- Учителю
- Өркеннің көптүрлілігі ашық сабақ
Өркеннің көптүрлілігі ашық сабақ
ТҮСТІКБАЕВА Ғалия
Алматы облысы
Балқаш ауданы
Бірлік орта мектебі
Биология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Өркеннің көптүрлілігі:Вегетативтиік және генеративтік,жер үстілік және жер астылық өркендер.Өркеннің түрөзгерістері.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктің вегетативті мүшелері - өркен, бүршік жайлы мағлұмат беру.Түрін өзгерткен жер асты өркендердің түрлерімен , ерекшеліктері мен танысып , өзіндік айырмашалықтарын зерттеу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі - өркен, бүршіктің өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметі, олардың түрлері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы -пәнге деген қызығушылығын арттырып,өздігімен ізденуге бағыт бере отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі - адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүнетанымын дамытуға баулу;
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер,сызба-нұсқалар,суреттер,кестелер
Сабақтың типі: құрастырылған
Түрі: Ізденіс сабақ
Әдісі:1.СТО технологиясы.
2.Сұрақ-жауап.
3.Әңгіме-дәріс.
4.Кестемен жұмыс.
5.Тірек-сызбамен жұмыс.
6.Топтастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1) сурет бойынша бос орындарды толтыр:
2.Сабақтың қай қабатына тән екендігін анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар.1. Сабақты жуандатып өсіреді.
2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі.
3. Органикалық заттар қорға жиналады.
4. Су мен минералды заттар қозғалады.
5. Тін талшықтары орналасқан.
6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады.
7. Қабық пен сүректің арасында орналасады.
8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жұмыстың барысы:
Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді.
Өркендерді жіктеу
Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды
Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.
Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.
Ұзарған өркеннің буанаралығы алыс орналасқан.
Қысқарған өреннің буанаралығы жақын орналасқан.
Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады.
Генеративтік өркен репродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.
Өркендердің түр өзгерістері
Тамыр сабақ - жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады. Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жер астында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).
Столон - ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.
Түйнек - сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендер дамиды.
Жуашық (пиязшық) - түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т.б. жатады.
Түйнекті жуашық - сырттай қарағанда жуашыққа ұқсас өркен, бірақ қор заттары өсіп кеткен сабақ бөлігінеде жиналада, ал оның қабаршағы құрғақ (гладиолус, шафран).
Шөгір - түрі өзгерген өркен немесе оның бір бөлігі, төбесі (шырғанақ) немесе жапырағы (барбарис) қорғаныш қызметін атқарады.
Мұртшалар - түрі өзгерген өркендер (жүзім, қияр, асқабақ) немесе жапырақтар (бұршақ, асбұршақ), олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.
Сабақты бекіту:
Кестені толтыру.
1._____________________
______________________
2._____________________
______________________
Тамырсабақ пен тамырдың айырмашалығы
Тамырсабақ
Тамыр
_______________________ ________________________
_______________________ ________________________
_______________________ ________________________
_______________________ ________________________
_______________________ ________________________
_______________________ ________________________
_______________________ ________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
__________________________
Түйнек пен тамырдың айырмашалығы
Түйнек
Тамыр
________________________
________________________
________________________
________________________
________________________
________________________
________________________
________________________
________________________
________________________
__________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
1._____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4._____________________________
5.________________________
Мына өсімдіктерде жер асты өркендердің қайсысы бар екендігін анықтап, тұсына әр өркеннің бас әрпін қойыңдар: тамырсабақты - «ТС», түйнекті - «Т», пиязшықты - «П»
1. Картоп __________ 6. Құртқашаш ________
2. Қызғалдақ ________ 7. Қазжуа ____________
3. Шыршай _________ 8. Лалагүл ___________
4. Сарымсақ ________ 9. Бидайық __________
5. Жералмұрты ______ 10. Қамыс __________
Қорытынды:
1. Түрі өзгерген жер асты өркендердің қандай түрлері бар?_ ________ _________
2. Түрі өзгерген жер асты өркендердің қандай маңызы бар?____ ____________
Үй тапсырмасы: §18.№13 Зертханалық жұмысты аяқтап келу.