7


  • Учителю
  • Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік. Зертханалық жұмыс № 3 Өзгергіштік түрлерін зерттеу, вариациялық қатар қисығын түзу.

Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік. Зертханалық жұмыс № 3 Өзгергіштік түрлерін зерттеу, вариациялық қатар қисығын түзу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Предмет/Пән: Биология 9 сынып. Дата/Күні:---------------- Урок/Сабақ №:43



Тема/Тақырыбы: Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік. Зертханалық жұмыс № 3 Өзгергіштік түрлерін зерттеу, вариациялық қатар қисығын түзу.

Цели/Мақсаты: Тірі организмдердің өзгергіштігі туралы білім беру. Өзгергіштікті жіктеу, оны тудыратын факторлармен танысу. Генетикалық терминдердің мәнін ашу. Оқулықпен жұмыс іскерлігін баянды ету, негізгі қорытынды жасай білу, өздігінен ойлай білуді дамыту, өз пікірін қорғай білуге үйрету, еркек және әйел жынысының түзілуін ғылыми тұрғыдан қарай білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықпар: «Өзгергіштік түрлері» кестесі.

Тип: 1) урок изучения нового материала; 2) урок актуализация; урок обобщения и систематизации знаний; 3) урок комплексного применения знаний(л/р); 4) комбинированный урок; 5) контрольный урок.

Методы/Әдіс-тәсілдер: 1) репродуктивный; 2)метод проблемного обучения; 3) объяснительно-иллюстративный; 4) частично-поисковый.

Форма организации познавательной деятельности/формалар:1) фронтальная; 2) парная; 3) индивидуальная

Формы/формалар: вводная лекция; тематическая лекция; беседа; рассказ; самостоятельная работа с учебником; лабораторная работа; зачет;рассказ с элементами беседы.

Ход урока/Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту:

ІІ. Операциялық кезең:

1. Өзгергіштіктің сипаттамасы.

2. Өзгергіштіктің түрлері

Генетика ғылымы тірі организмдердің тұқымқуалаушылығымен қатар өзгергіштіктің заңдылықтарын да зерттейді Өзгергіштік дегеніміз - организмнің сыртқы ортаның әсерінен өзгеруі, яғни оның жаңа белгі-қасиеттерге ие болуы немесе бұрынғы бойында бар белгі-қасиеттерден айырылуы.

Өзгергіштікті жіктеу сызбанұсқасын мынадай түрде көрсетуге болады:

Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік. Зертханалық жұмыс № 3 Өзгергіштік түрлерін зерттеу, вариациялық қатар қисығын түзу.

Организмнің жеке дамуы барысьшда оның морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және басқа да ерекшеліктерінің өзгеретіндігі байқалады. Мұны фенотип­тің өзгергіштігі деп атайды. Фенотиптің өзгергіштіктің генотиптін өзгергіштіктен айырмашылығы - организм генотипі өзгермейді және ол тұқым қуаламайды. Сондықтан мұндай өзгергіштікті тұқым қуаламайтын өзгергіштік деп те атайды. Фенотиптің өзгергіштікке модификациялық өзгергіштік жатады. Модификациялық өзгергіштік деп генотиптің өзгеруіне байланыссыз тек сыртқы орта­ның әсерінен болатын өзгергіштікті атайды.

Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реак­ция нормасымен шектеледі. Реакция нормасы дегеніміз -

организмнің түрліше белгілері мен қасиеттерінің сыртқы орта жағдайларына байланысты белгілі бір шамада өзгере алу қабілеті. Мұндай қабілеттің өзі генотип арқылы анықталады.

Генотиптің өзгергіштік тұқым қуалайды. Оның комби­нативтік және мутациялық деген екі түрін ажыратады.

Генотиптік өзгергіштік кейде гендердің арасында бо­латын әртүрлі комбинацияларға байланысты, яғни гендер бір-бірімен орын алмастырғанда жаңа белгңлер мен қасиеттер пайда болуы мүмкін. Мұндай өзгергіштікті комбинативтік өзгергіштік деп атайды.

Организмнің белгілері мен қасиеттерінің өзгеруі геннің немесе жасушадағы генетикалық аппараттың басқа да элементтерінің өзгеруіне байланысты болса, мұндай өзгергіштік мутациялық өзгергіштік деп аталады.

Мутацияның типтерін жіктеп, кесте түрінде көрсету тиімді.

Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік. Зертханалық жұмыс № 3 Өзгергіштік түрлерін зерттеу, вариациялық қатар қисығын түзу.

Міне, мутацияны осылай төрт түрін сипатына қарай жіктеген соң, олардың әрқайсысына анықтама беріп, мысалдармен түсіндіреді.

Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік. Зертханалық жұмыс № 3 Өзгергіштік түрлерін зерттеу, вариациялық қатар қисығын түзу.

Мутация тудыратын факторды мутаген деп атайды. Мутагеннің үш түрі бар.

Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік. Зертханалық жұмыс № 3 Өзгергіштік түрлерін зерттеу, вариациялық қатар қисығын түзу.

Мутагенез - мутагендік факторлардың әсерінен мутацияның туу процесі.

Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Мутациялық өзгергіштік. Зертханалық жұмыс № 3 Өзгергіштік түрлерін зерттеу, вариациялық қатар қисығын түзу.

Мутант - мутация нәтижесінде белгі-қасиеттері өзгеріске ұшыраған организм.

Сұрақтар

Модификациялық өзгергіштік дегеніміз не?

Генотиптің өзгергіштік дегеніміз не?

Мутациялық өзгергіштіктің қандай түрлері бар?

Табиғи және жасанды мутагенез бен мутагендік факторлар дегеніміз не?

Үйге: Мутациялық құбылыстар мен мутагендік факторларға күнделікті өмірден мысал келтіріп, реферат жазып келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал