7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему Қосмекенділер

Открытый урок на тему Қосмекенділер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облыстық №15 мектеп -интернаты

























Ашық сабақ

Тақырыбы: Қосмекенділер класын кайталау





Сыныбы : 7

Биология пәнінің мұғалімі: Ақылбекова А.Б.

































</<br>


Сыныбы: 7 Пәні : Биология

Сабақтың тақырыбы : Қосмекенділер класын қайталау

Сабақтың мақсаты : Қосмекенділердің сыртқы құрлысының ерекшеліктерін,шығу тегін,түрлерін таралуын қорытындылау арқылы оқушылардың білім қорларын толықтыру.

Сабақтың дамытушылығы: Сұрақтарға нақты жауап беруге,шығармашылық ізденісін,іскерліктерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелігі: Қосмекенділердің ем ретінде қолданылуы,табиғаттағы пайдасы жөнінде айта отырып,табиғатты қорғауға,айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға үйрету,өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткенді қайталау

ІІІ. Қорытынды

Сәлеметсіңдер ме балалар үйге қандай тапсырма берілді? Балалар айтады қосмекенділер класын қайталау. Жақсы ендеше сендермен бүгінгі сабағымызға жоспар құрып алайық.

Бар екен бір мақұлық, дауысы зор,

Қолдары адамға ұқсас-нәсілі сол

Үйлері тас бұлақтан жаратылған

Жеткен адам алады білімді мол

Бұл қай омыртқалы жануар ?

Жауабы : Қосмекенділер

Олай болса » Қосмекенділер » ханшасының сарайына жетіп білім қоймасының көзін ашу.

Бүгін барлығымыз саяхатқа шығамыз.Мен жетекшілерің боламын.Біз сапарға шығардың алдында қосмекенділер туралы ең керекті мағлұматтарды білетін білмейтіндерің туралы тексеріп алу керекпін. Себебі« Қосмекенділер» сарайына тек білімділер ғана жете алады. Дайынбыз ба ?

І . « Қосмекенділер » елі деп аталады . Мұнда екі тапсырма берілген .

  1. Тапсырма. Қосмекенділер класы туралы қысқаша мәлімет.

  2. Тапсырма .

Сұрақтарға жауап бере отырып,қосмекенділерге тән белгілерді сызбаға түсір.









Открытый урок на тему Қосмекенділер









  1. Қосмекенділер туралы ғылым қалай аталады ? (Батрахология)

  2. Ересек қосмекенділер қандай мүшелері арқылы тыныс алады? (Өкпесімен )

  3. Қосмекенділердің миының қай бөлігі нашар дамыған ? (Мишық )

  4. Қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекенділердің саны (3)

  5. Саусаққанатты балықтар мен қосмекенділердің аралық түрі

( Сауысбастылар)

  1. Қарыншадан басталып бүкіл мүшелерген таралып,оң жақ құлақшаға құятын қан жолы ( Қанайналымның үлкен шеңбері )

  2. Қосмекенділердің тік ішегі кеңейеді де оған несепағар,жыныс өнімдері шығатын өзектер және қуық ашылып,неге айналады ? ( Клоака)

  3. Қосмекенділердің дернәсілі қалай аталады ? ( шөмішбалық немесе итшабақ ) деп атайды.

  4. Саламандралар және тритондар қосмекенділердің қай отрядына жатады? ( Құйрықтылар )

  5. Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты ? ( үш )

ІІ. « Таулы » ел деп аталады.

  1. Тапсырма .

Тақтада жануарлардың суреті шығады. Осы жануарларды сипаттап,отрядтарының тұстарына қойыңдар.

Открытый урок на тему ҚосмекенділерОткрытый урок на тему ҚосмекенділерОткрытый урок на тему Қосмекенділер

Открытый урок на тему ҚосмекенділерОткрытый урок на тему ҚосмекенділерҚұйрықты







Открытый урок на тему ҚосмекенділерОткрытый урок на тему Қосмекенділер

Құйрықсыз







Открытый урок на тему ҚосмекенділерОткрытый урок на тему ҚосмекенділерОткрытый урок на тему Қосмекенділер

Аяқты

Құртпошым





Балалар сендермен жорыққа шығуға дайын екенбіз? Олай болса сендермен жолға шығамыз.

ІІІ. Жолда кездесетін келесі кедергі «Өткелдер » елі деп аталады. «Өткелдер елінен » өту үшін сіздерге сұрақ тастап кетіпті:

Қосмекенділер туралы дұрыс пікірлерді белгіле.

  1. Салқынқанды жануарға жатады.

  2. Денелердің температурасы тұрақты болады.

  3. Желбезектері арқылы тыныс алады

  4. Мойындары болмайды

  5. Тілдерінің ұштары артқа қайырылған

  6. Денелерінде аралас қан тарайды

  7. Дернәсілдері шөмішбалық немесе итшабақ деп аталады

  8. Мойындары бір ғана омытқадан тұрады

  9. Жүректері екі қуысты

  10. Сырттай ұрықтанады

  11. Екі түрлі ортада өмір сүреді

  12. Көздерінде қабақтары болады

  13. Қанайналымы бір шеңберлі

  14. Жүректері үш қуысты

  15. Қанайналымы екі шеңберлі

  16. Мишығы жақсы дамыған

  17. Аяқтарында бес саусақтары бар

  18. Саусақтарында тырнақтары бар

  19. Өкпесі және тырнақтары бар

  20. Ішкі және ортаңғы құлақтары бар

  21. Тістері болмайды

  22. Алдыңғы миы екі ми сыңарларына бөлінген.

Жақсы балалар бұл «Өткелдер » елінен сүрінбей өттік. Енді сапарымызды ары қарай жалғастырамыз.

Келесі біздің еліміз « Қосмекенділер сарайы » екен Бұл сарайға кіру оңай емес . Қақпаны күзетіп екі күзетші тұр. Күзетшілердің сұрағына жауап берсек қана бізге қақпа ашылады екен. Бізге 2 хат ұсынды.

1-хат. « Сол өңірдегі бір патшалықта кішкентай,бірақ өте әдемі,сұлулығымен көз тартар көл болыпты.Осы қамысы мен жасыл желегі жайқалған көлдің жағасында кәдімгі көлбақа түріне жататын бақалар бейбіт тіршілік етіп жатыпты.Олардың суы да қорегі де жеткілікті болған.Бір күні жергілікті патша көршілес патшалыққа барып бақалардың сирағынан дайындалған тәтті тағамды жеп көреді.Бұл тағамның патшаға ұнағаны сонша өз үйіне келген соң көлдегі барлық бақаны аулап алып тәтті тағамдар дайындауға бұйрық берді.Бейбіт тіршілікке,жасыл желегі жайқалған көлге қайғы келді.Жергілікті халық та ауруға шалдыға бастады.

Енді сұрақ : Жергілікті халық қандай аурумен ауырғанын ,не себептен ауруға шалдыққанын надан патшаға түсіндіріп беріңіз?

2-хат. Ақын жазушылардың ішіндегі кімдердің өлең мысалдарын білесіңдер қосмекенділерге арнап жазылған.

Балалар барлығымыз күзетшінің сұрағына жауап бердік. Енді қақпа ашылып біз қосмекенділер ханшасының сарайына кіруге рұқсат алдық. Сарайына келген соң қосмекенді ханша мен ханшайым риза болып бізді күтіп алды.Бізден ауылының аман- есендігін сұрап,ауылымның сіздерге қандай пайдасы бар депті.





Открытый урок на тему Қосмекенділер

пайдасы





























Балалардың пікірі сұралады.





Үйге: Қосмекенділердің пайдасы, қазақ ырымы ерекшелігі бойынша эссе жазу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал