7


Құстардың қайтуы (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шайыр орта мектебі

































!

















Өткізген: Сүйесін К

















Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың пайдасы жайлы мағлұмат беру,құстарды қорғау, қарсы алу, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту, құстар өмірінің беймәлім тұстарын айту, жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес, тіршіліктің де әртүрлі болатынын дәлелдеу.

Тәрбиелік: Отанын жерін, орманын, көлін - табиғатты сүюге, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Экологиялық тәрбие қалыптастыру.

Көрнекілігі: Құстардың суреті, қанатты сөздер, бейнеролик «Құстардың алуантүрлілігі», «Құстар дыбысы» слайдта.

1 - жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

Сәлем достар аман ба?

Мынау бейбіт заманда

Шат - шадыман көктемің

Шаттық болсын қашанда

Бейне мезгіл жырлары

Сағынышпен жеткен

Құстардың әуенімен

Қуанта бер жыл мезгіл - деп

"Құстар біздің досымыз" атты іс - шарамызға қош келдіңіздер. Жер бетінде 8600 - ге жуық құстар түрі бар. Десек, біздің елімізде 500 - дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз. Біздің халық ежелден аң - құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамдарды құсқа теңегені белгілі. Мысалы, саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгіле ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңегені белгілі.

2 - жүргізуші:

Ән құрадым әніммен

Сән құрадым гүліммен

Қуантамын бәріңді

Құт - береке күнімен - дей отырып,

тәрбиелік шарамызды жалғастыра түсеміз.

1 - жүргізуші:

Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қолдаймыз - деп назарларыңызға бейне - роликті ұсынамыз

2 - жүргізуші:

Құстар, құстар келеді

Жерді шуға бөледі

Көктем келді деп бізге

Жақсы хабар береді.- деп құрметті достар ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз:

1. Қарлығаш тобы

2. Көгершін тобы

3. Қараторғай тобы

1 - жүргізуші: Ал енді, үміткерлеріміздің білімін, жүйріктігін сарапқа салып, әділ шешімін беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: Майра апай, Шынар апай, Роза апай

2 - жүргізуші

Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

1. Таныстыру. (Сайыс арасында топ бір өнерлерін көрсетеді)

2. Эстафеталық ойын «Өз мекенін табу»

3. Жұмбақ сайысы: «Тапқыр болсаң талас жоқ»

4. «Ойлан да ойна»

5. Адасқан әріптер

6. Топ басшылар сайысы

1 - жүргізуші:

Сәлем, жылдың мезгілі!

Әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік

Құстарыңа көктегі - деп таныстыру кезеңіне кезек берейік

Қарлығаш тобы: Қарлығаш адамға саулық, жасылық тілеп жүретін және

қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.

Қарлығашпын мен

Адамның тұрағымын

Мекен етіп тұрамын

Тазалаймын үй - ішін

Ел аузында мақтаулы

Тазалықшымын төселген - деген мақсатта біз Қарлығашты алып отырмыз.

Қараторғай тобы: Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады.

Қараторғайдыәнгеқосып, шырқаған.

Мен қараторғаймын

Шегірткедей жұртыңды

Қырғи болып қиямын

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын - деген мақсатта біз Қараторғай алып отырмыз.

Көгершін тобы: Көгершін - достықтың символы.Әділеттің, бейбітшіліктің құсы. Бақыт құсы, әлемді шарлап хат тасушы құс болған. Бірлікті, татулықты білдіретін құс.

Бейбітшілік құсы көгершін

Жербетінде бейбіт еңбек, көгерсін

Аспан тұнық, шат көңілді болайық

Ақниетті, адал жандар көбейсін - деген мақсатта біз Көгершінді алып отырмыз.

1 - Жүргізуші: Таныстыру кезеңіне әділ қазы алқалары әділ бағаларыңызды берулеріңізді өтінеміз

1 - жүргізуші:

2 кезеңіміз эстафеталық ойын «өзмекенін табу» кезеңі бұл шартымы да әр топ мүшелермен құс суреттерінің тапсырмаларын бірге орындап, сол құстың мекенін тауып орналастыру.

2 - Жүргізуші: Эстафеталық ойынның әділ бағаларыңызды берулеріңізді өтінеміз

1 - жүргізуші:

«Тапқыр болсаң, талас жоқ» дей отырып жұмбақтарымызды жасырамыз

(Жауап дайын топ қызыл жолақ қағазды көтереміз)

Туысы дейді кұстардың

Інісі дейді тышқанның

Тышқан да емес, құс та емес

Екеуінен де тыс қалдым (Жапалақ)

Қызығып әр адам

Ұстап алып даладан

Жүнімен жұлып ап

Бесікке қадаған

Бұл қай құс? (үкі)

Қашаудай мықты тұмсығым

Бәсеке тігем бұл шыным

Құрт, қоңыз, аулап жарысам

Орман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ)

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зулайды

Көктен жұлдыз аққандай (Қарлығаш)

Жапырақ тәрізді жасыл,

Бірақ өсімдік емес.

Сөйлеуін сөйлейді,

Бірақ адам емес (Тоты)

Он екі айдың біреуі

Сірә оның атында

Өзге ұяға із тастап

Мен деп жар сап жүреді (Көкек)

Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл)

Қараторғай тобына

Биікке салған ағаш үй

Сол ғой оның мекені

Жаздай сайран салып ап

Қыста алысқа кетеді (Қараторғай)

Шелектеп құйсаң да су жұқпас (үйрек)

Мамығың бар, жүнің жоқ

Ішің майлы, мінің жоқ Құйрығында тыным жоқ (кұс)

Би болып өседі, татарша бөседі. (Қаз)

Келерде бір түйір,

Кетерде бір сүйір (қараторғай)

Басы қабақтай, көзі табақтай (Үкі)

Аяғы бар, аттап баспайды. (торғай)

Көгершін тобына

Қардан ақ, көмірден қара (сауысқан)

Құс, бірақ құс деуге болмайды,

Бұтақтарға қонбайды (кептер)

Таң қаласың өткенде,

Жебе болып кеткен бе?

Күзде ұшады түстікке,

Терістікке көктемде (тырна)

Көзі тұздай,

Тұмсығы мұздай.

Қызыл етік киіп ап,

Жүгіргені қыздай (көгершін)

Мәлім көпке,

Саспас текке,

Үйі - жерде,

Күйі - көкте (бозторғай)

Сұлулықты алмай - ақ беріпті,

Басынан да құйрық жағы көрікті (қырғауыл)

Ұшуы басқа, маңдайы қасқа (қасқалдақ)

1-жүргізуші: 1-топтың өнерін тамашалайық. Көркем сөз оқу: «Табиғат сыры»

2 - Жүргізуші: «Тапқыр болсаң, талас жоқ» кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз

1 - жүргізуші

«Ойлан да ойла» кезеңінде құстардың дыбысынан қай құс екенін табу

2 - Жүргізуші: «Ойлан да ойла» кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз

1 - жүргізуші:

«Адасқан әріптер» кезеңінде әріптерді өз орнына орналастыру арқылы құстың атын табу

2 - жүргізуші

Құстар, құстар сызылтып ән салады,

Сол әнімен тербетеді даланы.

Ал, адамдар күліп бастап өмірін,

Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады - дей отырып

Ән: «Тырналар» қабыл алыңыздар. (2-топтың өнерін тамашалайық)

1 - Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Адасқан әріптер» кезеңінің бағасын берулеріңізді өтінеміз

2 - жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі топ басшылар сайысы

Қарлығаш тобына қойылатын сұрақтар

1. Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?

2. Киелі құс

3. Қандай құстың құйрығы айыр?

4. Жыл құстары дегеніміз не?

5. Суды ұшып жүріп қалқып ішетін қүс?

Қараторғай тобына қойылатын сұрақтар

1. Құстар балапандарын қайда өсіреді?

2. Түнде ұшатын кұсты ата

3. Орман дәрігері

4. Адамдар үй салуды қай құстан үйренген?

5. Қасиетті құс

Көгершін тобына қойылатын сұрақтар

1. Сөйлейтін құс

2. Көгершін қандай құс?

3. Әнші құс

4. Өз атын өзі шақыратын құс?

5. Жемді ұшып жүріп аулайтын құс?

1 - Жүргізуші: Топ басшылар сайысының әділ бағасын берулеріңізді өтінеміз.

1 - жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістерден тұратын,

Өмір күрес, жеткіземе мұратын Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысуда бір жеңіс,

Сен ұғынатын,- дей келе әділ қазылар алқасына кезек берейік:

1 - жүргізуші:

Жастық шақтың біз гүлдерін тереміз,

Бір мектепте бірге оқып келеміз.

Дені сау болса 1 - 2 жыл өткен соң,

Ұстазға бір жақсы жеміс береміз

2 - жүргізуші:

Оянып бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай құсқамынан.

Мызгілді шуғабөлеп, әнге ораған,

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

Қымбатты,балалар,құстарға қамқор болайық. Әрқашан аспанымыз ашық болсын!

Ән: 3-топ атынан «Ақ көгершін»

1 - жүргізуші: «Құстар біздің досымыз» атты іс - шарамыз осымен аяқталды.

Қош сау болыңыздар!













































Тақырыбы:Құстардың қайтуы

Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.

Көрнекіліктер: плакаттар, қанатты сөздер

Мұғалім:

Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстардың қайтуы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

1-сәуір десе , ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді.1906 жылдың 1сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.

Еңлік: Сәуір келді,

Тірлікке жан кірді.

Кең дала жасарып, жаңғырды,

Бар өңір құлпыра бастады,

Төсіне құйып ап жаңбырды.

Тірлікке жан кірді көктем кеп,

Айнала, сай-сала көкпеңбек,

Диқанның арқасы босады.

Қытымыр қысымыз өтті деп.

Зейнеп: Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек-қаз қонды.

Әлия: Қызыл тал, қызыл тал,

Қызыл талда бүршік бар,

Бүршігін сол жарғаны,

Көктем келіп қалғаны.

Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді «менің» тұрағым.

1-жүргізуші: Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.

2-жүргізуші: Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі - құстар.Халық ежелден -ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады.

1-ж: Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері -құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.

2-ж: Ендеше қанатты достарымызды қарсы алайық.

Әсия: Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап құттықтап,

Біз оларды қорғаймыз.

Жарқынай: Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп,

Көрікті көктем келді.

Самалына нұр есіп.

(Сахнаға вальс биін билеп «Көктем» шығады.)

Амандық: Сағынышпен жеткен,

Қуана бер көктем.

Жайнап нұрлы гүлің,

Басқар құстар күнін.

Көктем: (Залға қарап бас иіп)

Сәлем, достар аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Шат шадыман көктеммін,

Шаттық болсын әманда.

Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді,

Құт-береке күніммен.

(Сахнаға құстың ұясын көтерген бір топ қыз шығады. Көктемге сәлем береді.)

Хор: Сәлем елдің көктемі,

Әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік,

Құстарыңа көктемгі.

Көктем: Рахмет, балалар,

Сендерде ой-сана бар.

Бау-бақшаның дұшпанын,

Бастырмады құстарым.

Кербез құстар әні мен,

Келді міне сәнімен.

Көктем: Ал, балалар, құстардың қайтуы дегенге қалай түсінеміз?

Ернар:Құстардың қайтуы -құстардыңжылда бір аумақтан екінші аумаққа жаппай қоныс аударуы. Бұл құбылыс - олардың тарихи жағдайда қалыптасқан белгілі бір инстинктке негізделген, тұқым қуалайтын қасиеттерінің бірі. Құстардың кайтуы - климаттың маусымдық өзгерістеріне бейімделуге (қоректік нысандардың және ашық су көздерінің азаюы, т.б.) тікелей байланысты.

Еркебұлан: Отырықшы құстар - бір аймақтатіршілік етіп, көбейетін құстар.Қоныс аударатын құстар - климаттың маусымдық өзгерістерге емес, қоректік қорға байланысты қоныс аударатын құстар.Жыл құстары - күзде жылы аймақтарға жылыстап, көктемде</<font face="Times New Roman, serif"> бұрынғы мекендеріне қайта оралып отыратын құстар

1-жүргізуші: Халық « көкек келді-көктем келді » - дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен.

2-жүргізуші: Бұл кезде қар еріп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып,көзге ыстық , көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады.Осы кезде көкек келеді .Не деген ғажап «кө-кек,кө- кек» деп ән салады.Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.

Көкек: Жаршысы көктемнің

«Көкек» дейді мені жұрт

Өз атын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт

1-жүргізуші:Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да көкек пайдалы құстың біріне саналады.Көкектің балапаны бір күнде 39 шегіртке,43 жұлдызқұрт,4 өрмекші және басқа және басқа жәндік тердің жұмыртқалары қорек етеді.

Көктем: Елдің сәні ,көлдің сәні -аққуы,

Келді жұппен көптен күткен

Сахнаға аққу маскасын киіп, ақ көйлек киген екі қыз шығады.

Бірінші аққу: Құс сұлуы аққу мен,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезіп еш мерген,

Атуға көзін қимаған.

Екінші аққу: Сұлулыққа паш етіп,

Жырлаған талай ақындар.

Нәзік үнді көл көркі,

Құс патшасы атым бар.

(сахнаға Жаннат шығады)

Жаннат: Армысың көктем! Көліне аққу -қазы қонған қуаныш думаның

ұзағынан болсын !Мынау қайта оралған құстарына арнап «Аққу» биін

орындауға рұқсат ет.

Көктем: Ән - биге қандай шек болсын! Қыздарымыз аққу биін

орындап берсің.

Би : «Аққу» биі

Көктем: Құстарым,менің құстарым,ұнайды биік ұшқаның.Мерекелік шеруінді жалғастыра бер

(түрлі құстардың бас киімін киген оқушылар бір - бірлеп шығып өздерін таныстырады)

Қарлығаш (Динара): Қарлығашпын

Мен адамның тұрағын

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй -ішін

Санитармын төселген

1-жүргізуші: Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді деп ғалымдар зерттеген:

Қараторғай (Ұлжан): Мен қараторғаймын.

Шегірткеден жұртыңды

Қырғи болып қорғаймын.

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын.

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын.

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын.

2-жүргізуші: Пайдалы құстардың бірі - қараторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Қараторғай -орман қорғаушылары.

Торғай (Қымбат): Мен торғаймын,торғаймын

Көк аспанда шарлаймын

Жерге бетер қонбаймын

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт -құмырсқа,шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

1-жүргізуші: Үйіміздің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллионға жуық зиянды құрттарды жейді.

Тоқылдақ (Бекзат): Құртты іздеп інінен

Қарағайды үңгіген.

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашанда ол әбігер

2-жүргізуші: Тоқылдақ - орман құсы. Ол өз тұмсығымен ағаш қабығының астынан оңай табады. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жояды.

Көгершін (Томирис): Бейбітшілік құсы - менмін көгершін,

Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін,

Аспан тұнық ,шат көңілді болайық,

Ақ ниетті адал жандар көбейсін.

1-жүргізуші: Көгершін- дүниежүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік

белгісі.

2-жүргізуші: Міне , достар,өлкемізге көптен күткен құстар да келіп жетті.

Олар көлдер менөзендерді ,шөл далалар мен қалың ормандарды, биік-биік тауларды басып ұшты.

Гүлжан: Айтсақ-әніміз,

Ардақтасақ - сәніміз.

Көңілдің хошы,

Табиғаттың досы,

Сәлем сендерге , қанаттылар!

Нұрзия: Құс анасын атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз

Бауырмал боп бәріңе,

Қорғау заңын сақтаймыз .

Әсел : Ауылдың шығып алып қыр бетіне,

Аймақтың көз жіберші келбетіне.

Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнімен

Сайрайды гүлді көктем құрметіне.

1-Жүргізуші: Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп,оны тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген.

1-Жүргізуші: Ел арасында ауа райын болжағанда ақбас тырнаның келу- қайтуына қараған .Тырналар тым төмен ұшса,ұзамай күн суытады, ал жоғары самғап бара жатса , күн ұзақ болады делінеді.Кеш қайтса ,қыс жылы болады.

Гүлжан: Бозторғай ән салса,күн ашық болады.

Арайлым: Торғай шаңға аунаса,жаңбыр жауады.

Гүлжан: Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болады.

Арайлым: Үйрек бір аяғымен тұрып басын қанатының астына тықса,аяз

болады.

Хор: ән «Ақ көгершін»

Мұғалім: Құстар туралы біраз мағлұмат жинадық.Енді екінші бөлімімізді бастауға рұсат етіңіздер.

1-сайыс:Сұрақ -жауап сайысы (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)

3. Торғайдың жүрегі минутына қанша рет соғады? (260)

4. Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)

5. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)

6. Қазақстанда құстардың неше түрі бар? (481 түрі)

2-сайыс :Тіл -өнер сайысы (Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай )

1. Тал басында

Түндіксіз отау (ұя-гнездо)

2. Көңілдің көркі сәні екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Айқындар оны байқаған,

Адамдар қорғап сақтаған.

Бұл қандай құс? (Аққу-лебедь)

3. Ауылда, қаладамекені,

Жолаушыжүрсекшығарыпсалады.

Алдыңнаншығады,

Жаныңдыеркелетеді.

(Қарлығаш-ласточка)

4. Күндізтіптіұшпайды,

Түндетышұанұстайды. (жапалақ-сова)

5. Ақсарайынталқандап,

Шықтыбіреуталтандап. (Балапан-цыпленок).

6. Қоныпалыпжарға,

Қарқылдайды (қарға-варона)

3-сайыс: Жұмбақтарәлемісайысы (әрдұрысжауапқа 20 ұпай)

Көктемдеқұстарқайтқанда,

Еңалдыменкелетін.

Өзімізкүтіпалатын,

Ұяжасапберетін,

Бұлқандайқұс, балалар?

(Қараторғай)

Маң-маңбасқанжүрісі,

Барлыққұстыңірісі.

Қашқандақұстайұшпайды,

Қуғанынбірақұстайды.

(Түйеқұс)

Өзісақ, өзіұсақ,

Шықылықтаптұрмайды.

Құйрығыұзын, өзі ала,

Бұлқандайқұс?

(Сауысқан)

Дамылсыз барабан қағады

Солжердентамағынтабады

(Тоқылдақ)

Ұясалып ,балапанбаспайды

Өзатынатапқақсайды

(Көкек)

Ұшқандатізіліпжұбынбөлмейді,

Қонсакөлсуысирақтанкелмейді

(Тырна)

(Сайыс жеңімпаздарын анықтау.Марапаттау)

Мұғалім: Міне, құрметті көрермендер осымен құстарға арналған «Құстардың қайтуы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал