7


Сыныптан тыс сабак Дарабоз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

№1 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектеп



















Сыныптан тыс сабақ

«Дарабоз-2012» сайысы















Жүргізген биология пәнінің мұғалімі:

Алимбекова М.Е





















Мақсаты: балалардың сабақтан алған білімдерін қайталау, жинақтау, іздену және шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге ықпал ету.

Сабақтың барысы: әр сыныптан 1-2 оқушыдан алынды.

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына, Жастарымыз ұмтылар,

Бөленген әр кез нұрына. Жеңістің биік шыңына, - дей отырып білім сайысына түсетін сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Сайыс шарттары:

1.Белестен өту 5. Ой өрбіту

2. Биологиялық домино 6.Ғажайып жетілік

3. Еңбек түбі- зейнет 7. Жұмбақ зат

4. Тіл мерген

Әр сайыстан ұпайы аз оқушы шығарылып отырады. Ал, сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз.

Ағыңнан жарыл сыр бүкпе Досыңа адал бола біл,

Жол тапқын қиын тірлікте, Береке басы бірлікте- дей отырып, «Белестен өту» бөлімін бастаймыз.

Бұл бөлімде сайыскерлерге осы 10-шы сыныпта өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар оқылады.

  1. Макроэлементтерге қандай элементтер жатады ? ( оттек, сутек, көміртек, азот)

  2. Мидың ақ затында кездесетін элемент.( Молибден)

  3. Органикалық заттарға не жатады? ( көмірсу, май, нәруыз)

  4. Бейорганикалық заттарға не жатады? (су, минералды тұздар)

  5. Жасушаның қанша пайызы судан тұрады? ( 75 пайызы)

  6. Табиғатта көп таралған моносахаридтерді атаймыз.( глюкоза, фруктоза)

  7. Полисахаридтерді атаймыз ( крахмал, целлюлоза, гликоген)

  8. Нәруыздың неше реттік құрылымы бар? ( 4)

  9. Бұлшық ет нәруызы қалай аталады? (Миозин)

  10. 1 г нәруыз ыдырағанда қанша энергия бөлінеді? (17,6 кДж)

  11. Пуриндік негізге қандай нуклеотидтер жатады? ( А,Г)

  12. Редупликация дегеніміз не? ( ДНҚ молекуласының екі еселенуі)

  13. Лигаза қандай фермент? (ДНҚ үзінділерін біріктіретін фермент)

  14. РНҚ-ның түрлерін ата.( аРНҚ, тРНҚ, рРНҚ )

  15. Мембраналы органоидтерді ата? ( эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, лизосома, митохондрия)

  16. Мембранасыз органоидтерді ата? ( жасуша орталығы, рибосома, вакуольдер)

  17. Эндоплазмалық тор қаншаға бөлінеді? (2)

  18. «Ас қорыту» мүшесі деп аталатын органоид. ( лизасома)

  19. Митохондрияның негізгі қызметі қандай? (энергия көзі)

  20. Пластидтердің 3 типін ата.( хлоропласт, хромопласт, лейкопласт)

  21. Рибосоманың негізгі қызметі? ( нәруыз молекуласын синтездеу)

  22. Гистон дегеніміз не? ( хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз )

  23. Бактериофагтар дегеніміз не? ( бактерияларды зақымдап, ерітіп жіберетін вирустар )

  24. Хемосинтез қандай процесс? ( Бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтезделетін процесс )

2. Биологиялық домино.Ойынның шарты конвертте жасырылған қималардан органоидтерді құрастыру қажет және органоитді атау керек.

Көз сүзіп тамсанып қарма құр,

Байлыққа жету үшін керек ақыл.

Талпынған, талаптанған, еңбек еткен,

Еш кетпес маңдай теің табан ақың.

« Еңбек түбі - зейнет».Шарты: қойылған сұрақтың қай ғалымның еңбегі екенін табу қажет.

  1. « Әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуінен пайда болады» деген ғалым. ( Р. Вирхов )

  2. Электрондық микроскопты ойлап тапқан ғалымдар. ( Девисон мен Калбек)

  3. « Көмірсу» терминін енгізген ғалым. ( К.Шмид)

  4. Нәруыз молекуласын тұңғыш рет зерттеген кім? ( Я. Беккори)

  5. Пептидтік байланысты ашқан ғалым. ( Э.Фишер)

  6. Аспарагин аминқышқылын анықтаған ғалымдар? ( Р.Воклен мен К.Робике )

  7. « Орақ пішінді жасушалы анемияның» пайда болу себебін анықтаған кім? ( Л.Полинг)

  8. ДНҚ полимераза ферментін ашқан ғалым. ( Артур Корнберг)

  9. Эндоплазмалық торды ашқан ғалым. ( К.Портер)

  10. Лизасоманы ашқан ғалым ( Де Дюв)

  11. Митохондрия органоидін ашқан ғалымдар ( Келликер, Р.Альтмон, К.Бенда )

  12. Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар

( Тереховский, Пастер, Мечников, Виноградский)

  1. « Тіршілік» дегеніміз- нәруызды денелердің өмір сүру тәсілі» деп айтқан кім? ( Ф.Энгельс)

Білімді мыңды жығады, Алдағы білім шыңына,

Білікті бірді жығады. Ең білімді шығады.

Келесі кезекті « Тіл мерген» сайысына береміз. Бұл кезеңде сайыскерлерге сөздері қалып кеткен мақал-мәтелдер беріледі. Сол сөздерді орысша,ағылшынша тілде айтуы керек.

  1. Тәні саудың- ... сау. (жаны, душа,soul )

  2. Адамды адам еткен ....( еңбек, труд, labour )

  3. Денсаулық - зор .... ( байлық, богатство, riches )

  4. ... - денсаулық кепілі. ( тазалық, чистота, clean )

  5. Мектеп- кеме, білім- ....( теңіз, море , sea)

  6. Қорада малың болсын, көшеде ... болсын. ( тал, дерево, tree)

  7. Мақтаның анасы жер, атасы ....( су, вода, water)

Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып.

Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр,

Қызықты қып ой өрбіту кезеңін- ендігі кезекті есепке береміз.

  1. Жасыл эвгленаның ядросындағы екі еселенетін ДНҚ молекуласының бір тізбегі мынадай нуклеотидтерден басталады ЦГГТТАЦЦАА. Осы тізбекке сәйкес нуклеотидтер қатарын табыңдар.

  2. Қара көзді жігіт, көк көзді қызға үйленеді. Олардың балаларының көзі қандай болады?

  3. Әкесінің қаны ІІ топқа, шешесінікі ІІІ топқа жатады. Баларының қан топтары қандай болуы мүмқін?

  4. Адамда тұқым қуалайтын таскерең ауруын рецессивті ген бақылайды. Осы ауру мен ауыратын еркек, дұрыс еститін әйелге үйленген. Балалары қандай болады?

  5. ДНҚ молекуласының бір тізбегінің кесіндісінің құрамы АГТ-ЦЦЦ-АЦЦ-ГТТ нуклеотидтерден тұрады. Осы ақпаратқа сүйеніп, екінші тізбегін құрыңдар және кесіндінің ұзындығын анықтаңдар.( 4,08)

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емеспе тілегі елдің.

Бүгін осы сайыста жеңіске жет,

Білімді, әрі білікті жас жеткіншек, - деп кезекті келесі сайысымызға береміз « Ғажайып жетілік» сайыскерлерге жеті түрлі пән бойынша сұрақ беріледіі әр сайыскер пәнді өзі таңдайды.

Әдебиет

« Бүгін менің, туған күнім,

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәңірдің бір жарытпай -ақ қойғаны-ай» өлең жолдарының авторы кім?

( М.Мақатаев)

Математика

Математикаға х,у,z- ті енгізген ұлы ғалым-математик.( Рене Декарт)

География

Жер шарын бірінші айналып шыққан саяхатшы .( Магеллан)

Химия

Кір сабындағы қышқыл.( Стеарин қышқылы)

Биология

Адамның хромосома саны (46)

Тарих

Теңгенің шыққан жылы? ( 1993 жыл, 15 қараша)

Информатика

Excelде кез келген формула қандай таңбамен басталады. (=)





Тапқыр білгір, дарынды, Сүйсең туған жеріңді

Жарыс бар бүгін арынды. Ортаға сал барыңды.

Соңғы кезеңімізге де міне келіп жеттік. Жұмбақ зат. Ойынның шарты: сандықта қандай да бір көкөніс жасырылған. Сұрақты оқығаннан кейін қандай көкөніс екенін табамыз.

  1. Бұл өсімдікпен Ежелгі Египетте пирамида салып жатқан құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған, бұл өсімдікте фитоницидтер өте көп, оны тұмау ауруымен ауырғанда пайдаланады, жуаның туған інісі.

( Сарымсақ)

  1. Бұл өсімдіктің отаны- Оңтүстік Америка, оның шырыны асқазан ауруына ем, бұл өсімдіктен спирт,крахмал, алынады, мал азығы ретінде де, пайдаланылатын техникалық өсімдік, көзшелерін кесіп алу арқылы көбейтуге болады. ( Картоп)

Сайыста алғырлығы мен тапқырлығы арқасында алға шыққан жеңімпаз оқушыны марапаттау.

































































Жасыл эвгленаның ядросындағы екі еселенетін ДНҚ молекуласының бір тізбегі мынадай нуклеотидтерден басталады ЦГГТТАЦЦАА. Осы тізбекке сәйкес нуклеотидтер қатарын табыңдар.







Қара көзді жігіт, көк көзді қызға үйленеді. Олардың балаларының көзі қандай болады?







Әкесінің қаны ІІ топқа, шешесінікі ІІІ топқа жатады. Баларының қан топтары қандай болуы мүмқін?







Адамда тұқым қуалайтын таскерең ауруын рецессивті ген бақылайды. Осы ауру мен ауыратын еркек, дұрыс еститін әйелге үйленген. Балалары қандай болады?







ДНҚ молекуласының бір тізбегінің кесіндісінің құрамы АГТ-ЦЦЦ-АЦЦ-ГТТ нуклеотидтерден тұрады. Осы ақпаратқа сүйеніп, екінші тізбегін құрыңдар және кесіндінің ұзындығын анықтаңдар.( 4,08)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал