7


  • Учителю
  • ГУМОРАЛЬДЫҚ РЕТТЕЛУ сабақ жоспары

ГУМОРАЛЬДЫҚ РЕТТЕЛУ сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Биология. 8-сынып.

Сабақтың тақырыбы: ГУМОРАЛЬДЫҚ РЕТТЕЛУ

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды организмнің гуморалдық реттелуідің биологиялық процестерімен таныстыру .

2. Оқушылардың организмнің гуморалдық реттелуінің маңызын білу. .

3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:Панарамалық

Сабақтың әдісі: сұбхат, топтастыру, жоба құру.

Сабақтың пән аралық байланысы: Информатика

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «адам мүшелерінің құрылысы»

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

V. Үй тапсырмасын сұрау

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.

Мысалы, сергек кезде мүшелердін барлық жүйелері бір мезгілде қызмет етеді: адам қимылдайды; тыныс алады; жүрек, бұлшық еттері жиырылады да, қанның тамырлармен қозғалуы қамтамасыз етіледі; асқазан мен ішек ас қорытуды жүзеге асырады және т.б. Ауа райы суық кезде организм суықпен, ал жылы жайға кіргенде организмнің қатты қызуымен күресуі керек. Түскі ас кезінде ас қорыту мүшелерінің жұмысы едәуір күшейеді. Ал шаңғы тепкен кезде аяқ бұлшық еттері жақсы жұмыс істейді. Қиын есепті шығарған кезде мидың жұмыска қабілеттілігі артады. Енжар (пассив) демалыс кезінде организмнің, барлық мүшелер мен жүйелер белсенділігі төмендейді. Осы физио­логиялык процестердің түрақты реттелуі гуморальдык және жүйкелік механизмдермен жүзеге асырылады.

Гуморальдык реттелу. Физиологиялык процестердін гуморальдык реттелуі биологиялық белсенді химиялық заттар - гормондар көмегімен жүзеге асырылады. Гормондарды арнайы бездер бөліп шығарады, олар қан мен лимфаға түсіп, содан кейін бүкіл организмге таралады Қызметті реттеудің осы әдісінің артыкшылығы - химиялык заттар барлык ұлпалар мен дене мүшелеріне жеткізіледі. бірак өте аз мөлшерде де өте белсенді әрекет етеді. Таралу барысында жартылай ыдырап, организмнен шығарылады. Гормондар мүшелер мен ұлпаларга түсіп, оларға белгілі бір әсерін тигізеді. Мысалы, сүйектердід өсуіне, жүрек жиырылуының ырғағына (ритм) әсер етеді және т.б.

Гормондардың ерекше қасиеті бар, яғни белгілі бір

ұлпаларға немесе мүшелерге әсер етеді. секреция бездері де бар, олардың секреті (сөл) (ауыз, асқазан, ішек) немесе сыртқы ортаға бөлінеді қас, май, сүт бездері ж\е т.б.

Іиікі секрецияның маңызды беэіне гипо­физ (массасы 0,5- 0,7г) жатады.

Ол анатомиялық әрі қызметтік тұрғыда мимен байланысты. Гипофиз баска бездердің қызметін реттеуге әсер ететін гормондар өндіреді. Гипофиздің арткы бөлігінің гормондары организмнен зәрдің бөлінуін азайтады, зат алмасуды өзгертеді, ұсак, артериялардың жиырылуын күшейтеді, артериялық қысымның жоғарылауына септігін тигізеді. Арткы бөлік гормондарының жеткіліксіз бөлінуі бүйрек кызметінің бұзылуына апарып соғады, соның нәтижес-де көп мөлшерде зәр бөлінеді (тәул-е 20 л

Гипофиздің алдыңеы бөлігінің гормондары жынысбездерінің дамуы мен өсу процестерін реттейді; сүт бездерінде сүттің түзілуін (лактация) реттейді, қалқанша бездің дамуы мен бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының өсуіне өсер етеді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің басқа гормондары өсу гормонын түзеді де, көмірсулар, майлар мен нәруыздарды қаркынды синтездеу арқылы өсуді реттейді.

1921 жылы америкалык ғалымдар гипофиздің өсу Ормонын бөлетіні туралы ен алғаш пікір айткдн еді. Өсу Ормонының жеткіліксіздігі шеміршектід сүйектенуінің баяулауына, кейде ергежейлілікке апарып соғады. Осы гормоннын артық мөлшері алыптыққа (гигантизм) әкеледі. Адамның бойы жасына байланысты Бой 18-23 жаска дейін өседі де, шамамен 50 жасқа сақталады, содан кейін әрбір 10 жыл сайын 1-2 см кемиді.

Өсу керсеткіші өзгеріп тұрады. Әйелдердін орташа бойы, 160 см, ал ерлерде 170 см деп қабылданған. Бойы 140 см-ден төмен адам аласа, ал 195 см-ден жоғары адам бойы биік деп саналады.

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің төмендеуі өсудін тоқтады. Кейбір адамдардың бойы, мысалы, 60 см-ден 1 м-ге дейін болады, оларды гипофиздік ергежейлілік деп атайды


Гипофиз

Эпифиз


Қалқанша без Айырша без


Бүйрек үсті бе зі

ұйқыбез


Жыныс бездері


. Египеттік ергежей Агибаның бойының биіктігі 38 см ғана болған. Алып адамдар Рим императоры Максимилианның бойы 2,5 м, ал орыс шаруасы Махновтың бойы 2,85 м болтан. Ең биік әйелдің бойы 2,35 м болғаны тіркелген.

Жас үлғайган кезде өсу гормонының артық синтезі акромегалия ауруына - дененің кейбір бөліктерінің өсуіне (қол, аяк басы, төменгі жақ сүйек, мұрын және т.б Алыптық Акромегал ауруымен ауатын адам

ІІІ.1. Ішкі секрецияның қандай бездерін білесіңдер?

2. Ішкі секреция бездері қайда орналасқан?

3. Гипофиз гормондары қалай әсер етеді?

4. Ішкі секреция бездері бөпетін гормондар қайда түседі?

ІV. §10.

V. Биологиялық диктант.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал