7


  • Учителю
  • Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары.

Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Предмет/Пән: Биология 9 сынып. Дата/Күні:---------------- Урок/Сабақ №:40

Тема/Тақырыбы: Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары.

Цели/Мақсаты: Моногибридтті будандастыруға түсінік беріп, белгілердің ажырауына мысалдар келтіріп талдау. Жүйелік-қисынды және абстактылы ойлау қабілеттерін дамыту. Ғалым генетиктер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Оборудование/Құрал-жабдықтар: оқулық.

Тип: 1) урок изучения нового материала; 2) урок актуализация; урок обобщения и систематизации знаний; 3) урок комплексного применения знаний(л/р); 4) комбинированный урок; 5) контрольный урок.

Методы/Әдіс-тәсілдер: 1) репродуктивный; 2)метод проблемного обучения; 3) объяснительно-иллюстративный; 4) частично-поисковый.

Форма организации познавательной деятельности/формалар:1) фронтальная; 2) парная; 3) индивидуальная

Формы/формалар: вводная лекция; тематическая лекция; беседа; рассказ; самостоятельная работа с учебником; лабораторная работа; зачет;рассказ с элементами беседы.

Ход урока/Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту:

1. Генетика ғылымы нені зерттейді?

2. Генетика ғылымының негізінін қалануы не себепті Мендель есімімен байланысты?

3. Мендель зерттеу жұмыстарына не себепті бұршақ өсімдігін таңдап алды?

4. Гибридологиялық әдістің ерекшелігі неде?



ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Моногибридті будандастыруға Г. Мендельдің жасаған тәжірибесіне түсінік.

2. Г. Мендельдің екінші заңының талдауы.



1. Моногибридті будандастыруға Г. Мендельдің жасаған тәжірибесі. Мендельдің бірінші заңы. Г. Мендель тәжі-рибесінде жеке белгілері арқылы ажыратылатын бұршақ іріктемелерімен (сорт) жұмыс істегені белгілі. Моногибридті деп бір ғана белгілерінен ажыратылатын формаларды будандастыруды айтады. Бірінші ұрпақтан алынған буданды талдау барысында Г. Мендель буданға ата-анасының тек бір ғана белгілі берілетініне көз жеткізді. Мысалы, қабығы тегіс тұқымды бұршақты, бұдыр (қабығы тегіс емес, кедір-бұдыр) тұқымды бұршақпен будандастырғанда, бірінші ұрпақта алынған тұқымдар түгелімен тегіс қабықты болған. Дәл осындай тәжірибесі сары түсті және жасыл түсті тұқымы бар өсімдікке жасағанда да бірінші ұрпағында тек бірыңғай сары түсті тұқымдар болған.

Сонымен, бірінші ұрпақтағы (F1) буданда ата-анасының біреуінің ғана белгілі білінген, екіншісінің белгісі білінбей, көрінбей қалған. Көрінген (буданға берілген белгі) белгілерді доминантты (басым) деп, көрінбей-білінбей қалған белгіні рецессивті (басылыңқы) деп атаған. Мұндай заңдылықты, яғни басымдылық заңы немесе бірінші ұрпақтың біркелкілігі деп атайды. Бұл - Г. Мендельдің бірінші заңы. Басым болған белгіні Г. Мендель "А" бас әрпімен, рецессивті белгіні "а" кіші әрпімен

белгілеген. Сонда доминантты белгі "А", рецессивті белгі "а" деп жазылады. Бұданды генетика да "Е" деп белгілейді. Ұрпақтардың алыну ретіне қарай Fа (бірінші ұрпақ), Е2 (екінші ұрпақ), Е3 (үшінші ұрпақ) цифрлары да ретімен белгіленеді. Ата-анасы - "Р" (латынша рагетйа - ата-анасы); "х" белгісі - будандастыруды білдіреді. Бұдандастыру сызбанұсқасында бірінші орынға аналықтың жыныс белгісі "♀" (Венераның қол айнасы), екінші орынға аталықтың жыныс белгісі "♂"?' (Марстың қалқаны мен жебесі) жазылады. Генетикалық сызбанұсқада гаплоидті гаметаның диплоидті гаметадан айырмашылығы - сырты айнала шеңбермен қоршалады. Қорыта келгенде, бірігіп ұрпақтың будандарында тек доминантты белгілер қалыптасатының білдік.

2. Г. Мендельдің екінші заңы. Г. Мендель екінші ұр­пақ (Е2) алу үшін бірінші ұрпақтың буданын өздігінен тозаңдандырған. Екінші ұрпақтың (Е2) буданды дараларын талдай келе Мендель мынадай қасиетін байқады: бірінші ұрпақта көрінбей қалған аллельді ген (жұп гендерді аллельді ген дейді; ген хромосомада болады, организмнің нақты бір белгілерін анықтайды), екінші ұрпақтың дараларында қайтадан пайда болған (көрінген). Сонымен, екінші ұрпақта доминантты белгілер мен рецессивті белгілер бар даралар шыққан. Қаншасында доминантты белгі, қаншасында рецессивті белгі бар екендігін санағанда, доми­нантты белгісі бар даралар рецессивті белгісі бар даралардан үш есе көп болғандығы анықталған. Екінші ұрпақтың өсімдіктерінен жиналған 8023 тұқымның 6022-сі сары тұқымды (басым), 2001-1 жасыл тұқымды (басылыңқы), ол 3 : 1 қатынасындай болған. Екінші буданды ұрпақта белгілердің ажырауы Мендельдің екінші заңы деп аталады.

ІІІ. Рефлексия:

Сұрақтар

1. Генетика ғылымы нені зерттейді? Генетиканың ғылым болып қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етті?

2. Гибридологиялық деген қандай әдіс? Оны қандай ғалым қолданған?

3. "Р" деген белгі, нені білдіреді? Ол неліктен латьш таңбасымен белгіленген?

4. Доминантты (басым), рецессивті (басылыңқы) деген қандай белгі­лер? Мендельдің тәжірибесінен мысал келтіріңдер.

5. Моногибридті будандастыру деп неліктен атаған? Мысалмен талдаңдар.

6. Генетикада алынғаьш жүрген "Р", "х", " ? "," с/" белгілері нені білдіреді?

7. Мендельдің екінші заңы қалай аталады? Оны қандай тәжірибеден байқаған?





ІҮ. Үйге: § 32 оқып білу, 103 беттегі сұрақтар.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал