- Учителю
- Сабақ жоспары. Бунақденелілердің дамуы (7-сынып)
Сабақ жоспары. Бунақденелілердің дамуы (7-сынып)
Мерзімі:
Сынып: 7«а» сыныбы.
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны.
Сабақтың мақсаты: І Білімділік: Оқушыларға буынаяқтылар, оның ішінде бунақденелілер туралы мәлімет беру. Олардың пайда-зияны, даму сатылары туралы негізгі түсініктер мен ұғымдарға тоқтала кету. ІІ Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, қабылдай алушылық қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру. Құбылыстарды салыстыра, тани алуды қалыптастыру. ІІІ Тәрбиелік: Оқушылар арасында біздің дүние туралы біліміміздің объективтілігімен дәлелдене алулығы туралы көзқарас қалыптастыру. Қоршаған ортаға байланысты білімдерін кеңейту.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ізденту, еске түсіру, салыстыру, практикалық, тестілеу, ой жинақтау.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, оқулық, буынаяқтылардың суреті, сызбалар, кестелер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу.
- Ой шақыру: Тілек айту.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
-Ашық тест арқылы:
1. Буын аяқтылар типі неше класқа жіктелген (3);
2. Жасуныққа ұқсас ағзалық зат, буынаяқтылардың сыртқы қабаты (хитин);
3. Шаянтәрізділердің дене бөліктерін ата. Саны 2-ге тең (Баскөкірек, құрсақ);
4. Шаянтәрізділердің қантарату жүйесі (ашық);
5. Өрмекшітәріздестердің тіршілік ортасы (құрлық);
6. Өрмекшітәріздестердің тынысалу мүшесі (демтүтік, трахея, өкпе қапшығы);
7. Өрмекшітәріздестердің асқорытуы қалай жүреді (ағзадан тыс);
8. Құршаян буынаяқтылар типінің қай класына жатады (өрмекшітәріздестер класына).
-Сәйкестендіру тесті:
1. Шаянтәріздестер класы: а); б); г).
2. Өрмекшітәріздестер класы: ә); в); ғ).
а) Циклоп;
ә) Ит кене;
б) суда тіршілік етеді;
в) құрлықта тіршілік етеді;
г) ... хитиніне әктелген заттар сіңеді;
ғ) ... хитинінде нәруыз көбірек болады.
ІІІ Жаңа сабақ:
І Қызығушылығын ояту
ІІ Мағынасын ашу:
-Бүгінгі сабағымызда Бунақденелілер класын қарастырамыз. Сабағымыздың тақырыбы: «Бунақденелілердің дамуы және пайда зияны». Алдымен бунақденелілердің жалпы сипаттамасын қарастырайық
Өткен сабақта шаянтәріздестердің сыртқы құрылысын қарастырған болатынбыз, ал енді өрмекшітәріздестер мен бунақденелілердің сыртқы құрылысын салыстыра қарастырайық.
- Осы ауыз мүшелерінің ішінде адамды жазғы уақытта мазалайтын ағза түрі қайсысы? (сары маса).
- Алдарыңда тұрған дайын микропрепарат арқылы сары масаның ауыз мүшесін қарастырайық.
- Бунақденелілердің ауыз мүшесінің қай түріне жатады? (шаншып-сорушы).
- Жақсы, енді сендер мынаны білулерің тиіс:
Осында имаго дегеніміз ересек жәндік деген сөз. Енді біз ересек жәндікті имаго деп атауға келісейік. Келістік пе?
Құрғақ зоопрепараттар арқылы жәндіктердің даму сатысын анықтау (шала түрленіп даму, толық түрленіп даму).
ІІІ Ой толғау.
- «Құпия сан» тапсырмасын шешу арқылы.
Бунақденелілердің дене бөліктерін тап Имаго сөзіне анықтама берТура даму
Шала түрленіп даму Толық түрленіп даму
- «Шегірткелер егін алқаптарын жоймаңдаршы» эссе.
IV Бағалау.
V Үй тапсырмасы: § 47, ұғымдарды қайталау.