалың етті-шырынды,ішкі қабаты- қатты сүйектенген.Сүйекті жемістердің құрғақ түрі де кездеседі,мысалы,бадам,грек жаңғағы,кокос пальмасы және т.б.
Құрғақ жемістердің қабығы қатты,сүректенген,құрғақ болады.Мысалы:бұршаққын,бұршаққап,қауашақ,қанатты жеміс,дән,тұқымша,жаңғақ.
Жемістерді пайдаланар алдында әр адам жеке бас гигиенасын сақтау қажет,яғни жуып,сүртіп жеу керек.
IV.Бекіту:
ББҮ әдісі,постер құрастыру,топтық және жеке жұмыс арқылы.
V. Үй тапсырма:
§ 23.Жемістер,84 беттегі кесте
VI.Бағалау: