7


  • Учителю
  • Аллельды гендер. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Фенотип және генотип.

Аллельды гендер. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Фенотип және генотип.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Предмет/Пән: Биология 9 сынып. Дата/Күні:---------------- Урок/Сабақ №:41

Тема/Тақырыбы: Аллельды гендер. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Фенотип және генотип.

Цели/Мақсаты: ғалым ретіндегі генетика, бір буданды шағылыстыру, генетикалық негізгі терминдер және нышандар туралы білім қалыптастыру; оқулықты және сызбанұсқаларды пайдалана білуді дамыту, қарапайым генетикалық есептерді құрастырып, шеше білу, белгілердің біркелкілігі, гамета жиілігінің болжамы заңдарын көріп, мәнін түсіну, мұғалімнің тапсырмаларын орындаған кезде адалдыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Г. Мендельдің портреті, «Бірбуынды шағылыстыру», «Басым және басылынқы белгілер» кестелері, «Бір буынды шағылыстыру» құрылымдық сызбанұсқасы, мейоздың қимылдайтын үлгісі, сары және жасыл, тегіс және әжімді асбұршақ тұқымдарының жиынтығы, ЭО.

Тип: жаңа білімді меңгеру сабағы

Методы/Әдіс-тәсілдер: 1) репродуктивті, жартылай-ізденіс, АКТ

Форма организации познавательной деятельности/формалар: жалпылай, жұптық жеке-дара

Формы/формалар: әңгімелеу, оқулықпрен жұмыс, өздік жұмысы,

Ход урока/Сабақтың барысы:

І. Үй тапсырманы тексеру:

138. Төмендегі терминдерге анықтама беріңдер. Жеке-дара жұмыс.

Генетика-...................................

Көпбуданды шағылыстыру-.......................

Таза тармақ-...............................

Басымдық белгі-.........................................

Басылыңқы белгі-............................

Гомозигота-...............................

Диплоидтық-.....................................

Аллельді гендер-...................................

ІІ. Қызығушылықты ояту:

- Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?

- Бұл қасиеттердің қайсысы сабақ тақырыбына сай келеді?

- Көбеюдің қандай түрлері бар?

- Көбеюдің қай түрінде ұрпақтар ата-енесінен ерекшеленуі және ұқсастау болуы мүмкін?

Г. Мендельдің асбұршақпен тәжірибелері.

- Асбұршақтың тәжірибе үшін артықшылығы неде?

- Баламалы белгілер деген не?

-Асбұршақтың ерекшеліктері: өсімдіктің өздігінен тозаңдануы, өзге тозаңның түсуінің болмауы, көптеген баламалы белгілер, дамудың қысқа айналымы, ұрпақтың сан алуандығы. Осыдан бүгінгі тақырыбымыздың мәселесі шығып тұр: «Аллельды гендер. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Фенотип және генотип»

ІІІ. Жаңа тақырып:

А) «Буданды шағылыстыру» кестесі бойынша бір буданды шағылыстырудың мәнісі мен оның заңдары.

Ата-енесі: сары х жасыл (айқас тозаңдану)

Балалары: сары х сары (өзін өзі тозаңдандыру)

Немерелері: 3 сары х 1 жасыл.

Тақтаға және дәптерге жарыстыра жазып, «Бірбуданды шағылыстыру» құрылымдық сызбанұсқасы бойынша түсіндіру, генетикалық нышандар мен терминологияларды кірістіру. Тақтаға оқып өтілген екі заңның қысқаша формуласын жазу:

1 заң - АА X аа -> Аа

2 заң - Аа х Аа -> Аа, 2Аа, аа



Ә) Жұптық жұмыс:

140. Екі бағанадан баламалы белгілер жұбын таңдап алыңдар.

1-тегіс тұқымдар а-қызыл күлте

2-сабағы биік ә-сары тұқым

3-тұқымы жасыл б-жатаған гүлді

4 -күлтесі ақ в-сабағы аласа

5- төбе гүлді г-әжімді тұқым

ІҮ. Пысықтау:

А) Жалпылай:

- Гомозиготаларда қандай гаметалар түзіледі?

- Бірінші ұрпақ будандарда неге жасыл рең пайда болады?

- Зиготалығы бойынша ата-енелер жұбы қандай?

- Гетерозиготаларда қай гаметалар түзіледі?

- Бірінші ұрпақ будандарында неге жасыл түс пайда болады?

- Қай дарақтарды шағылыстыру кезінде басымдылық пайда болады?

- Қай дарақтарды шағылыстыру кезінде будандарда белгілер ыдырауы жүреді?

-Генетикалық есепБелгі.

Ген

Генотип

сары

А



жасыл

А



сары





жасыл





А1

Г] - фенотиптер?

- генотиптер? -%

Одан әрі фенотипін көрсетіп, генетикалық жазба жазу.

Жауабы: Г5 - Аа, аа. 2 генотип, 2 фенотип, % -50% х 50%.



Ә) 139. Сөйлемді аяқтаңдар. Жұптық жұмыс.

А) генетиканы ғылым ретінде негіздеуші-....................................деп саналады;

ә) Мендельдің зерттеу зерзаты-асбұршақ, өйткені ол-.......................................;

б) ата-енелік формалар екі белгісі бойынша ерекшеленгенде шағылысу................................................................................................;

в) тұқым қуалау материалы.........................екі ата-енесінен.........................ұрпақтарға өтеді:

г) тегіс және әжімді тұқымы бар өсімдіктерді будандастырған кезде бірінші ұрпаққа будандардың барлығы...................болып шықты:

ғ) гетерозиготалар-жасушаларының құрамында................болатын ағзалар; д) гаметалар бір-бірден .............және ...................тасымалдайды.



Ү. Қорытынды. Тест жұмысы (жеке-дара). 141. Дурыс жауабын тацдацдар.

  1. Баламалы белгілер: а - әр түрлі, ә - қарама-қарсы, б - тәуелсіз, в - бірдей.

  2. Eкiншi ұрпақтың будандары қандай тозандану жолымен алынған? а - айқас, ә- өздігінен, б - қолдан, в - желмен.

  3. Өсімдіктермен будандастырған кезде арақатынасы 3:1 екені байқалады:

а - сары және жасыл тұқымды, ә - сары тұқымды, б - жасыл тұқымды, в - орта жағдайларына байланысты.

  1. Диплоидты: а - сперматозоидтар, ә - зиготалар, б - жұмыртқажасушалар, в - аталық жасушалар.

  2. Гомозиготалы: а - Аа, аа, ә - АА, Аа, б - АА, аа, в - аа, Аа.

  3. Будандасу кезінде біркелкілік пайда болады:

а - гомозиготалар, ә - гетерозиготалармен бipгe гомозиготалар, б - гетерозиготалар,

в - басылыңқы гомозиготамен бipгe басым гомозигота.

  1. Таза тармақ - бұл: а - гомозиготалар, ә - гетерозиготалар, б - ұрықсыз, в - оқшауланған.

  2. Басымдылық заңының мәні:

а - бip ағза екіншісіне басымдык жасайды, ә - будандарында тек бip ғана белгі пайда болады, б - будандарында қажетті белгі пайда болады, в - будандарында басым белгі пайда болады.

  1. Фенотип - бұл:

а - аяға (фонға) байланысты, ә - гендердің жиынтығы, б - сыртқы белгілер жиынтығы, в - сыртқы және iшкi белгілерге байланысты.

  1. Бұршақ түйірінің түci мыналарды анықтайды:

а - жарық түсу күшін, ә - өзіне тән ерекше нәруызды, б - ата-енелері пигменттерінің араласуын, в - кездейсоқтықты.



ҮІ. Үйге тапсырма: беріледі, жауаптарға баға қояды, санақ жинақтап қорытылады.

1 деңгей: 185 беттегі АВС сұрақтарына жауап беру

2 деңгей: Генотиптері төмендегідей дарақтарда қандай гаметалар түзіледі: АА, Аа, ААВВ, АаВв, АаВВ.

3 деңгей: Қоңыр көздің көкшіл көзден, ал қошқыл шаштың ақшыл шаштан басымдылығын біле отырып, төмендегі дароақтардың генотиптерін жазыңдар.

А-көкшіл көз және ақшыл шаш;

Ә-қоңыр көз және ақшыл шаш;

Б-қоңыр көз және қошқыл шаш;

В-көкшіл көз және қошқыл шаш.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал