7


  • Учителю
  • Урок Ортаның экологиялық факторлары

Урок Ортаның экологиялық факторлары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні:Биология

Мұғалімі:Нұрғожина Г.Х.

Оқушылардың жасы:15-16

Сабақтың тақырыбы:

§58.Экология пәні.Ортаның зкологиялық факторлары.

Күні:20.04.15.

Сілтеме

Ж.Шілдебаев.Ж.Қожантаева.Л.Аманжолова.Алматы «Мектеп»2013ж. Жоспар,әдістемелік оқулықтар, презентациялар,электрондық оқулық,PowerPoint,дидактикалық тапсырмалар.

Жалпы мақсаты

Мағынаны ашу: экологияның ғылым ретінде қалыптасуы, оның құрылымы, міндеттері мен негізгі заңдылықтары, тірі ағзаларға жағымсыз әсер ететін экологиялық факторлар туралы білімдерін қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі



Ой толғаныс.Оқушыларды топқа бөле отырып,сызбанұсқаны,мәтін материалдарын пайдаланып жан-жақты білімді дамыту.



Негізгі идеялар

Джиксо әдісі.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,өз бетімен еңбектену белсенділіктерін арттыру,дағдыларын пәнге деген қызығушылықтарын дамытып,арттыру.

Тапсырмалар

-Оқулықтағы суреттерге,кестелереді пайдаланып экологиялық ұғымдарды меңгеру бағытында тапсырмалар беру.

-Проблемалық сұрақтар.

-Өтілген тақырыптар бойынша оқушыларға тапсырмалар.

-«Ыстық орындық»стратегиясы.Тыңда.Ойлан.Жауап бер.

-Оқулықпен жұмыс.Деңгейлік тапсырмалар.логикалық сұрақтарды шешу.

Кейінгі тапсырмалар

§58.259-269бет.Қайталау,еске түсіру,қортындылау,түсінік айту. Тапсырмаларды орындау.

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Оқушының іс әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.

Адам,ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмарын,іздеген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.(А.Құнанбаев)

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

-Оқушыларды топқа бөлу(топ жетекшілері мен бақылаушыларды сайлау)

-Мақсатын айту.

-Жоспарын айту.

1.Экология пәні,мақсаты мен міндеттері.зерттеу нысандары.

2Экологиялық факторлардың түрлері олардың организм тіршілігіне әсері.

3.Сызбанұсқаны,мәтін материалдарын пайдалану және тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың логикалық ойлау,іздену қабілеттерін жетілдіру.

-Бағалау парақшаларын таратып,бағалау өлшемдерімен таныстыру.

Бағалау өлшемдер:

-Сұраққа толық өзі жауапберсе,дәлелдемелер келтірсе- «5»

-Сұраққа жауап берсе- «4»

-Сұраққа толық емес немесе жолдасының көмегімен жауап берсе- «3»

-Сұраққа ешқандай жауап бермесе -«2»





Аты жөні













Қорытынды баға





















































































































ІІ.Үй тапсырмасы. Дайындығығыңыз қалай?

«Миға шабуыл»Өткен сабақтарды еске түсіре отырып,жаңа сабақты проблемалық сұрақтар арқылы шығару.

Оқушыларға төмендегі проблемалық сұрақтар қойылады:

1.Тіршілік дегеніміз не?

2.Тіршіліктің құрылымдық деңгейін атаңдар

3.Эволюияның ең кіші өлшем бірлігі не?

4.Түр қайда тіршілік етеді?

5.Популяцияда қандай процестер жүреді?

6.Түрден жоғары тіршілік құрылымының тірі ағзаларға қалай әсер етеді?

7.Қоршаған ортаның тіршілікке әсерін зерттейтін ғылым қалай аталады

Міне,Экология ғылымының маңызы мен міндеттерін өздеріңмен бірге талқылаймыз.

Іске сәт...........

ІІІ.Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:Джиксо стратегиясы бойынша.

Жұмыстың реті.

1.Әр топ мүшелеріне экология пәні,ортаның экологиялық факторлары туралы толық мәтіні таратылады.

2.Мәтінді оқып төмендегі тапсырмаларды дәптерге орындайды.

І-топқа. Экология ғылымының бүгінгі күнгі маңызы,мақсаты мен міндеттері,негізгі зертейтін мәселелері,қысқаша тарихи даму жолдары.





ІІ-топқа.Экологиялық факторлар олардың түрлері.





ІІІ-топқа. Экологиялық факторлардың организмдерге әсер ету заңдылықтары.





ІҮ-топқа Экологиялық факторлардың организмдерге әсер ету заңдылықтарына сүйене отырып тіршілік ортаға бейімделуі.





ІҮ.Кезең. «Ой толғау» (ой қорту бағыты)

Тез орындап болған топ өздерін бір сәт мұғалім ретінде сезінеді топ ыждағатты топ мүшесі келесі топқа түсіндіреді,сөйтіп бір біріне айтып шығады.





Ү.Кезең.Не білдік,не көрдіңдер стратегиясы (оқушылар алған бімдері бойынша тапсырмалар орындайды)





І -тапсырма. Суреттегі теңдеуден кейін экологияның зерттеу обектілерін құрайтын ұғымдарды ретімен теріп жазыңдар:





Урок Ортаның экологиялық факторларыУрок Ортаның экологиялық факторлары









ІІ-тапсырма. Экологиялық мазмұнындағы ұғымдарды теріп жазыңдар:

Экология,ботаника,популяция,биоценоз,биценология,гүлді өсімдіктер,жеміс,

тұқым,абиотикалық фактор,микро-макроэкожүйелер,антропогендік фактор,экожүйе,

биосфера,тропосфра,биотикалық фактор,биогеоценоз,экотоп,нооэкология,ұлпа.

ІІІ-тапсырма.Экология ғылымының анықтамасын және зерттейтін мәселелерін жазыңдар:

Экология -





Негізгі зерттейтін мәселелері:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

ІҮ-тапсырма.

Организмдер тіршілігіне әсер ететін шектеуші факторларды анықтап,тұсына жзыңдар.Организмдер

шектеуші факторлар

1.Ақтиін

2.Балық

3.Жасыл өсімдіктер

4.Қос мекенділер

5.Жануарлада түсінің өзгеруі,май жинауы

6.Бидай,сұлы,арпаның өсуіне

7.Елік,доңыз,марал үшін







Жауабы: Жарық, қорек,температура, жылу режімі, тұщы су,

қардың қалыңдыға,су-ылғал.





Ү.кезең

«Менен сұрақ, сізден жауап»тест тапсырмалрын орындау.

Әр топ жетекшілері тест тапсырмаларын алмастырып береді.Кері өздері тексеріп,бағалайды.ІҮнұсқа әр оқушыға жеткілікті.

1-нұсқа.

1. Экология пәні нені оқытады:

A) Өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрамы.

B) Жануарлардың ішкі және сыртқы құрамы.

C) Адамның сыртқы ортаға әсері.

D) Адам организмінде болып жататын физиологиялық процесс.

E) Микроорганизмдердің құрлысы мен генетикалақ ерешеліктері.

2. Экология терминін кім ұсынды:

A) Аристотель.

B) Геккель.

C) Дарвин.

D) Вернадский.

E) Сукачев.

3. Ормандарды шабу келесі экологиялық факторға жатады:

A) Абиотикалық.

B) Биотикалық.

C) Антропогендік.

D) Шектеулі.

E) Алдыңғы.

4. Экология өзінің дамуында неше кезеңнен өтті:

A) 1.

B) 2.

C) 3.

D) 4.

E) 5.

5. Өсімдіктер экологиясының негізін қалаған ғалым:

A) Геккель.

B) Гумбольдт.

C) Дарвин.

D) Иогансен.

E) Рулье.

6. Тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуін атайды:

A) Абиотикалық фактор.

B) Биотикалық фактор.

C) Антропогендік және биотикалық фактор.

D) Антропогендік және абиотикалық фактор.

E) Биотикалық және абиотикалық фактор.

7.Температураның әсеріне байланысты өсімдіктерді мынандай экологиялық топтарға бөледі:

A) Эвритермді, стенотермді.

B) Жылусүйгіштер, суықсүйгіштер.

C) Гигрофильді, мезофильді, ксерофильді.

D) Жылусүйгіштер, жарықсүйгіштер.

E) Жарықсүйгіштер, көлеңкесүйгіштер, көлеңкеге төзімділер.





2- нұсқа.

1. Өсімдікті ылғалдылығы жағынан мынандай экологиялық топтарға бөледі:

A) Гидрофиттер, эвротермділер, стенотермділер.

B) Су сүйгіштер, жылусүйгіштер, суықсүйгіштер.

C) Гигрофильдер, мезофильдер, ксерофилдер.

D) Гидробионттар, жарық сүйгіштер, көлеңке сүйгіштер.

E) Жарық сүйгіштер, көлеңке сүйгіштер, көлеңкеге шыдамдылар.





2. Келесі организмдер суыққанды организмдер болып табылады:

A) Термофилдер.

B) Сциофиттер.

C) Пойкилотермді.

D) Гомойотерді.

E) Криофилдер.

3. Дайын органикалық затпен қоректенетін организмдер:

A) Автотрофтылар.

B) Гетеротрофтылар.

C) Продуценттер.

D) Хемотрофтылар.

E) Фототрофтылар.

4. Эукариоттарға келесі организмдер жатады:

A) Ядроға дейінгілер.

B) Автотрофтылар.

C) Гетеротрофтылар.

D) Нағыз ядролылар.

E) Фототрофтылар.

5. Ағзалық ортада келесі даралар тіршілік етеді:

A) Геофилдер мен геоксендер.

B) Планктон мен нектон.

C) Плейстон мен нейстон.

D) Эктопаразиттер мен эндопаразиттер.

E) Бентос пен пелагос.

6. Жарықтың әсеріне байланысты өсімдіктерді мынандай экологиялық топтарға бөледі:

A) Эвритермді, стенотермді.

B) Жылусүйгіштер, суықсүйгіштер.

C) Гигрофильді, мезофильді, ксерофильді.

D) Жарықсүйгіштер, жылусүйгіштер.

E) Жарықсүйгіштер, көлеңкесүйгіштер, көлеңкеге төзімділер.

7. Жарықтың тәуліктік ауысымы жатады:

A) Абиотикалық фактор.

B) Биотикалық фактор.

C) Антропогендік фактор.

D) Экологиялық емес.

E) Фондық.





ҮІ.Кезең. «Ырыс алды ынтымақ»Оқушыларға тапсырмалар беру.(тақтада экранда көрсетіледі)





Экологиялық диктант.Сөйлемдер

Қажетті жауаптар

1.Екі ірі жүйені зерттеу ..........ғылымның зерттеу нысаны болып табылады.

2.Табиғи орта құруыштарының организм тіршілігіне тигізетін әсерлерін ........деп атайды.

3.Экологиялық факторлар сипатына қарай

........., ..........және............деп жіктеледі.Солардың

ішінде ...........фактор үлкен рөл атқарады.

4.Экологиялық факторлар тірі...........әр түрлі жағдайда әсер етеді.Факторлардың әсері түрліше..............болады.

5.Организмдердің факторлардың әсеріне бейімделудің .........болады.Оны.............факторлар дейді.

6.Организмдерге әсер етуші факторлар уақыт пен кеңістікке байланысты ..............отырады.

7.Әрбір жеке организмдерге тән қолайлы.........және.............факторлар болады.Ең қолайлы әсерді.................деп атайды.

1.Организмдерге,деңгейде:



2.Шегі,шектеуші.



3.Экология



4.Өзгеріп



5.Абиотикалық,биотикалық,

биологиялық оптимизм.



6.Экологиялық факторлар



7.Абиотикалық,биотикалық,

антропогендік.









ҮІІ.Тапсырма: «Мен бәрін білемін»

Төмендегі берілген «Эвристикалық сұрақтардың»жауаптарын дәптерлеріңе белгілеңдер.

1.Экология - биология ғылымдарының бір саласы болып саналады.Неге?Жауаптарыңды фактілермен дәлелдеңдер.

2.Экология (география,химия,биология)ғылымдарымен тығыз байланысты дамиды.

Мысал келтіріп дәлелдеңдер.

3. «Бір тамшы су»экожүйе болаала ма?Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

4.Ғаламдық экологиялық проблемалардың біздің республикамызға қатысы барын атап,оны факторлармен дәлелдеңдер.

5.Күзде жапырақтардың түсуі қандай құбылысты білдіреді және жасушада қандай өзгерістер жүреді?

6.Неміс химигі Ю.Либихтың минимум заңының өмірдегі практикалық маңызына қандай мысал келтіруге болады.

7.Төзімділік заңын қалай түсінесіңдер.мысал келтіріңдер













ҮІІІ.кезең.Мен түсіндім(суретке қарап өз ойын жеткізу)Суретке ат қойып әңгіме құрастыру.





Урок Ортаның экологиялық факторлары













ІХ.Білімді қорту және жүйелеу.

«Ыстық орындық»төрт топтың ішінен ең жүйрік оқушы шығады қалған оқушылар сұрақ қояды тез жауап беру керек ол оқушы білімді меңгерген болып есептеледі.





1.Стенобионттар дегеніміз не?

2.Э.Геккельдің анықтамасы қандай?

3.Шектеуші фактор мәні неде?

4.Эврибионттар қандай организмдер

5.Төзімділік заңы кімнің есімімен байланысты....

6.Антропогендік факторлардың ерекшелігі неде?

7.Жарық сүйгіштерді қалай атайды?





Х.Қорытынды жасау.

ХІ.Үйге тапсырма:§58.9-сынып.259-269беттер.Оқу түсінік айту.





Тапсырмаларды орындау.№8-сызба нұсқаны толтырыңдар(шектеуші факторларға тән тиісті организмдерді соның тұсына жазыңдар).Ақ аю.Түн көбелегі.Колорадо қоңызы.Шортан.. Жауынқұрт.Инелік. Скат балығы.Ақтиін. Көлбақа. Жапалақ.Жарқанат.

Рефлекция кезеңі:

-Оқушы мен мұғалімнің арасында дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-Оқушылардың өзін өзі басқару және басқа адамдармен қарым қатынас принципін үйрету.

-Бүгінгі сабақтың сіз үшін маңызы қандай?

-Білім ағашы, «Менің көзқарасым».





ХІІ.Бағалау:

-Бағалау өлшемдері бойынша оқушылар өзі өз бағалайды. Бағалау бетшесін толтыру.

-Мадақтау, қол шапалақтау.

-Смайликтер беру.

-Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау.

-Формативті бағалау.

-Қорытынды бағалау.













Мұғаліммен амандасады. «Мен кіммін»

тренингінде оқушы өзін таныстырады.

Бірбірінесәттілік

тілейді.

Бірдей бағыт

тағы парақтар алған оқушылар бір үстелдің басына топтасып орналасады.











Тақтада жазулы тұрады,әр тапсырма орындалған сайын оқушылар өздерін бағалап отырады.

























Өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру







Жауаптары бойынша өз көршілерін тексереді.











Оқушылар сұрақтарға тез,әрі дұрыс жауап береді. Оқушылар ойларын қорытады.







































































Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтінің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін ,өйткені сол бөлікті «жанұя топ»оқушыларына түсіндіруге жауапты екендігін,мәтінді тұтас түсіну әроқушының ыждағаттылығына байланысты екендігін

түсіндіру.

























Топ болып орындайды.

Жауап арқылы өздерін тексереді.















































Тақтаға назар аударады.Тыңдайды.











































































Деңгейлік тапсырмаларды өз деңгейлеріне қарай оқушылар жеке жеке орындайды.















Дәптерге жазып алады.













Жаңа сабақ бойынша оқушыға сұрақ қояды.



























Стикерге өз ойларын жазады,іледі.

























Бағалау бетшесін толтырады.













</



Урок Ортаның экологиялық факторлары

Урок Ортаның экологиялық факторлары

Урок Ортаның экологиялық факторлары







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал