- Учителю
- Урок 'Сатылай кешенді талдау'
Урок 'Сатылай кешенді талдау'
Сатылай кешенді талдау
Тамды орта мектебінің химия, биология пәні мұғалімі
Тулешова Т.
Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану, оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, өз беттерінше ізденушілік, өзін-өзі дамытушылық қабілеттерін оятады, ой-өрісін арттырады. Сатылай кешенді талдау технологиясын пайдалана отырып, 6 сыныпта «Жапырақ-өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі» тақырыбына өткізілген сабақты ұсынып отырмын.
Сабаққа слайдтар, дидактикалық құралдар, микроскоп қолданылды.
І. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушының ой-өрісін белсенділігін сабаққа бағыттау, ынта-ықыласын арттыру.
Менен сұрақ, сенен жауап.
-
Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады?
-
Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде?
-
Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылықтарын атаңдар.
-
Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды?
-
Бүршіктер нешеге бөлінеді?
Жаңа сабақ: интерактивті тақта бойынша дайын слайдтар көрсетіледі және оқушыларға дидактикалық құралдар мен суреттер таратылады.
Жапырақ____________
Сипаттама: Жапырақ-өсімдіктің вегетативті мүшесі. (танысу)
Қызметі: 1. Ауадан қоректенуді жүзеге асырады (фотосинтез)
2. Жасушадағы артық суды буландырады
3. Газ алмастырады.
4. Органикалық заттарды қорға жинайды.
5. Көбеюге қатысады.
Жапырақтың сабаққа орналасуы: 1. Кезектесіп 2. Қарама-қарсы
3. Топталып
Жапырақтың сыртқы құрылысы:жапырақ тақтадан (алақаны) және
сағақтан тұрады. Жапырақ сағақты және сағақсыз болады. (талдау)
Ішкі құрылысы (зерттеу)
Жанаспалы жасушалар, борпылдақ және бағаналы жасушалар.
Жапырақ тақтасының пішіні әртүрлі: 1. Ине тәрізді. 2. Жүрек пішінді
3. Бүйрек пішінді 4. Таспа тәрізді (салыстыру)
Жапырақтың сағақта орналасуына қарай: 1. Жай жапырақ
2. Күрделі жапырақ (Үш құлақты күрделі, саусақ салалы және қауырсын
тәрізді күрделі) (дәлелдеу)
Жапырақтың жүйкеленуі.1.анықтамасы: Жүйкелену-өткізгіш шоктардың
жапырақ тақтасына орналасуы. 2.қызметі:1.жапырақ қабаттарына су мен
минералды тұздар жеткізіледі;түзілген органикалық заттар басқа мүшелерге
таралады. 2.жапыраққа беріктік қасиет береді.( талдау)
Жүйкелену типтері: 1.қауырсын тәрізді торлы ; 2.саусақ салалы;
3.параллель(қатарласа), 4.доғалы жүйкелену. (ұқсастығы мен айырмашылығы)
Маңызды түйін
Бекіту: дидактикалық құралдар мен суреттерді пайдаланып жапырақтың сабаққа орналасуы, жапырақ тақтасының пішіндері,түрлері, жүйкелену және оның типтерін
атап аныктама беру.
Зертханалық жұмыс Жапырақтың сыртқы құрылысы, жапырақ саңылауларын анықтау.
Қорытынды
Бағалау .
Үйге тапсырма: §16
Ақтөбе облысы
Алға ауданы