7


  • Учителю
  • Урок по биологии на тему Муравьи

Урок по биологии на тему Муравьи

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
Биология Сабақ





Сабақтың тақырыбы:

Аралар мен құмырсқалар - қоғамдық бунақденелілер.Олардың тіршілігі мен отбасын (семья) ерекшеліктері. Мінез-құлықтары. Түйсігі (инстинкт).Аралардың және басқа жарғаққанаттылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Жалпы мақсаты

Аралар мен құмырсқалар - қоғамдық бунақденелілердің тіршілігі, мінез-құлықтары, маңызы туралы түсінік беру.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Биология оқыту әдістемесі. 7 сынып

  3. 7- сыныпқа арналған биология оқулығы. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов,Ж.Қожантаева.

  4. 4. Биология пәні бойынша дидактикалық материалдар

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Қоғамдық бунақденелілердің мінез-құлығын, түйсігін және олардың пайдасын білу.

Негізгі идеялар

Қоғамдық бунақденелілер, олардың тіршілігі мен отбасы ерекшеліктерін біле отырып, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіну

Сабақта қолданылатын материалдар:

Бейнежазба, электронды оқулық ,плакат, фламастар, стикерлер, Аралар мен құмырсқалардың суреттері,

Оқыту әдістері

СТО

Диалогты оқыту

АКТ

1.Топтық жұмыс

2. Жеке жұмыс

Дерек көздері

Аралар мен құмырсқалар - қоғамдық бунақденелілер тақырыбында берілген материалдар.Биология жұмыс дәптері. Оқушы анықтамалығы. Интернет материалдары

Тапсырмалар

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау.

1.Электронды оқулықтан аралар мен құмырсқалардың суретін көрсету және оған сипаттама бергізу арқылы тақырыпқа шығу.

2.Суреттен балараның құрылысын түсіндіріңдер

3. Түсіндіріңдер: патшайым, аталықтар, жұмысшылар: бал: бал жинау: үйірлену

4.Суретке қарап жауап беріңдер: құмырсқа тұқымтобының балара тұқымтобынан қандай өзгешелігі бар

5. Балараның маңызы туралы эссе жазу

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекетіI.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

(3 мин)

Топқа бөлу,құмырсқаның сурті мен аралардың суреттері бойынша бөлінеді.

Тренинг: «Айна» ойыны топтан екі оқушыдан шығады бір оқушы айна екінші оқушы айнаға қарап тұрған адам болып ойнайды.



Құмырсқа 1,Құмырсқа 2, Ара 1,Ара2.

Екі оқушыдан шығады бір оқушы айна екінші оқушы айнаға қарап тұрған адам болып ойнайды.



Бағалау бетшесін топ басшыларға тарату.

Топ басшысын сайлау. Топ басшылары топ оқушыларының бағаларын бағалау

бетшесіне белгілеуі керек

II.Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)1.қанатсыз бунақденелер.

2.инелік,

3.қанқыз,

4.дәуіт,

5.көбелек.

6.шегіртке.

7.бұзаубас.

8.бит.

9.шыбындар.

10.масалар.

11.қандала.

12.шаншарлар.

13.құмырсқалар.

14.баларалар.











Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



1. Мөлдір жарғақ тәрізді екі жұп қанаттары бар отряд қалай аталады? (жарғаққанаттылар)

2.Топтасып тіршілік етуіне байланысты мінез - қылығы күрделене түскен. Осындай бунақденелілер қалай аталады?

( қоғамдық)

Берілген сұрақтарға топ болып жауап беру, тапсырманы топ болып орындау.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

III.Жаңа тақырып

(20 мин).

1.тапсырма:.Электронды оқулықтан аралар мен құмырсқалардың суретін көрсету және оған сипаттама бергізу арқылы тақырыпқа шығу.





Оқушылар сұрақтарға жауап береді

1.Суреттен не көрдіңдер?

2. Олардың құрылыс ерекшеліктері қандай?

3. Аралар мен құмырсқалар туралы не білесіңдер



2Урок по биологии на тему Муравьи тапсырма: Суреттен балараның құрылысын түсіндіріңдер







Денесі 3 бөліктен тұрады, 3 жұп аяқтары бар, аяқтары көкірек бөлімінде орналасқан, бір жұп қанаты бар. Денесінің сырты хитинмен қапталған.

3 тапсырма: Түсіндіріңдер: патшайым, аталықтар, жұмысшылар: бал: бал жинау: үйірлену

Урок по биологии на тему Муравьи



Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстанады.

Құрылысының ерекшелігі

Атқаратын жұмысы

1

Аналық балара

аталық және жұмысшы арадан денесі ірі, қанаттары қысқалау

көбеюге қатысу, жұмыртқа салу

2

Жұмысшы балара

аталық және жұмысшы арадан денесі кішілеу, артқы аяқтарында себет бар, мұртшалары жалпақ.

тозаң жинау, бал түзеді, ұрпаққа қамқорлық жасайды

3

Аталық балара

денесі аналық арадан кішілеу, жұмысшы арадан үлкендеу, доғалдау, қанаттары ұзын.

Көбеюге қатысу



Сергіту сәті:







4 тапсырма: Суретке қарап жауап беріңдер: құмырсқа тұқымтобының балара тұқымтобынан қандай өзгешелігі бар

Топтар біріге отырып орындайды.

IV.Қорытындылау(5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Балараның маңызы туралы эссе жазу

Топтар біріге отырып тапсырманы орындайды

V.Үйге тапсырма беру (2мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Қоғамдық бунақденелілер туралы мәлімет жинау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VI.Бағалау (5мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Формативті, суммативті, топтық, жұптық бағалау

Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы, бағалау парағына бағаларды түсіріп отырады

VII,Рефлексия

(3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу стикерлер тарату

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады





























1.қанатсыз бунақденелер.

2.инелік,

3.қанқыз,

4.дәуіт,

5.көбелек.

6.шегіртке.

7.бұзаубас.

8.бит.

9.шыбындар.

10.масалар.

11.қандала.

12.шаншарлар.

13.құмырсқалар.

14.баларалар.



































































Білгенің жөн! Егер ара шағып алса сізге марганец ерітіндісі (марганцовка), мұз, түймедағы мен ақжелек (петрушка) қажет болады. 1 - Қадам - пинцет, ине арқылы жараның ішінде қалған араның бізгегін шығару керек, болмаса саусақты пайдалану керек. Алдын ала сумен немесе сутек тотығымен тазалау қажет.

2 - Қадам - түсі қызыл - күлгін калий перманганатын (марганцовка) мақтаға малып, шағылған жерді сүртіңіз. Ол болмаса сутек тотығын немесе тұздалған су қолдануға болады.

3 - Қадам - Шағылған жерге мұз кесегін басыңыз. Ол жараның ісінуін кемітеді. Дәрі қобдишаңыздан белсендірілген көмір табылса, оның 3 дәрісін майдалап, 1 шай қасық су қосып, араластырып, жараның бетіне жағыңыз. Бетін дәкемен жабыңыз. Осылайша шағылған жердің уы тезірек кетіп, ісінбейді.

4 - Қадам - Енді жараны іштей емдеу керек. 1 шай қасық кептірілген шайқурай (зверобой), қырмызы (календула), түймедағы не шалфей өсімдіктерін 1 стақан қайнаған сумен араластырып, 15 - 20 минутқа қойыңыз. Ерітіндіні сүзіп, жартысын бірден, екінші жартысын 1 сағаттан кейін ішіңіз.

5 - Қадам - Кейбір жағдайда шағылған жер қызарып, қатты ісіп кетеді. Ісікті басу үшін, балғын ақжелек жапырақтарын майдалап, үстіне қайнаған су құйыңыз. Суыған кезде қайнатпаға таза мата не дәкені малып, жараның бетін басыңыз.

Ара шаққаннан кейін өзіңізді нашар сезініп, жүрегіңіз айнып, қызуыңыз көтеріліп, дем алумен қиындықтарыңыз болса, тезірек дәрігердің көмегіне жүгінгуіңіз керек. Бұл аллергияның белгілері болуы мүмкін.

Сондай - ақ, табиғат аясына демалысқа шыққанда түрлі әтірлер мен иісі өткір косметикалық заттар қолданбай, тым жарқын түстерге киінбеңіз, бұл аралардың көңілін қызықтыруы мүмкін.



































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал