- Учителю
- Жасущаның химиялық құрамы. 10 Сынып
Жасущаның химиялық құрамы. 10 Сынып
Күні: Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы:Жасушаның химиялық құрамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жасушаның химиялық құрамы жайлы оқушыларға тереңірек мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Дербес алынған ақпаратты қысқаша, түсінікті түрде хабарлау.
Тәрбиелілігі: Тірі жүйені қолдан жасау мүмкін еместігі туралы алған білімдерін тіршілікке ықыласпен қарауды қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: талдау, топпен жұмыс, тест жұмыстары.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын сұрау, сабақтың мақсатымен таныстырып, түсіндіру..
II.Жаңа сабақты түсіндіру:
Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы ағзалық және бейағзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстар: нәруыздар, майлар, көмірсулар мен нуклеин қышқылдары.
-
Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т.б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45ᵒ - 80ºС -да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.
-
Майлар үш элементтерден құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылдарынан тұрады.
-
Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі: сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі суда еритін тәтті қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза мен гликоген. Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.
Нәруыздар, майлар мен көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді. Майлар жасуша жарғақшасының құрамында көп болады, әрі энергия көзінің негізгі қоры болып табылады.
-
Нуклеин қышқылдары - жасуша ядросында түзілетіндіктен осылац аталған. Нуклеин қышқылдарының құрамында көміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады.
Жасушаның бейағзалық заттары - су мен минералды тұздар. Жасуша цитоплазмасында судың мөлшері аздау болады. Сондықтан цитоплазма - қоймалжың, жартылай созылмалы сұйықтық. Су жасушаға еріткіш ретінде қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық реакциялар тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттарды жасушаға тексұйық күйінде қабылданады. Жасушаның 80%-ы су. Оның мөлшерi кең мөлшерде ауытқиды: тiс эмалiнiң клеткасында шамамен 10 %, ал дамып келе жатқан ұрықта - 90 %-тен көп. Орташа көпклеткалы организмде дене массасының 80 %-iн су құрайды. Ондағы қажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртқа шығарылады.
Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден басқа натрий, калий, кальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар және жасуша аралық теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді. Кальций фосфаты мен карбонаттары мүйек ұлпасының жасушааралық заттарын құрайды. Калий мен натрий мембрана потенциалын жасауға қатысады.
III.Бекіту:
Жасушаның химиялық құрамында қандай заттар кездеседі?
Көмірсулар жасушаның қандай заттары және олар жасушада қандай қызмет атқарады?
Су жасушаға не үшін қажет?
V. Үйге тапсырама. Жасушаның химиялық құрамы.