7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Тозаңдану 6-сынып

Сабақ жоспары. Тозаңдану 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңдану түрлері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы, тозаңдану түрлерін, ұрықтану процесін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында жаңа технологияларды пайдалану. тез әрекет жасау, тез ойлау, нақты жауап беруге баулу.

  3. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, олады табиғатты аялауға, қорғауға баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ -жауап, АКТ мүмкіндіктерін пайдалану.

Көрнекіліктер: гүлдің, бунақденелілердің суреттері, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: экология, энтомология.

Әдебиеттер: « Өсімдіктану» Р. Әлімқұлқызы, Б. Дүйсебайқызы, Е. Тұрбекқызы, 1997 ж; «Биология» Ж. Жүнісқызы, Р. Әлімқұлқызы, Қ. Жұмағұлова 2002 ж Алматы « Атамұра»; «Өсімдіктер әлемі» Р. Сәтімбеков 2011 ж.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі:

АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып жұмыс жасау (флипчарт сабақтары)

ІІІ. Жаңа сабақты игеру кезеңі.

Флипчарт арқылы жаңа сабақты түсіндіру

  1. Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңдану түрлері.

  2. Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз- өзіне ұқсас ұрпақ ағзаларының сан жағынан артуы. Барлық ағзалар ішінде өсімдіктер де көбейеді. Алайда жер бетінде өсімдіктер мен жануарлар құрып кетпейді. Көбеюдін нәтижесінде олар миллиондаған жылдар бойы өмір сүруде.

Көптеген өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Мұндай өсімдіктердің гүлдерінде арнайы жасушалар- аталық және аналық жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуын- жынысты көбею деп атаймыз.

  1. Тозаңдану-аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі.

Тозаңдану

Өздігінен Айқас

тозаңдану тозаңдану



  1. Өздігінен тозаңдану- бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аталығының аузына (қос жынысты гүл) түсуі.

Табиғатта өздігінен тозаңдану сирек кездеседі. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай тұрғанда тозаңданып үлгереді.

  1. Айқас тозаңдану- бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.



Айқас тозаңдану

Бунақденелілер Жел

арқылы арқылы

  1. Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер гүлдерінің құрылысы алуан түрлі. Ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.

Гүлдің хош иісі мен ашық реңі бунақденелілерді еліктіреді. Балара, жабайы ара, шыбын, көбелек, қоңыз гүлдің тозаңдарымен, шірнесімен қоректенеді.

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерінің тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады. Соққан желге тербеліп, тозаңдарының таралуына бейімделген.

  1. Ұрықтану - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ұрықтану тозаңданудан кейін болады.



IV. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру кезеңдері.

АКТ-мен жұмыс

  1. Тапсырма. Суреттегі гүл бөлімдерінің аттарын белгілеу.

Өсімдік мүшелерін атап жаз

2-тапсырма. Аталық пен аналықтың бөлімдерінің атын жаз

Аталық

Аналық



3-тапсырма. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз.

  1. Гүлдің сабаққа бекінген бөлімі.........................................

  2. Гүлдің кеңейген жерін..........................................дейді.

  3. Жеміс мүшелері .......................................................................

  4. Жеміс түзілетін бөлігі.........................................................

  5. Қорғаныштық қызмет атқаратын бөлім..............................................

  6. Гүлге түс беріп жәндіктерді еліктіретін бөлім ................................

.............................................................................

V. Бекіту

RAFT стратегиясын пайдалану.

Бір объектінің рөліне ену. Мысалы: Мен тозаңмын. Мен гүлдің талығының тозаңқабында боламын.

Гүлдің табиғаттағы маңызы қандай? (тақтаға өз ойларын жазу)

VI. Үйге тапсырма беру кезеңі. Бағалау кезеңі.

& 23 оқу, гүлдер туралы хабарлама жазу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал