7


Сабақ жоспары Жер -Ана

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


№30 Көктөбе орта мектебі.


Тақырыбы:



Мұғалім: Жандилдаева Бақытгүл Оразбайқызы.

Сабақ тақырыбы: Жер-ана.

Мақсаты:

Жер ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

-жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-Жерге қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту;

Жерді қадірлеуге тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар; интерактивті тақта, электронды оқулық, үнтаспа, плакат, топырақ, тас т.б.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрып, «Балдырған» өлеңін айтады.

Б.Кірісбаевтың «Тілек» өлеңін тыңдайды.

-Бүгін сендермен Жасыл мемлекеттегі бір патшалық туралы әңгімелескім келеді. Бұл патшалық әдемілікті, сұлулық пен көркемдікті, тыныштық пен тазалықты жақсы көреді.Ал осы патшалықты көру үшін, «Бөлігін тап» ойынын ұсынамын

Әңгімелесу.

  • Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді?

  • Жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласыңдар?

Мәтінмен жұмыс.

Жер-ана ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында «Көктем иісі» әңгімесін оқу ұйымдастырылады.

  • Бала көктем иісін қалай сезінді?

  • «Көктем иісі» деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?

Жаңа ақпарат

Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.

Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ.Жер бар жерже ел бар.

Ел-ер- азаматтың өмір сүрер ортасы.Жер-адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан, тербеткен бесігі.

Адам өзінің туып -өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір -құрметін жүректен шыққан құдіретті сөзбен, ойлы өлеңмен, сазды әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді.

Тапсырма.

Туған жерлерің туралы әңгімелеп, эссе жазыңдар


Сахналау.

Оқушылар Н.Құмардың «Жер ана тұншықса» атты мәтінін оқып шығып, сахналап көрсетеді.

Дәйексөз.

« Баптағанға жер жомарт» ал балалар сендер жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.Балалар мен сендерге кәзір екі тапсырма беремін сол тапсырманы өз қалауларыңша жасап болған соң қорғап шығасыңдар.

Тапсырма.Топтастыру

1-топ. «Жердің қасиеті».

2-топ. «Жерге қамқорлық».









Дәптермен жұмыс.

Сабақта түйген ойларын пысықтай түсу үшін тапсырмалар беріледі.

Дәптерде берілген аяқталмаған ойды оқушылар өз ойларымен жалғастырып жазуы тиіс.

Қорытындылау.

Иә, балалар, Жер-біздің асыраушымыз. Біздің тағамымыз да, киетін киіміміз де, тіпті оқу оқып, білім алып отырған кітаптарымыздың жасалуына да осы Жер-ананың көмегі зор.Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да, жан-жануарларға да, өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпаңдар.

Жүректен жүрекке.

Күннің нұрын алып Жер-анаға тілектерін айтады.

Балалар барлығы қосылып Ш. Сариевтің «Даусыңнан айналайын» атты өлеңін айтады.


Жоспары:

  1. «Балдырған» өлеңі

  2. «Тілек « өлеңі

  3. «Бөлігін тап»

  4. Әңгімелесу.

  5. Мәтінмен жұмыс.

  6. Сұрақтар қою

  7. Жаңа ақпарат

  8. Тапсырма.

Туған жерлерің туралы әңгімелеп,

эссе жазыңдар

9. Сахналау.

10. Дәйексөз.

11.Шығармашылық жұмыс.

12. Тапсырма.Топтастыру

13.Дәптермен жұмыс.

14.Қорытындылау.

15. Жүректен жүрекке.

№30 Көктөбе орта мектебі.


Тақырыбы:



Мұғалім: Жандилдаева Бақытгүл Оразбайқызы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал