7


  • Учителю
  • Бунақденелілердің дамуы сабақ жоспары

Бунақденелілердің дамуы сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің көбеюі және дамуы. Даму типтері

Бунақденелілер отрядтардың өкілідері ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктердің зиянкестері.

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділігі:Білім маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға, тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп табуға, құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұқбат жүргізуге, рухани және әлеуметтік жағынан білімдерін көтеру.

2)Дамутышылығы: Баланың дүниетанымын кеңейтіп, рухани өсуіне, жеке тұлға ретінде өзіндік пікірін қалыптастыруға жағдай жасау.

3)Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге және қорғауға,туған елін, жерін сүюге, адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа, жан-жануарларды аялап күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезең.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңабілімді қалыптастыру кезеңі

Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді.Олар:тура даму,(қанатсыз бунақденелілер)шала түрленіп даму,(инелік,дәуіт, шегіртке,бұзаубас, бит, қандала) және толық түрленіп даму(қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, құмырсқа, балара)

Тура даму дегеніміз-ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсасжас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан толысып дамиды.

Толық түрленіп даму деп-дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз.

Шала түрленіп даму деп -дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз.

Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз:

тура даму:жұмыртқа-имаго;

шала түрленіп даму:жұмыртқа -дернәсіл-имаго;

толық түрленіп даму: жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ- имаго.

Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.Имаго(латынша имаго- ересек жәндік)

Бунақденелілерді зерттейтін ғылым -энтомология (гректің «нентома»-бунақдене+ «логос»-ғылым) Ол зоология ғылымының бір саласы .Бунақденелілердің табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер олар өсімдіктерд тозаңдандырмаса ,табиғат аясынан сан құбылып ,көздің жауын алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре аларма едік.Ағаш жапырағында жорғалап жүрген құртқа ұқсас жәндікті көреміз.Бұл көбелектің дернәсілі жұлдызқұрт. Оның 5-жұп жалғанаяқтары бар.Ересек көбелекте 3-жұп аяқтары бар.Ересек көбелектің ауыз мүшесі -түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша. Бұл тұмсықшамен ол гүл шырынын сорады. Көбелектің дернәсілін жұлдызқұрт деп атайды. Жұлдызқұрт өсімдіктің жапырақтары мен қоректенеді және тез өседі, бірнеше рет түлейді.ең соңғы түлеудің алдында ағаш діңіне өрмелеп шығып қуыршаққа айналады.Ол бұл кезде ешбір қозғалыссыз қалады,қоректенбейді.Дегенмен хитинмен қапталған қуыршақта өте күрделі өзгерістер жүріп жатады. Онда ересек көбелектің дене мүшелері қалыптасады. Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден көбелек шығады. Көбелектің даму сатыларын тізіп көрсетелік:жұмыртқа,дернәсіл, қуыршақ, ересек көбелек. Жұмыртқа салу мерізімі ,орны, даму мерізімі әр түрлі бунақденелілердің түріне қарай әрқалай болады. Мысалы зауза қыңызы жұмыртқаларын топыраққа ,шыбын ластанған жергелерге, көбелектер өсімдік жапырақтарына ,ағаш жемісіне т.б.жерлерге салады. Зауза қыңыз дернәсілінің дамуы4 жылға,шыбын дернәсілінің дамуы бірнеше тәулікке созылады.Түрленіп дамудың маңызы бунақденелілердің табиғатта кеңінен таралып ,өз түрлерін сақтауға едәуір мүмкіндігі бар. Дернәсілі ересек жәндіктің қорегіне «ортақтаспайды»,әрі тұрағы да басқа болады. Мысалы,зауза не картоп қоңызының дернәсілі топырақта тіршілік етеді,өсімдік тамырларын ,жер асты бөліктерін жеп қоректенеді.Ал,ересек қоңыздар ағаш жапырақтарын қорек етеді.Химикаттан жер бетіндегі бунақденелілер қырылады да,топырақ арасында жүрген немес еәлі қуыршақ күйінде жатқан дернәсілдер аман қалады.Сонымен түрленіп даму тәсілі де-бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі. Олардың табиғаттағы пайдасы мыс.көңқоңыз топырақты қопсытады,қанқыз, құмырсқа ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды.Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Көбелектер өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды өызмет атқарады, алайда олар дүниеге әкелетін жұлдызқұрттар ауылшаруашылығы үшін нағыз зиянкестер санатында. Жібек көбелектері жібек жіп алу үшін өсіріледі. Тұт көбелегі 5 мың жыл бұрын Қытайда қолға үйретілген. Оның пілләлары тарқалады, алынған жіптен жібек маталарын тігеді. Бір пілләдан 1,5 мың метр жіп қолға тиеді. Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді тағам ретінде пайдаланады.Ал, табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілерде кездеседі мыс. бүйі,қарақұрт,құршаян улылығымен, паразиттік тіршілігімен ауру таратқыштығымен ,омыртқалы жануарларға және адамдарға зиянды. Паразит бунақденелілерге маса,қандала, бит, бүрге,тарақан көптеген қауіпті ауруларды таратып,адамдарға зиянын тигізеді.

Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденеліге -Азиялық шегіртке жатады.Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады.

Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің тығыз топтасуынан -жаушоғыл (кулига),ересектерінің жиналуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді. Саяқ шегірткелер ұзақ ұшпайды-көшпенді емес.Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке)өте қауіпті,зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан өрбіген ұрпақтары екі қойды тойдыратын азықты жояды.Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген гектар егістікті тып-типыл етеді.

Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяушегіртке деп аталады. Жаяушегірткеден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды.Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшеді.

Үкіше агриппа-Самғап бара жатқан үкіше-агриппаны түнгі құс деп ойлап қаласыз. Оның үстіне қанаттарының өрнекті бояуы үкіні еске түсіреді, ал қонақтап отырған көбелекті ағаш қабығынан ажыратып алу қиынның қиыны.

Бәңгі-Мадагаскарда гүлінің тереңдігі 23 см-ге жететін орхидея табылған кезде, Чарлз Дарвин оны ұзын тұмсықты бәңгі тозаңдандырған деген жорамал айтқан.

Жарқырауық- қоңыздар шұғыласының жоғарғы тиімділігі таң қалдырарлық-барлық жұмсалған қуаттың 98% -ы бірден сәулеге айналады, ал энергия сақтаушы шырақта бұл тек 45% -ды ғана құрайды.

Барлық қабық жегілердің-өзіне тән ерекшеліктері бар: денелерінің артқы ұштарын терең тісшелер қаптаған

Бунақ денелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы:

1. Өсімдіктердің сан алуан түрлерін тозаңдандыру (шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ т. с. с.)

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өткір және тәтті шірне бөлуі. Балара, жабайы ара, шыбын, көбелек, қоңыз, құмырсқалар гүлдің тозаңымен, шірнесімен коректенеді.

2. Топырақтан ін қазып, қопсыту (көңқоңыз)

3) Тағам ретінде пайдаланады.(шегіртке, баларалар бал, балауыз береді)

4) Жібек көбелегі жібек алу үшін өсіріледі

Зияны: 1. Бүйі, қарақұрт, құршаян, кене улылығы, ауру таратқыштық

2) Маса, қандала, бүрге, бит, тарақан - паразиттік тіршілігімен, себебі көптеген ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді.

ІҮ. Бекіту кезеңі

Суреттер тапсыру. Дұрыс орналастырып, қай түрлену екендігін анықтау

Сандық диктант 1 "иә" 0 " жоқ"

1.Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жатады

2.Дене бөлімдері: баскөкірек және құрсақ

3.Демтүтік арқылы тыныс алады

4.Масаның ауыз мүшесі-кеміріп-жалаушы.

5.Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұрады.

6.Имаго-дернәсілдің бір түрі.

7.Инелік толық түрленіп дамиды.

8. Қанқыз -зиянды жәндік.

9.Жаяушегірткелер -қанатсыз дернәсілдер

10.Энтомология -бунақденелілерді зерттейді

Биологиялық диктант

  1. Көбелектің дернәсілін … деп атайды.

  2. Шыбынның дамуы … тұрады.

  3. Бал араның көкірегінде … жұп қанаты бар.

  4. Дамуы 4 сатыдан тұратын бунақденелілерді … атайды.

5.Дамуы 3 сатыдан тұратын бунақденелілерді … атайды

Сәйкестендіру тестіқоңыз

инелік

үй шыбын

түкті ара

шегіртке

маса

тарақан

дәуіт

+

+

+

+

+

+

+

+





Ү.Үй тапсырмасы:

№48 оқып мазмұндау. Кестені аяқтау

Сабақ аяқталды боссыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал