7


  • Учителю
  • Тестовые задания по биологии на тему Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйелерінің құрылысы (7 класс)

Тестовые задания по биологии на тему Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйелерінің құрылысы (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Омыртқасыз жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың қанайналым

жүйелерінің құрылысы .



1. Дене қуысына тікелей құйылмай, қантамырлары арқылы таралатын қанайналым жүйесі:

а)ашық қанайналым жүйесі ә)тұйық қанайналым жүйесі

2. Қанның жүректен, ұшы тұйық емес қантамырларына, одан дене қуысына құйылатын қанайналым жүйесі:

а)ашық қанайналым жүйесі ә)тұйық қанайналым жүйесі

3. Ұлудың жүрегінің бөлімдері:

а)қарынша және екі құлақша ә)екі қарынша және екі құлақша

б)құлақша және қарынша

4. Түсі қызыл - қоңыр, көмірқышқыл газына қаныққан қан:

а)вена қаны ә)артерия қаны

5. Түсі алқызыл, оттегіне қаныққан қан:

а)вена қаны ә)артерия қаны

6. Балықтың жүрегінің бөлімдері:

а)1 ә)2 б)3 в)4

7. Қосмекенділердің жүрегінің бөлімдері:

а) 4 ә) 3 б) 2 в) 1

8. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы:

а)кіші қанайналым шеңбері ә)үлкен қанайналым шеңбері

9. Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке оралатын вена қантамырлар тармағы:

а)кіші қанайналым шеңбері ә)үлкен қанайналым шеңбері

10. Жорғалаушылар жүрегінің бөлімдері:

а)қарынша мен құлақша ә)екі қарынша мен екі құлақша б)қарынша мен екі құлақша

11. Жүрек қарыншасы жартылай пердемен бөлінген омыртқалы жануарлар:

а)құстар ә)қосмекенділер б)сүтқоректілер в)жорғалаушылар

12. Дене температуралары тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына тәуелді жануарлар:

а)жылықанды жануарлар ә)салқынқанды жануарлар

13. Дене температурасы тұрақты, қоршаған орта температурасына тәуелді емес жануарлар:

а)салқынқанды жануарлар ә)жылықанды жануарлар

14. Құстар жүрегінің бөлімдері:

а) 1 ә)3 б)2 в)4

15. Сүтқоректілер жүрегінің бөлімдері:

а)қарынша мен екі құлақша ә)қарынша мен құлақша б)екі қарынша мен екі құлақша

16. Жылықанды омыртқалы жануарлар:

а)жорғалаушылар ә)құстар б)қосмекенділер в)сүтқоректілер г)балықтар

Омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы жануарлардың қозғалуы.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал