7


  • Учителю
  • 7Класта 'Жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы' тақырыбында ойын сабақ

7Класта 'Жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы' тақырыбында ойын сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Биология пәнінен оқушылардың сабаққа деген ынтасын , қызығуын белсенділігін арттыру,қосымша материалдар пайдалануға дағдылан- дыру,ойлау қабілетін дамыту,халықтық педагогика тағылымдарын дарыту мақсатында 7-сыныпта «Экспедиция сабағын» өткіздім.

Сабақтың тақырыбы: «Жануарлардың табиғаттағы,төрт түліктің халқымыздың тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы».

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік:Оқушылардың жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін қорытындылау.

2.Дамытушылық:Оқушылардың,салыстыру,қорытындылау,өздігінен іздену қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу,экологиялық бағытта тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі:Слайд: «Жануарлар»

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Экспедиция сабағы

Әдіс-тәсілдер:Жұмбақтарды шешу,сәйкестік тест, топтастыру, перфокартамен жұмыс,СТО-стратегиялары,Эссе жазу.

Сабақтың ұраны: «Білген сайын келеді, біле бергім,

Біле беру емес пе ,тілегі елдің»

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру 2-3мин.

А.Сыныппен амандасу

Ә.Оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру.

«Қызығушылықты ояту»

- Бүгін, біз балалар экспедиция сабағын өткізгелі тұрмыз. Сабағымыздың мақсаты экспедиция арқылы білім шыңына жету. Шыңға шығу жолы өте қиын, сондықтан оған тәртіп, сергектік, ақыл-ой керек.Сабақ екі кезеңнен тұрады:

1.Экспедицияға дайындық

А.Жұмбақтарды шешу.

Ә.Сәйкестік тест.

2.Шыңға жету\шыңға жеткен оқушылар

«Нағыз альпинист» медалімен марапатталады.


1. «Жұмбақтарды шешу».

Төрт тағанды бойы бар,

Момындық дұрыс ойы бар.

Кербезденіп жүрмейді,

Айналдырған тоны бар. \қой\


2.Шұнтындаған неме деп,

Қойса жақсы келсе деп.

Шөре-шөре шөрелеп,

Қай төлді мен шақырдым? \ешкі\


3.Ертеменен айқайлап,

Қайда екен деп ақылдым.

Аухау-аухау аухаулап,

Қай төлді мен шақырдым. \сиыр\


4.Құйрық жалы суылдап ,

Тез жетсін деп зуылдап.

Құру-құру құрулап қай төлді мен шақырдым? \жылқы\


2. «Сәйкестік тест»

1.Түйе атасы 1.Сексек ата

2.Сиыр атасы 2.Зеңгі баба

3.Жылқы атасы 3.Ойсыл қара

4.Қой атасы 4.Қамбар ата

5.Ешкі атасы 5.Шопан ата

3 «Шыңға жету» тапсырмалары:

\Слайдтан көрсетіледі\ «Перфокарта аралы».

А.Тұяқты жануарлар қандай белгісі негізінде қай отрядқа жіктеледі?

Ә.Мына тұяқты аңдарды атап, қайда және тіршілік ететінің баяндаңыз?

Б.Сиыр қарнының бөліктері қалай аталады?онда ас қалай қорытылады?

В.Сүтқоректілердің жүрек құрылысы мен қанайналым шенберін сипаттаңыз?

4. «Топтастыру аралы»\Берілген сүтқоректілердің қай отрядқа жататынын топтастыр?

Жылқы- \тақ тұяқтылар\

Піл- \еттұмсықтылар\

Доңыз-\жұп тұяқтылар\

Керік-\Тақ тұяқтылар\

Арқар-\жұп тұяқтылар\

5. «Төрт-түлік малдың қасиеттері аралы» \әр төрт-түлікке сипаттама беру.\

Түйе- төрт түлік төресі.Оның сүті -шұбат деп аталады.Шөлге өте төзімді.Қос өркешті және сыңар өркешті болады.Түйе екі жылда бір боталайды.Төлі бота деп аталады.Көс-көстеп шақырамыз.

Жылқы -суыққа төзімді,аса сезімтал,талғампаз жануар.Жылқыда өт болмағандықтан,ол күйіс қайырмайды.Төлін-құраулап шақырады.

Сиыр -өте жуас,күйіс қайыратын жануар.Ол адамға май, қаймақ,сүт-айран,құрт-ірімшік береді.Терісінен түрлі киім тігеді.Төлін-ауқаулап шақырамыз.

Ешкі-жүрдек,сезімтал келеді.Ол ыстыққа,суйққа төзімсіз,қорқақ. Ешкінің сүті мен түбіті пайдалы.Өсімтал мал.Төлін-шөрелеп шақырамыз.

Қой -аша тұяқты,жүні тығыз,уақ мал.Ол момын.Оның сүті,майы, еті пайдалы.Төлін-пұшайттап шақырады.

6. «Төлдер әні»\ауылдағы төрт түліктің әнін еске түсіру.\

Қой- маңырайды,жылқы- кісінейді,сиыр- мөңірейді,түйе- боздайды.

7. «Қызыл кітап» аралы.\мұғалім «Қызыл кітапқа енген жануарларды слайдтан көрсетеді»

-Сонымен,балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, «Кештік өмірің болса, түстік мал жи», «Малым-жанымның садақасы» деген ата -бабаларымыздың төрт-түлігі аман болып, ырыс пен байлыққа кеңеліп, кең Сахараны төрт түлікке толтыра берсін деп тілек білдіремін.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Эссе жазу «Төрт түлігім-байлығым»


Сабақ соңында сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар білім шыңына жетіп, «Нағыз альпинист» медальдарымен марапатталды. Экспедиция сабағының ерекшелігі мұғалім аз күш жұмсап,көп нәтижеге қол жеткізеді,оқушылар сабаққа түгелдей қатысады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал