7


  • Учителю
  • Жер бетінде тіршіліктің пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар.

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Сыныбы: 11 Сабақтың тақырыбы:Жер бетінде тіршіліктің пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар. Сабақтыңмақсаты: Білімділік: Оқушыларға тіршіліктің алғаш пайда болуын, негізгі алғышарттарын,оның дамуын, тірі организмдердің негізгі қасиеттерін - мысал келтіру арқылы түсіндіру. Дамытушылық: Оқушыларға тіршіліктің ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттарымен таныстырып, ойлау қабілетін арттыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: өз - өзіне сенімділікке, ізденімпаздыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақ Түрі: Аралас сабақ Әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,талдау. Сабақтың көрнекілігі: Кесте

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Түгелдеу

3. Сабаққа даярлау

ІI. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардан үй тапсырмасы бойынша сабақ сұрап, қосымша сұрақтар қою арқылы бекіту:

  1. Тіршілік ұғымының қаншаға жуық анықтамасы бар?

  2. Ф. Редидің, В. Гарвейдің тәжірибелері жөнінде не білесіңдер?

  3. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жөнінде қандай көзқарастыр бар?

Жаңа сабақ: Тіршілік - жанның денедегі сипаты, өмір сүру формасы. Тіршілік жан иесінің бұл дүниеге еріксіз келіп, еркінен тыс кетуімен аралықтағы белгілі бір уақыт аралығындағы өмірдің атауы. Тіршілік ұғымы өмір ұғымының ауқымында, оған қарағанда мағынасы тар ұғым. Себебі өмір ұғымы - жанға байланысты, оның өмір сүру формасы ретінде қолданылса, тіршілік дененің өмір сүру формасын анықтау үшін қолданылады. "Тірі адам тіршілігін жасайды" деген мақал өмірінің мәні жан сақтау ғана болған адам өмірінің сәттерінен хабар береді. «Тіршілік» ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы өжептөуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельс былай деп ұсынған:«Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы...». Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5-5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына - ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар. Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т.б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес</ ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілі пайда болды деп корытынды жасады.

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар. Фалес Қосымша мәлімет 1775 жылы М.М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын тығыз етіп жауып тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде микроазғалар жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Виталистік (латынша - vitalis" - тірі, тіршілігі бар деген ұғым) көзқарастағылар: "аузы жабық ыдысқа "тіршілік күші" кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан кезде "тіршілік күші" өледі, - деген қарсы пікірді ұсынды.

Жаңа сабақты бекіту: Оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы бекіту.

Үйге тапсырма: Жер бетінде тіршіліктің пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар.

Бағалау:







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал