7


  • Учителю
  • Биология пәнінен сабақ жоспары.Тақырыбы: Эволюциялық көзқарастардың қалыптасуы және дамуы

Биология пәнінен сабақ жоспары.Тақырыбы: Эволюциялық көзқарастардың қалыптасуы және дамуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:____________ Қ.Баянғалиев





Сабақ жоспары

Сабақ :

Күні:

І топ ІІ топ



Тақырыбы: Эволюциялық көзқарастардың қалыптасуы және дамуы

Мақсаты:

Білімділігі: Эволюциялық ілімнің даму тарихын толық меңгеру.

Дамытушылығы: пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелілігі: адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, слайдтар, карточкалар

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың жүру барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі.



ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Эволюция ұғымы. Эволюция деп органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму жолдарын, қозғаушы күштері мен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді. Тірі табиғаттың дамуы туралы алғашқы ой−пікірлер ертедегі Үндістан, Қытай, Египет, Грекия ойшылдарының еңбектерінде жазылған. Онда табиғаттағы барлық зат қозғалыста, өзгерісте болады, олардың біреуінен екіншісі дамып, қарапайымдарынан күрделі формалар қалыптасады делінген.

Алғашқы эволюциялық ілім. Органикалық дүиенің эволюциясы туралы алғашқы ілім XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін француз ғалымы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) қалады. Ол 1809 жылы басылып шыққан ө "Зоология философиясы" атты еңбегінде: "Түрлер тұрақты емес, олар уақыт өткен сайын өзгеріп, біршама жетілдірілген жаңа түрге айналады. Олай болса, тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған тарихи даму жүреді",- деді және ол әрекетті эволюция деп атады. Ламарк бірінші болып ғылымға "биология" терминін енгізіп, бүкіл жануарлар дүниесін омыртқасыздар және омыртқалылар деп екі топқа бөлді.

Жан Батист Ламарктің эволюциялық ілімі[

"Тірі табиғат өзгермейді" деген көзқарастың басым болуына қарамастан биолог-ғалымдар нақты материалдарды жинап көбейте берді. Эмбриология мен палеонтология өз алдына ғылым болып калыптасты. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салған. Ж.Б.Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлар құрылысын тереңірек зерттеуінде. "Зоология философиясы" (1809 ж.) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеді.

Ғылымға "биология", "биосфера" терминдерін енгізді, Ж.Б.Ламарктің еңбектері, негізінен, жануарларды жүйелеуге арналды. Ол ұқсастық белгілеріне қарап жануарларды омыртқасыздар және омыртқалылар деп 6 сатыға, 14 класқа топтастырды. Мұндағы сатылар мен кластар жануарлардың қарапайым құрылысынан бірте-бірте күрделену деңгейіне қарай орналастырылды. I саты - кірпікшелі кебісшелер мен полиптер.

II саты - сәулелілер мен құрттар.

III саты - жәндіктер (насекомдар) мен өрмекшітектестер.

IV саты - шаянтектестер мен былқылдақденелілер.

V саты  - балықтар мен бауырымен жорғалаушылар.

VI саты - құстар мен сүтқоректілер.

Омыртқасыздарды 10 класқа бөлді.

1. Кірпікшелі кебісшелер.

2. Полиптер.

3. Сәулелілер.

4. Құрттар.

5. Буынаяқтылар.

6. Өрмекшітектестер.

7. Шаянтектестер.

8. Қылтандылар.

9. Мұртаяқтылар.

10. Былқылдақденелілер. Шаянтектестер мен өрмекшітектестер және жәндіктер қазіргі кезге дейін өз алдына жеке класс ретіндегі жүйелік топтар. Осылайша Ламарк жіктеудегі табиғи жүйенің негізін қалады. Ламарк:

"Тіршілік өте қарапайым тірі денеден пайда болып қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай дамиды жене бұл құбылыс өте баяу жүреді"

- деді. Ламарктің эволюциялық көзқарастары көптеген деректермен делелденгендіктен эволюциялық теорияға айналды. Ламарк жаңа түрдің пайда болуында эволюцияның негізгі факторы - сыртқы орта (жер бетіндегі гидрогеологиялық жағдайдың ауысуы мен ауа райының өзгеруі) және уақыт екендігін ерекше ескертті. Дегенмен организмдердің өзгеру себептерін, яғни эволюцияның қозғаушы күшін дұрыс түсіндіре алмады. Ламарк эволюдияның негізгі факторы - сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелер өзгереді, ал жаттықпаған мүшелер өзгермейді деп есептеді. Өзгеріссіз калған мүшелер қалады немесе кітшірейіп жойылып кетеді деп оған бірнеше мысалдар келтірді. Мысалы: а) керік</<font color="#252525"> (жираф) мойнының ұзын болуы, оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп ағаш жапырағымен қоректену үшін мойнын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалап қозғалуы нәтижесінде денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған деп түсіндірді. Ламарк - көп әрі белсенді кимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, мүше жақсы өседі және бұл қасиет тұқым қуалайды деп түсіндірді.



Ж.Б.ЛАМАРК іліміне берілген баға. Ламарк биология тарихында эволюциялық ілімді алғаш ұсынған ғалым ретінде белгілі. Ол "түр тұрақты" деген пікірді жоққа шығарып, "түрлер өзгереді" деген көзқараста болды. Ламарк бірінші болып эволюцияның қозғаушы күштері туралы мәселе көтерді."Тірі организмдердің тарихи дамуы барысында уақыт және сыртқы орта жағдайлары шешуші рөл атқарады", - деп орынды айтқанымен, эволюцияның қозғаушы күштерін дұрыс көрсете алмады. Оны түсіндіруде: "Әр организмде жоғары сатыға көтерілуге іштей ұмтылыс болады", - деген қате пікірде болды.



ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

  1. Бірінші болып ғылымға "биология" терминін енгізген француз ғалымы:

  2. Органикалық дүиенің эволюциясы туралы алғашқы ілімді қалған француз ғалымы:

  3. Биология тарихында эволюциялық ілімді алғаш ұсынған ғалым:

  4. Тірі табиғаттың дамуы туралы алғашқы ой-пікірлер жазған ертедегі ойшылдарының мемлекеттері:

  5. Органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесі:





IV. Қорытынды







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал