7


  • Учителю
  • Тұщы су және балдырларының көптүрлілігі және халық шаруашылығындағы маңызы.

Тұщы су және балдырларының көптүрлілігі және халық шаруашылығындағы маңызы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы.

Тұщы су және теңіз балдырларының көптүрлілігі.Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік; Теңіз балдырларының түрлерімен таныстыру, балдырлардың

табиғаттағы маңыздылығы туралы түсінік беру;

Дамытушылық; Таным белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын

арттыру, өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауын

дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға жан-жақты білім бере отырып, оқушыны ізденімпаздыққа,

ұтымды жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта ,биологиялық диктант, «лездемелік сұрақтар»ой толғаныс,биологиялық пошта ойыны, тақтамен жұмыс,

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: теңіз балдырларының суреттер, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

2)Оқу - құралдарын тексеру

3)Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Лездемелік сұрақтар»

  • Балдырлар туралы не білесің?

  • Таллом дегеніміз?Қандай мағынаны білдіреді?

  • Табиғатта жасыл балдырлар бұдан шамамен қанша млрд жыл бұрын пайда болған?

  • Біржасушалы жасыл балдырларға қандай балдыр жатады?

  • Ғарышқа ұшырылған алғашқы өсімдік не деп аталады?

  • Балдырларды зерттейтін бөлімі не деп аталады?

  • Көпжасушалы жасыл балдырларға қандай балдырлар жатады?

Хроматор грекше қалай аталады?

Жауабы

Көбінесе суда,ылғалды топырақта,таста және ағаш діңінде тіршілік ететін төменгі сатыдағы өсімдіктер.

Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі таллом деп аталады.Таллом грекше-таллос-өсінді,қатпаршақ

1,5 млрд

Хламидомонада,хлорелла,хлорококк

Хлорелла

Альгология

Спирогира,улотрикс,кладофора,ульва ,каулерпа.

Грекше хромос-бояу,бояулы.





ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Көпжасушалы жасыл балдырлардың өкілдер спирогира мен улотриксті салыстыр,олардың құрылысының белгілеріне сәйкес келетін сандарды торкөздерге жаз.

Спирогира

Улотрикс

  1. Ағынды судың түбінде өседі.

  2. Бір қатар жасушалардан түзелген жіп тәрізді балдыр.

  3. Жыныссыз жолмен көбеймейді.

  4. Талшықты зооспоралар түзе отырып,жыныссыз жолмен көбейеді.

  5. Хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді.

  6. Хроматофоры ширатылып келген таспа пішінді.

  7. Баяу ағатын суларда қалқып өседі.

  8. Жынысты көбеюі жіптеріндегі екі жасушаның цитоплазмасының

қосылуы арқылы журеді.

  1. Жынысты көбеюі екі талшықты гаметалар түзіліп,олардың қосылуынан

зигота пайда болу арқылы жүреді.

  1. Өсімді жолмен көбеюге қабілетті.

  2. Төсемікке бекініп өседі .

  3. .Төрт талшықты зооспорасы бар

V. Жаңа сабақты түсіндіру

Қоңыр балдырлар. Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған - қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Бұл балдырлардың .кейбір түрлері Қазақстанда Каспий теңізінде де кездеседі.

Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1 500 -дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге дейін жетеді. Қоңыр балдырларға ламинария, саргассум және т.б жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып, 20-30 метр терендікте өседі. Оның сыртқы құрылысы гүлді өсімдіктерге ұқсас.

Қызыл балдырлар. Теңіздің терең түбінде көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Телломы - таспа, тақташа, жіп тәрізді, кейде жіптері тармақталған. Өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбейгенде бөлініп қалған бөліктерінен жаңа дарақ түзілмей, жетіліп, бөлініп өседі. Жыныссыз көбейгенде түзілетін спораларының талшығы болмайды. Судың ағынымен қозғалады.

Балдырлардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Балдырларды қорғау. Балдырлардың табиғатта маңызы зор. Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады.

Теңіз балдырларын өнеркәсіптің көптеген салаларына шикізат есебінде қолданылады. Олардан агар-агар алынады. Агар-агарды тамақ өнеркәсібінде де пайдаланады.

VІ. Жаңа сабақты бекіту

1. «Биологиялық пошта» ойыны

Қызыл балдыр

Қоңыр балдыр

1. Ламинария 2.Плюмария. 3.Нереоцистис4.Саргассум. 5.Хондрус.6.Коралина.7.Порфира.8.Турбинария

жауабы;

Қызыл балдыр-хондрус,коралина,порфира,плюмария.

Қоңыр балдыр-Ламинария,саргассум,нереоцистис,турбинария

2. Ой толғаныс

Тақтаға ілінген сандарға анықтама беру

1500түрі,270м,

20-30м,50см,4000түрі,

180-200м,5000,1.5млрд

VІІ. Оқушы білімін бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

1. § 16. Теңіз балдырлары. Оқып, мазмұндау

Теңіз балдырларының суретін салу











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал