7


  • Учителю
  • Дене сымбатының бұзылуы және талпақтабандылықтың алдын алу 8класс

Дене сымбатының бұзылуы және талпақтабандылықтың алдын алу 8класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылықтың қалыптасуының алдын алу.

№ 9 Зертханалық жұмыс:Организмнің өсу мен даму деңгейін антропометриялік әдіспен анықтау.

Сабақтың мақсаты:білімділік:оқушыларға тірек-қимыл жүйесі дене сымбатының және жалпақ табандылықтың алдын ала білуге жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін бағалы байлық денсаулық екендігін түсіндіру;

дамытушылық: оқушылардың жеке гигиена талаптары туралы түсініктерін кеңейту,

аурудың алдын алуды үйрену,оқушының санитарлық -гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;

тәрбиелік:сұлулыққа,адамгершілікке,тазалыққа тәрбиелеу,салауатты өмір салтын ұстану,дене шынықтыру мен айналысу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:топтық жұмыс,ақпарат беру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,бейнефильм,ақ парақтар.



Сабақтың барысы:



I.Ұйымдастыру кезеңі.Сыныпты сабаққа дайындау,оқу құралдарын,қатынасты тексеру.

Сыныпты топқа бөлу,топқа ат қою, топбасшы сайлау.

I топ Алғыр

II топ Білгір

III топ Тапқыр



II. Үй жұмысын сұрау

«Постер» қорғау



«Алғыр»тобына

Бас пен мойын бұлшықеттері туралы.



«Білгір тобына»

Тұлға бұлшықеттері туралы



«Тапқыр » тобына

Қол мен аяқ бұлшықеттері туралы



«Мағынаны ашу»



III Жаңа тақырып



1.Анықтау (сымбат,жалпақтабандылық)

2.Бұзылу сатысы (сымбат,жалпақтабандылық)

3.Пайда болу себептері (сымбат,жалпақтабандылық)

4.Алдын алу (сымбат,жалпақтабандылық)



Сымбат - қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білуі.

Бұзылу сатысы

Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.

Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.

Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялық қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, біріншіден - омыртқаның бүгіліп - жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.

Сколиоз - омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы (туа және жүре пайда болады)

Лордоз - омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады

Бүкірлік, кифоз - омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы.



Пайда болу себебі

Дұрыс отырмаудан, жүруден

Ішкі мүшелердің ауруынан

Салмақты бір жаққа түсіруден

Үнемі жұмақ төсекке жатудан

Қозғалыстың аз болуына

Алдын алу

o Дұрыс бірқалыпты отыруға дағдылану

o Емдік массаждар қабылдау

o Салмақты омыртқа жотасына бірдей түсіру

o Ауыр жүкті бір қолмен көтермеу

o Түзу жүру

o Иықтың бір деңгейде болуы

o Тазалықты сақтау

o Дұрыс тамақтану

o Шынығу

o Көңілді жүру

o Сәнді киіну

Жалпақтабандылық- адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі.

Бұзылу сатысы

1, 2, 3 дәрежелі жалпақтабандылық

Пайда болу себебі

o Үнемі биік өкшелі аяқ - киім кию

o Тар аяқ - киім кию

o Аз қозғалыс

o Артық салмақ

Алдын алу

Аяқ - киімді таңдап кию

Жалаң аяқ жүру

Арнайы массаждар қабылдау

Шынығу

Гиподинамия - аз қозғалу, жеткiлiксiз қимыл белсендiлiгi.

№ 9 Зертханалық жұмыс:Организмнің өсу мен даму деңсгейін антропометриялік әдіспен анықтау.

Мақсаты:өз ағзаңның бөлімдеріне өлшеу жүргізу,ағзаның даму деңгейін анықтау.

Құрал-жабдықтар:бойөлшегіш,сантиметрлік таспа.









Қорытынды:













IV. Сабақты бекіту

«Білгенге- маржан»

«Алғыр »тобына

1.Сымбат деген не?

2.Омыртқа жотасы не себепті қисаяды?



«Білгір »тобына

1.Омыртқа жотасының қисаюынан қандай аурулар пайда болады?

2.Жалпақтабандылық неден пайда болады?



«Тапқыр » тобына

1.Сколиоз ауруы қалай емделеді?

2.Жалпақтабандылықты қалай емдейді?



«Ойтолғау»

«Алғыр»тобына

Ардақ үнемі шелекті оң жағымен көтеріп су тасиды.Ол қандай

аурумен ауруы мүмкін ? Ойыңды дәлелде?



«Білгір » тобына



Адамның жүрісі дене сымбатымен де байланысты деген дұрыс па?

Ойыңды дәлелде.

«Тапқыр»тобына



Жанар сабаққа анасының биік өкшелі аяқ кимін киіп келді.Біраз уақыттан кейін аяғы ауырып,жүруден қалды.Неге деп ойлайсың?



V.Қортындылау



Жүк көтергенде баланың дене мүшелеріне ауыртпалық күш біркелкі түсуі керек.Төменгі

класс оқушылары кітаптарын арқаға асатын сөмкемен алып жүргені

орынды.Сөмкені өне бойы бір қолымен алып жүруге болмайтынын естен

шығармаған жөн.Жұмыс кезінде,сабақ орындағанда партада отырғанда кеудені

тіремей,аяқты айқастырмай,еденге түзу ұстап ,қолды шынтақ буыны арқылы

үстелдің үстіне бос ұстау сымбаттың бұзылмауына себеп болады.Үстел

үстінде шынтақтан көзге дейінгі аралық 30-35 см болу керек.Бұл үшін

үстель,парта мен орындықтың биіктігі әр адамның денесінің ұзындығына

сай болуын ескертеді.

Жалпақтабандылықтан сақтану.Адамның табанының ортасы көтеріңкі,ойыс болып келуінің маңызы зор.Бұл оның жүрісін жеңілдетіп,шаршатпайды,қайта секіргенде ,жүгіргенде денеге серпімділік беріп,соққыны әлсіретеді.Адам ұзақ уақыт ауыр жұмысты аяғымен тұрып істегенде (аяққа күш түскенде),тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде жалпақтабандылық пайда болады.Жалпақтабанды адам жүргенде және тұрғанда тез шаршайды.Мұндай жағдайға ұшырамау үшін жалаң аяқ,аяқтың ұшымен жүріп,суда жүзумен жаттығу,жүгіріп,секіріп,түрлі ойындармен көбірек айналысады.Аяқ киімнің өкшесі 3-5см аспауы керек.



VI .Бағалау.



VII .Үйге тапсырма беру §23; 24 қосымша мәліметтер алу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал