7


  • Учителю
  • Олимпиада материалдары Тест жинақтары

Олимпиада материалдары Тест жинақтары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мұғалім: Ибатова Маншук Кашапқызы. Атырау облысы.Атырау қаласының Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі





Оқушыларға арналған олимпиада материалдары

1.Тұқымы болмайтын өсімдік

А) Банан

Б) Ара

В) Ананас

Г) Көкек мүгі

2. Өсімдіктерде жемістің пісіп - жетілуін жетілдіреді.

А) Ауксин

Б) Гиббереллин

В) Этилен

Г) Цитокинин

3. Қандай жалпақ құрттың дамуы дернәсіл сатысынсыз жүзеге асады?

А) Планария

Б) Сиыр сцепті

В) Эхинококк

Г) Бауыр сорғыш

4. Даражарнақтыларда қандай қор жинақтаушы мүше кездеспейді.

А) Пиязшық

Б) Тамыржеміс

В) Түйнек

Г) Тамыршық

5. Тамырдың қай аймағында клеткалардың митоздың бөлінуі жүреді?

А) Сору аймағы

Б) Өткізу аймағы

В) Бөліну аймағы

Г) Өсу аймағы

6. Күйдіргіш лютиктің гинецейі қандай?

А) Синкарпты

Б) Апокарпты

В) Паракарпты

Г) Лизикарпты

7. Ауыз қуысы ерінсіз болатын жануарлар

А) Қолтырауындардың көпшілігі

Б) Тасбақалар көпшілігі

В) Жыландардың көпшілігі

Г) Кесірткенің көпшілігі

8. Өрмекші сүйелднрі дегеніміз не?

А) Кутекуланның майысуы

Б) Эпителий өсіндісі

В) Боз ұлпасының майысуы

Г) Түрі өзгерген құрсақ аяқтары

9. Сүзгілі түтік элементінің сипаттамалары

А) Екіншілік қабаты, бұзылған ядросы, сүзгілі пластинкалары болады

Б) Біріешілік қабаты, орталық вакуолі, ядросы болады

В) Екіншілік қабаты, каллозаның жоғары мөлшері, сүзгілі пластинкалары болады

Г) Біріншілік қабаты, жыртылған поралары, ядросы болады

10. Тұқымды өсімдіктердегі жанама тамырлар бастамасын не береді?

А) Экзодерма

Б) Эндодерма

В) Перицикл

Г) Қабық паренхимасы

11. Амниот эмбриондарында газ алмасу жүзеге асады

А) Аллантойс арқылы

Б) Амнион арқылы

В) Сероз қабығы

Г) Барлық қабықшалар арқылы

12. Гепарин - қанның ұюшы жүйесінің маңызды жаратылыстық ингибиторы. Ол кеңінен медицинада тромбоздарды, күйіктерді емдегенде, қан құю кезінде қанның тұрақтандырғышы ретінде қолданылады. Қалай ойлайсыз, гепарин ең алғаш рет қайдан табылды?

А) Теріден

Б)Өкпеден

В) Қан плазмасынан

Г) Бауырдан

13. Эндемиктер - бұл тірі ағзалар

А) Шектелген территорияға тән

Б) Жаппай таралған

В) Эволюцияның ерте кезеңдерінен сақталған

Г) Құрып кеткен

14. Артерияның ең басты сипаттамасы қайсы?

А) Клапандары бар

Б) Жүректен қан өткізеді

В) Оттегіне қанық қан өткізеді

Г) Капиллярлардан қан жинайды

15. Тыныс шығарғанда диафрагма

А) Созылады және дөңестенеді

Б) Созылады және түзуленеді

В) Жиырылады және дөңестенеді

Г) Жиырылады және түзуленеді

16. Хлорорласттарда Н+ иондарының градиенті не үшін пайдаланады?

А) АТФ синтезі үшін

Б) НАДФН + синтезі үшін

В) Су фотолизі жүзеге асуы үшін

Г) СО2 - нің сіңуі нәтижесіндегі рН - тың өзгеруін тежеу үшін

17. Фотосинтездің жарық фазасында пайда болады.

А) Оттегі, АТФ және НАДФН

Б) Оттегі және көмірсулар

В) Оттегі және АТФ

Г) Су, АТФ және НАДФН

18. Ата - аналардың бірінші жұбының қан тобы ІІ және ІІІ, ал екінші ата - ана жұбында-ІҮ және ІІІ. Нәрестенің қан тобы - І. Аталған жұптардың қайсысы осы нәрестенің ата - анасы болуы мүмкін?

А) Екеуіде болуы мүмкін

Б) Екеуінің де болуы мүмкін емес

В) Тек бірінші жұп болуы мүмкін

Г) Тек екінші жұп болуы мүмкін

19. Митохондриалық белоктарды синтездейтін гендер қайда орналасқан?

А) Митохондриалық ДНҚ - да

Б) Цитоплазматикалық ДНҚ - да

В) Ядролық ДНҚ - да

Г) Митохондриялық және ядролық ДНҚ - да

20. Қара және сұр тышқандарды шағылыстыру нәтижесінде 30ұрпақ алынды, олардың 14-і қара түсті. Сұр түс қара түске қарағанда доминантты белгі. Ата - аналарының генотипі қандай?

А) Екеуі де гетерозиготалы ( Аа х Аа)

Б) Екеуі де гомозиготалы (АА х аа)

В)Біреуі гетерозигота, ал екіншісі гомозитога (Аа х аа)

Г) Біреуі гетерозигота, ал екіншісі доминантты гомозитога (Аа х Аа)

21. Дальтонизм белгісі бойынша гетерозигота әйел мен қалыпты еркек арасында қандай ұрпақтарды көруге болады?

А) 1/2 қыздары және ұлдары - дальтониктер

Б) Қыздары - қалыпты, ал ұлдары - дальтониктер

В) Қыздарының барлығы қалыпты, ал ұлдарының жартысы дальтониктер

Г) Барлығы дальтоник емес

22. Тұқым қуалайтын аурумен ауыратын еркек, ауру емес әйелге үйленді. Олардың сегіз балалары болды. Оның 4 қыздар, ал қалған 4 ұлдар. Әкесінің ауруын тек қызбалалары ғана тұқым қуалап алды. Бұл аурулардың тұқым қуалау типін табыңыздар.

А) Аутосомды, рецессивті

Б) Аутомсомды, доминантты

В) Доминантты, Х - хромосомасымен тіркескен

Г) Рецессивті, Х - хромосомасымен тіркескен

23. Адамда тұқым қуалайтын ауыру Х - хромосомада орналасқан доминантты генмен анықталды деп есептейік. Осы аурумен ауыратын еркек, дені сау әйелге үйленді. Осы некеден пайда болған ұлдардың қандай бөлігі осы ауруда тұқым қуалап алады?

А) Жартысы

Б) төрттен бір бөлігі

В) Барлығы

Г) Ешқайсысы

24. Қандай жанұяда балаларының белгілі бөлігі альбинос болады?

А) АА х аа

Б) Аа х Аа

В) аа х аа

Г) Аа х АА

25. Несептің пайда болу кезеңдегі сүзілу сатысы қай жерде іске асырылады?

А) Нефронның барлық бөлімдерінде

Б) Нефрон астаушысында

В) Бірінші реттік иірімді өзекшелерде

Г) Генгле шумақтарында

26. Соматикалық рефлекс доғасындағы сезімтал нейрондар денесі қай жерде орналасқан?

А) Жұлын - май ганглияларында

Б) Жұлынның алдыңғы өсінділерінде

В) Жұлынның бүйір өсінділерінде

Г) Жұлынның артқы өсінділерінде

27. Тромбаның негізін не құрайды?

А) Фибриноген

Б) Фибрин

В) Тромбин

Г) Қан плазмасы

28. Мына органдардың қайсысы қанның ең ірі депосы болып табылады?

А) Бүйректер

Б) Ми

В) Жүрек

Г) Тері

29. Ауру қоздырғыштары бөлінетін токсиндер, қандай ауруды өршітпейді?

А) Холера

Б) Коклюш

В) Ботулизм

Г) Туберкулез

30. Иірім құлақтың қайсы бөліміне кіреді?

А) Сыртқы

Б) Ішкі

В) Ортаңғы

Г) Ішкі және ортаңғы

31. Мутация қайда өтеді?

А) Рибосомада

Б) Жасуша қабықшасында

В) ДНҚ - да

Г) Лизосомада

32. Төмендегі процестердің қайсысы митохондрияда жүзеге аспайды?

А) Тотығу арқылы фосфорлану

Б) Гликолиз

В) Транеляция

Г) Трансприпция

33. Жұмыр құрттарда мезодермадан не түзіледі?

А) Салалы бұлшық еттер

Б) Паренхима

В) Тері

Г) Сақиналы бұлшық еттер

34. Насекомдардың жүрегінің құрлысы қандай?

А) Түтікше тәрізді

Б) Екі камералы

В) Көп камералы

Г) Бір камералы

35. Аспергиллалар - ненің өкілдері болып табылады?

А) Бактериялардың

Б) Архей тобының

В) Микромицеттердің

Г) Ашытқылардың

36. Су экожүйесіндегі продуценттер қызметін кейбір түрлер атқара алады?

А) Бактериялар

Б) Моллюскылер

В) Саңырауқұлақтар

Г) Кәсіпшілік балықтар

37. Ара жанұясындағы гаплойдты хромосома жиынтығы

А) Еркек арада

Б) Аналық арада

В) Жұмыскер арада

Г) Ұрғашы арада

38. Ұрықтың даму деңгейлерін дұрыс тізбекте орналастырыңыз.

А) Нейрула, гаструла, бластула, зигота

Б) Зигота, гаструла, бластула, нейрула

В) Бластула, зигота, нейрула, гаструла

Г) Зигота, бластула, гаструла, нейрула

39. Мына организмдердің қайсысында алғаш рет амниотикалық жұмыртқа пайда болған?

А) Бауырымен жорғалаушылар

Б) Сүйекті балықтар

В) Қосмекенділер

Г) Сүтқоректілер, құстар

40. Ас қорту жүйесінің мына бөлімінің қайсысына, оның қызметі сәйкес емес

А) Қарын - белоктарды ыдырату

Б) Ауыз қуысы - көмірсутектерді ыдырату

В) Тоқ ішек - өтті бөлу

Г) Ұйқы безі - ферменттерді бөлу











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал