7


Сабақ жоспары №12 7сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Сабақ тақырыбы:Ақ сұлама - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрлысы. Екі жақты симетриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшықеттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Тыныс алуы. Көбеюі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақ сұламаның тіршілігі туралы білім беру.

Дамытушылық: өздігінен іздену, қосымша материалдарды пайдалану дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: өзін-өзі билеуге, еңбексүйгіштік пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Бекіту.

V.Үй тапсырмасын беру.

VI. Бағалау.

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:Тест сұрақтарына жауап беру.

ІІІ. Еркін жүзетін жалпақ құрттардың (мысалы, ақ сұлама) жабын жасушаларында да кірпікшелі жасушалар бар. Жалпақ құрттардың паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері де бар. Олардың дене жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліс сірқабық деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.

Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі дененің бас бөлігінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады. Екі бағананы көлденең орналасқан жүйкелер байланыстырады. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе зәршығару (қажетсіз заттарды бөлу) жүйесі деп аталады. Бүл - бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе. Жалпақ құрт типіндегі ағзалардың барлығында қантарату және тыныс-алу жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады. Жалпақ құрттардың асқорыту мүшесі екі бөліктен қүралады. Бір бөлігі - жұтқыншақ, екіншісі - ішектің ортаңғы бөлігі. Жалпақ құрттарда артқы ішек пен аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар - қосжынысты гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды.

Кірпікшелі құрттар класы

Ақ сұлама - еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. (Денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталғандықтан, кірпікшелілер класына жатады.) Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзеді. Сұламаның дене қимылын реттейтін әр түрлі бұлшықеттері бар. Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер қатысады. Аралық қабат қимылын қиғаш бұлшықеттер реттейді. Ал ішкі қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттермен реттеледі. Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәршығару және жыныс мүшелері бар. Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Мысалы, ақ сұламаның қарапайым көзшелері бар. Сипап-сезу сезімталдығы едәуір арта түскен. Ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә</ түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді.

БТерминдермен жұмыс:

Мезодерма -аралық жасушалық қабат.

Сірқабық -тығыз түзіліс

Эндопаразит -тірі ағзалардың ішінде тіршілік ететін

паразит жәндік.

Эктопаразит - ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік етеді.екіту: Терминдермен жұмыс

Үйге тапсырма:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал