7


  • Учителю
  • Конспект урока на тему: 'Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы. Тістің күтімі. Астың қорытылуында сілекейдің маңызы. Жұту. Жұтқыншақ бадамша бездері, олардың қызметі'

Конспект урока на тему: 'Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы. Тістің күтімі. Астың қорытылуында сілекейдің маңызы. Жұту. Жұтқыншақ бадамша бездері, олардың қызметі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сыныбы: 8 «б»


Сабақтың тақырыбы: Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуы. Тістің күтімі. Астың қорытылуында сілекейдің маңызы. Жұту. Жұтқыншақ бадамша бездері, олардың қызметі.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: ауыз қуысындағы астың қорытылуын, ас қорыту жүйесіндегі азықтық заттардың өзгеріске ұшырау маңызын түсіндіру;

ә)Дамытушылық: талдау, ойлау, салыстыру, қорытындылау, мүшелердің құрылысы мен қызметінің байланысты екенін түйіндей білу қабілеттерін дамыту;

б)Тәрбиелік: cанитарлық-гигиеналық дағдыға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сөздік-түсіндірмелі, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: «Ас қорыту мүшелері құрылысының сызба-нұсқасы», «Ауыз қуысында тістердің орналасуы», «Тістің құрылысы», «Жұту әрекетінің сызба-нұсқасы» оқулықтағы суреттер және плакаттар, адамның бас сүйегінің үлгісі, тест, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Сыныптағы оқушыларды түгендеу. Сабаққа назар аударту мақсатымен тараудың атауын, сабақтың мақсаттарын айтып өту, тамақтанудың маңызын еске түсіру.

- Сабақтың эпиграфымен таныстыру:

«КІМ КӨП ШАЙНАЙДЫ, СОЛ ҰЗАҚ ЖАСАЙДЫ»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) Сұрақ- жауап.

1.Асқорыту жүйесі қандай мүшелерден құрылған?

2.Асқорытуға қандай бездер қатысады?

3.Қоректік заттар деген не? Атап өтіңдер.

4.Адам ағзасына тәулігіне қанша су қажет?

5.Адам организмінде өзгеріссіз сіңірілетін зат?

6.Нәруыздың тәуліктік мөлшері қандай?

7. Көмірсулардың тәуліктік мөлшері қандай?

8.Жұтқыншақтың ұзындығы қандай?

9.Асқазанның сыйымдылығы қандай?

10.Ашішектің ұзындығы қандай?

Ә) Тест.

1.қоректік заттар құрамында қандай органикалық заттар бар:

а\нәруыздар,көмірсулар б\майлар,витаминдер в\су,минералды тұздар

2.Адам денесінде судың мөлшері:

а\20-25% ә\40-45% б\60-65%

3.Адам организмінде өзгеріссіз сіңірілетін заттар:

а\нәруыздар,көмірсулар ә\су б\минералды тұздар

4. Нәруыздың тәуліктік мөлшері:

а\80-90 гр. ә\100 гр. б\400-500 гр.

5.Адамның асқорыту жолдарының ұзындығы:

а\3-5 м. ә\8-10 м. б\15-18 м.

6.Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан:

а\жұмсақ таңдайда ә\ұрттың сілемейлі қабығында б\тілде

7\Асқорыту және тыныс алу жолдары қай жерде қиылысады:

а\ауыз қуысында ә\ жұтқыншақта б\ өңеште

8\Асқорыту жолдарында асқазаннан кейін не орналасады:

а\аш ішек ә\тоқ ішек б\ұлтабар

9.Тоқ ішектің бөлімдерін атаңдар:

а\ашішек, жиек ішек, тік ішек ә\соқыр ішек, тік ішек, ұлтабар б\соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек

10.Ашішек бөлімдерін атаңдар:

а\ұлтабар, аш ішек, мықын ішек ә\соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек

б\ұлтабар, тік ішек

Б) Берілген суреттегі асқорыту мүшелерін атап жазыңдар.




ІІІ.Жаңа сабақ


1.ШАЙНАУДЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРУ-тағамды механикалық өндеу: ұнтақтау, майдалау, сілекеймен дымқылдату, ас түйіртпегін қалыптастыру. Бұл рефлексті әрекет. Адамның шайнау аппараты жануарларға қарағанда нашар дамыған, себебі адам аспаздық өндіруден өткен тағамды қабылдайды.


2.ТІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖӘНЕ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРУ.

а\Тістер көмегімен адам тағамды уатып майдалайды. Ересек адамдағы тістің жалпы саны- 32. Пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс, ит тіс, үлкен және кіші азу тіс деп ажыратады. Екі жақ сүйектерінде орналасқан тістердің формуласын қарастырайық.


ә\ Тістің құрылысын түсіндіру.



б\Сүт тістер туралы айтып өту.

Адамда алдымен сүт тістер, кейін тұрақты тістер шығады. Сүт тістердің алмасуы 6-7 жаста басталып, 15 жасқа келгенде аяқталады.

в\Жақсы шайнаудың маңызын түсіндіру.


3.СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІ сілекей түзеді. Сілекей өзектер арқылы ауыз қуысына ағады. Адамда 3 жұп сілекей бездері бар: 2 шықшыт,2 жақ асты, 2 тіл асты.

а\Сілекей бездерінің іс-әрекетін зерттеу әдістері.

ә\ Сілекей бөлінудің реттелуі

4.ТІЛ-сілемейлі қабықпен жабылған, тамырлары мен жүйкелері көп, қозғалмалы бұлшық етті мүше. Шайнау үдерісінде асты қозғалтады, сөйлеу және дәм сезу мүшесі болып табылады. Тіл мен ерін тағам сапасын анықтауға және оны жұтқыншаққа жылжытуға көмектеседі.

5.ЖҰТУ-рефлексті әрекет. Тағам түйірі тіл түбіріне ауысқанда, рефлексті түрде жұту қозғалысы пайда болады. Тіл түбірі рецепторларынан қозу сопақша мида орналасқан жұту орталығына өтеді. Ол жерден импульс жұтқыншақ бұлшықеттеріне барады. Жұтқыншақ бұлшықеттерінің жиырылуы нәтижесінде жұтылған тамақ өңеш арқылы өтіп, асқазанға түседі.

IV. Бекіту

Кластер толықтыру: «Ауыз қуысында ас...»

V. Қорытындылау

а\ «Ойланып,жауап беріңдер» тапсырмасымен жұмыс (169-шы бет).

ә\ «Сәйкестігін көрсетіңдер» кестесімен жұмыс.

VI. Үй тапсырмасы

§46, ас туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

VIІ. Бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал