- Учителю
- Онтогенез тақырыбында сабақ жоспары. 10-сынып. Биология.
Онтогенез тақырыбында сабақ жоспары. 10-сынып. Биология.
Күні:8-10.02.16 |
Бекітемін:
| ||
Тақырыбы |
§37. Онтогенез - организмдердің жеке дамуы. | ||
|
Сыныбы |
10 | |
минут |
Мақсаты |
Организмнің ұрықтық денгейден бастап тіршілігін тоқтатқанға дейінгі аралықта жүретін өзгерістер туралы түсінік беру | |
Күтілетін нәтиже |
А) онтогенездің анықтамасын біледі | ||
Б) эмбриондық және постэмбриондық кезеңдердің айырмашылықтарын мысалдар келтіре отырып түсіндіреді. | |||
С) тірі ағзаның дамуын зерттеп білудегі онтогенездік дамудың орнын бағалайды. | |||
|
Құралдар |
Жалпы биология.Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/Қасымбаева Т., Мұхамбетжанов К.,-өңд.,толықт.3-бас.-Алматы: Мектеп,2014.-392б.,сур. интербелсенді тақта, www.youtobe.com сайтынан алынған «Ұрықтану процесі 3Д» тақырыбында бейнебаян А3 формат,маркер, бағалау критериі,бағалау ағашы | |
|
Әдістер |
«Мен ұнататын түс» әдісі топқа бөлуде; Кеңейтілген тапсырма; постермен жұмыс, «Ыстық орындық», рефлексия парағы, «Стикердегі сұрақ», «Бағалау ағашы» | |
|
Сабақтың барысы |
І.Ұйымдастыру -амандасу,түгелдеу,оқушылар назарын сабаққа аудару | |
|
|
Мұғалім |
Оқушы |
|
|
-топқа бөлу: «Мен ұнататын түс» әдісін ұсыну |
- Сыныптағы оқушылар қораптағы түрлі түсті шарларды таңдап,сол арқылы топқа бөлінеді |
|
|
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру | |
|
|
Мұғалім |
Оқушы |
|
|
-Семантикалық карта мен дидактикалық тапсырмалар Бағалау критериі
|
-Тапсырманы орындайды; -Түсінбеген жағдайда мұғалімге сұрақ қояды; -Уақыт аяқталған кезде тапсырмаларын тапсырады -Бағалау критериі арқылы формативті бағалау жүргізеді |
|
|
ІІІ.Тұсаукесер | |
|
|
Мұғалім |
Оқушы |
|
|
www.youtobe.com</ сайтынан алынған «Ұрықтану процесі 3Д» тақырыбында бейнебаянды көрсетеді -түрткі болу сұрағын қояды: «бейнебаянның бүгінгі тақырыппен байланысы қандай? » |
-Бейнебаянды қарайды; -Түрткі болу сұрақтарына жауап береді; өз ойларын айтады: -күн жадысы мен тақырыпты жазады |
|
|
ІҮ.Негізгі бөлім | |
|
|
Мұғалім |
Оқушы |
|
|
-жаңа тақырыпқа оқушылардың назарын аудару -«Тілші» әдісін ұсыну - А3 форматтары мен маркерлерді,стикерлерді тарату |
-Оқулықпен жеке-жеке жұмыстанады. -топта талдайды -бір адам сөйлеуші ретінде тақырыпты басқа топтарға сағат тілімен ауысы отырып түсіндіріп шығады. Қалған топтың мүшелері басқа топтардың тілшілерін тыңдап болған соң, -«Шапалақ соғу» әдісі арқылы формативті бағалау жүргізеді Және кемшіл тұстарын көрсетіп,ұсыныс айтады. |
|
|
Ү.Бекіту | |
|
|
Мұғалім |
Оқушы |
|
|
-«Блиц сұрақтар» әдісімен таныстыру |
-мұнда интербелсенді тақтадан 3 топқа жеке-жеке сұрақтар көрсетіледі. Оқушылар сұрақтарға кезекпен жауап береді. «Шапалақ соғу» арқылы формативті бағалау жүргізеді |
|
|
ҮІ.Үй тапсырмасы |
|
|
|
Үй тапсырмасын беру |
Тақырыпты қайталап, 93-суретті дәптерге түсіру, 202-беттегі сұрақ-жауапқа дайындалып келу. |
|
|
ҮІІ.Бағалау |
|
|
|
Мұғалім |
Оқушы |
|
|
-Кері байланысты жүзеге асыру мақсатында «Бағалау ағашын» таратып береді. -рефлексия парағын тарату, жинап алу |
-Бүгінгі сабақ бойынша түсінік деңгейлерін оқушылар өздерін бағалау ағашында бейнелеу арқылы көрсетеді -кері байланыс парағын толырып,болған соң жинап береді |