7


  • Учителю
  • Оқушыға жасушаның қызметі, құрылысы, бөлімдері, туралы білімді қалыптастыру;

Оқушыға жасушаның қызметі, құрылысы, бөлімдері, туралы білімді қалыптастыру;

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ - 2 Сынып - 7 Мерзімі:



Сабақтың тақырыбы: Жасушасыз тірлік құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға жасушасыз ағза - вирус туралы білімді қалыптастыру;

Дамытушылығы: лездеме сұрақтар беру арқылы оқушыны оқулықпен тез жұмыс жасауға үйрету арқылы білім, білік дағдысын дамыту.

Тәрбиелігі Оқушыларға вирустардың ерекшелігін түсіндіре отырып, адам, жануар, өсімдік өміріндегі зияндылықтарды ажырата білуге үйрету арқылы аурулардың алдын алуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Баяндама, әңгімелесу,

сұрақ - жауап.

Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, презентация материалдары.

Сабақтың барысы:



Ұйымдастыру кезеңі 2 мин



1 Оқушымен амандасу

2 Оқушының назарын сабаққа аудару



Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар 15 мин.





Жаңа сабақ түсіндіру 20 мин



Вирус - латынша «у» деген мағынаны береді.

Вирус - жасушасыз ағзаға жатады, яғни анциттер. 1899 жылы М.В.Бейерник «вирус» терминін ғылымға енгізді.



1. Негізгі бөлім: « Білімге қажет дерек »

  • Ғаламшарымызда - 1,5 млн. жануар;

  • Бунақденелілер - 700 000 түр;

  • Жәндіктер - 232 000 түр;

  • Біржасушалылар - 70 000 түр;

  • Омыртқалылар - 45 600 түр;

  • Балықтар - 20 000 түр;

  • Қосмекенділер - 4 000 түр;

  • Жорғалаушылар -8000 түр.

  • Құстар - 8600 түр;

  • Сүтқоректілер - 5000 түр.

  • Вирустар: - омыртқалыларды уландыратын - 500 түр.

- Өсімдіктерді уландыратын - 400 түрі бар.

Мекен ету ортасы. Вирустар тек тірі ағзаның жасушаларында ғана өмір сүре алады. Олар тірі ағзалардың барлығын уландырады. Олардың өлшемі - 0,0000002 см.

Құрылысы: әрбір вирус нуклеин қышқылдарынан тұрады.

Көбеюі: 30 мин. 1 вирустан 100-деген жаңа вирустар пайда болады.

Вирус[2] (лат. vīrus - «у») - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан -кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.

У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі - басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д'Эрелль (Ф. д'Эрелль) байқаған.



Примеры структур икосаэдрических вирионов.

А. Вирус, не имеющий липидной оболочки (например, пикорнавирус).

B. Оболочечный вирус (например, герпесвирус).

Цифрами обозначены: (1) капсид, (2) геномная нуклеиновая кислота, (3) капсомер, (4) нуклеокапсид, (5) вирион, (6) липидная оболочка, (7) мембранные белки оболочки.

Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады.

Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.

Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейерник енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлерсиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық</<font size="4">саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың клеткадан тыс (вириондар) және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар.













  1. Оқулықпен жұмыс « Лездеме сұрақтар...»

    • Бактериофаг дегеніміз не?

    • Бактериофагтың құрылысы қандай?

    • Бактериофаг атауы неліктен берілген?

3. Вирустар тарататын аурулар. Тірек-схемамен жұмыс:





















































Сабақты бекіту:





  1. Темекі теңбілі өсімдіктің қай органоидін зақымдайды?

  2. Фаг-тің көбею сатысының ұзақтығы?

  3. Вирустар басқа жасушада қалай дамиды?

  4. Иммунитет дегеніміз не?





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал