7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары биология бойынша Жорғалаушылар класының маңызы

Сабақ жоспары биология бойынша Жорғалаушылар класының маңызы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

7 сынып

Күні:

№ 48 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Жорғалаушылардың көптүрлілігі. Жорғалаушылардың табиғатты және адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты

Топпен жұмыстарды ұйымдастыру, оқушылардың жорғалаушылар туралы түсініктерін одан әрі дамыту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, сөйлеу дағдысының қалыптасуына ықпал жасау. Оқушылардың танымдық тапсырмаларды орындауын жүзеге асыру.

Оқу нәтижелері

Жорғалаушылар класының қандай отрядқа бөлінетіндігін, түрлерін және олардың маңызын білетін болады. Тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарды қолдану дағдысы қалыптасады. .

Сабақ кезеңдері

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Жорғалаушылардың түрлері жасырылған карточканы таңдау



Оқушымен амандасып, түгендейді.

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызып, назарын сабаққа аударады, жорғалаушылардың кластары бойынша топқа бөледі

Сәлемдеседі. Құралдарын дайындайды.

Берілген суреттегі жануарлардың қай класқа жататынына қарай топтарына жайғасады

Суреті бар карточкалар

Үй тапсырмасы

Сұрақ-жауап

  1. 2.«Миға шабуыл»

































































Интерактивті тақтадан сұрақтарды ашады

Қосмекенділер ∆

Жорғалаушылар ○

  1. Құйрықты және аяқсыз отрядтары бар-

  2. Герпетология зерттейді

  3. Қаңқасында алғаш рет кеуде қуысы пайда болды

  4. Терісі жұқа және безді

  5. Жүректерінде қарыншалары жартылай пердемен бөлінген.

  6. Өкпесімен ғана тыныс алады

  7. Көбеюі мен дамуы суда жүреді

  8. Сезім мүшелері - көз, құлақ, танау тесіктері

  9. Дернәсілдері тек суда тіршілік етеді және желбезек арқылы тыныс алады

  10. Күрделі қозғалыс жасауына байланысты мишығы жақсы дамыған.

Қорытынды:

4 ∆ 6 ○











Сұрақтарға жауап қайтарады. Жауаптарын интерактивті тақта арқылы өздері тексереді.







































Оқулық, интерактивті тақта

















































Негізгі бөлім

Білу

Ой қозғау

Топтық

жұмыс

Жаңа сабақты видео көрсету арқылы ашу

Топтарға тапсырмалар береді.

1.жорғалаушылар отрядтары туралы білу

Видеоны көре отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқулықтан мәтінмен жұмыс жасайды, мәтінді оқып, меңгеріп, талдайды, постер қорғайды

Оқулық

Интерактивті тақта

Стикер, маркерлер

Әр топ жорғалаушылардың отрядтары бойынша жұмыс жасайды.

- денесі мүйізді сауытпен қапталған. Қазақстанда дала және батпақ тасбақалары кездеседі. Дала тасбақасы Қазақстанның оңтүстік құрғақ далалы, шөлейтті аймағында кеңінен таралған. Сауыты қоңырқай сарғыш түсті. Аяқтары 4 саусақтан тұрады. Жылына 3-4 айдай белсенді тіршілік етеді де, басқа уақыттарда ұйқыға кетеді. Аталықтарының үстіңгі сауыты күмбездеу болады, ал аналықтарында жалпақтау. Аталығы 11-12 жылда, аналығы 12-13 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Жазғы ыстық мезгілде де, қыста да ұйқыға кетеді. Жылына екі 3еет 4-5 жұмыртқа салып, көбейеді. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Теңіздерде мүйізді сауыты жоқ жұмсақ терілі тасбақалар тіршілік етеді.

Тұмсықбастылар отряды - Жаңа Зеландияның ұсақ аралдарында ғана сақталған, өте ертеден келе жатқан жануар. Гаттерияның сыртқы түрі кесірткеге ұқсас. Дене тұрқы 75 сантиметрдей, салмағы - 0,5-1 кг. Жонында және құйрығының үстіңгі жағында үшбұрышты қабыршақтардан тұратын жалы бар. Төбе тұсында (екі көзінің ортасында) ерекше төбе көзі болады. Сондықтан оны кейде үшкөзді гаттерия деп те атайды. Жыныстық жағынан 20 жылда ғана жетіледі, 8-15 жұмыртқа салады. Одан ұрықтың жетілуі 12-15 айға созылады. 50 жылдан астам өмір сүреді. Өте ертеден бері тіршілік етіп келе жатқандықтан, ол «тірі қазынды» деп аталады.

Қорегін түнде аулап, тереңдігі 1 м інде тіршілік етеді. Гаттерия бунақденелілермен, жәндіктермен қоректенеді. Оның басқа жорғалаушылардан ерекшелігі төмен температурада (6-18 градуста) тіршілік әрекеті күшейе түседі.



Кесірткелер

Жорғалаушылардың ішінде ең көп таралған жануарлар тобы, мұның құрамында 4000 мыңнан астам түрі бар. Мекеніне қарай түсін құбылтатын құбылғы, сұр кесіртке, агама, келес осы отряд тармағына жатады. Қазақстанның қызыл кітабына өте сирек кездесетін келес, батбат, сарлан деген түрлері тіркелді. Сарлан аяғы болмағандықтан кесірткеден гөрі жыланға ұқсас. Бұл жануарлардың көпшілігі құйрығын өздігінен үзе алады. Кесірткелердің көпшілігі жұмыртқа туу арқылы, кейбірі тірі туу арқылы көбейеді. Кесірткелер омыртқасыз жәндіктермен, кейде ұсақ жануарлармен қоректенеді.

Құбылғылардың саусақтары ағашты қысып ұстауға бейім. Тілдері өте ұзын, қорегін сол тілінің көмегімен ұстайды. Олар терісінің түсін жылдам өзгерте алатындықтан құбылғылар деп аталған.



Крокодилдер отряды

Крокодилдер отряды - жоғары сатыда тұрған тобы. 3 тұқымдасқа бөлінеді: қолтырауындар, нағыз крокодилдер және гавиалдар.. Олар көбіне өзен, көлдерде тіршілік етеді. Басында, аналь тесігінің маңында аздаған бездері болады. Тістерінің саны көп. Жүрегі 4 қуысты. Терісі қымбат бағаланады, сондықтан арнайы фермаларда қолдан өсіреді.

Тұрқы 10 м ге дейін жететін ірі денелі жорғалаушылар крокодилдер тропиктік елдерде ғана тіршілік етеді, нілдік және жалды крокодилдер адам үшін өте қауіпті. Көбінесе балықпен қоректенеді, жұмыртқа арқылы көбейеді.

Крокодилдер суда мекендейдi. Құрлыққа сирек шығады. Крокодилдердiң артқы аяқтарында жүзу жарғақшалары болады. Көздерi мен танаулары төбесiнде орналасқан. Крокодилдер - жыртқыштар. Адамға шабуыл жасаған жағдайларда тiркелген.

Крокодилдер отрядында 30 ға жуық түр бар. Крокодилдердің көптеген түрлері мен тармақтары сирек кездесетіндіктен халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл кітабына тіркелген



Сергіту сәті «Мен Қазақпын»

Интерактивті тақта

Түсіну

Сәйкестендіру тесті

Сәйкестендіру тестін тақтаға шығарады

Тесттегі жауаптарды топта талқылап, жауап береді

Интерактивті тақта слайдтарыТасбақалар

Гаттерия

Крокодилдер

Кесірткелер отряды

Денесі мүйізді сауытпен қапталған

Жонында құйрығында жалы бар

Сауыты қоңырқай сарғыш түсті

Дене тұрқы 75 см

Жылына 3-4 ай белсенді тіршілік етеді

Аталықтарының үстіңгі сауыты күмбезденген

Салмағы 0,5-1 кг

Төбе көздері болады

Құйрығын өздігінен үзе алады

Аналықтарының күмбезі жалпақ

Жүрегі 4 қуысты

Аталығының құйрығы ұзын

Төбе көзінде жарық сезгіш жасушалар болады

Тілдері өте ұзын, қорегін сол тілінің көмегімен ұстайды.

Аталығы 11-12 жылда жыныстық жағынан жетіледі

Жыныстық жағынан 20 жылда ғана жетіледі

8-15 жұмыртқа салады

Жазғы ыстықтада, қыстада ұйқыға кетеді

Жұмыртқасынан ұрығы 12-15 айда жетіледі

50 жыл өмір сүреді

Бекіту бөлімі

Қолдану

СТО

Дұрыс анықтамасын тап

Бір күні аңшы адам шөлді жерде келе жатыр еді кенеттен крокодилді көріп қалды, сол кезде ауа райы салқын қыс мезгілі болатын сол мезетте ағаштың бұтағындағы кесірткені байқап қалды. Аңшы байқаған жануарларын қорқытайын және атып алайын деп қаруымен атқысы келіп еді, қаруын үйде қалдырыпты. Сол кезде аңшы қорқып кетті де қаша жөнелді. Қашып келеді, қашып келеді. Бір кезде жануарлар қалып қойды деп ойлап, артына қарап еді, оған тасбақа жетіп қалыпты. Ары қарай қаша берді, қашып келіп жыланның ұясына соқтығысып қалды. Жыланның ұясынан уылдырықтарын көрді. Аңшы ашуланып жылан ешқандай зиян келтіре алмайды ғой ол кішкентай ғана жануар деп жыланның ұясын бұзып тастады.





Тақырып бойынша білімдерін толықтырады

Топ бойынша тапсырманы оқып, дұрысын табады

Оқулық

Интерактивті тақта слайдтары





Қорытынды

Ұжымдық жұмыс

Әр топ өз отрядтарының өкілдеріне синквейн құрастырады

Синквейн құрастыру

Интерактивті тақта. Оқушы дәптері

Бағалау

Оқушыларға тапсырманы орындау кезінде түсті карточка арқылы бағалап отыру

Сары 3

Қызыл сары 4

қызыл 5





Үйге тапсырма

Тапсырманың орындалу тәртібін түсіндіру

Күнделігіне тапсырманы жазады

Оқулық

































































































Сөзжұмбақ:

1. Суда да, құрлықта тіршілік ететін жануар?

2. Тек құрлықта тіршілік етуге бейімделген жануар?

3. Қосмекенділердің құйрықты түрі?

4. Жүрегі 4 қуысты жорғалаушы?

5. Жорғалаушыларды зерттейді?

6. Қосмекенділердің дернәсілдері қайда дамиды?

7. Қосмекенділердің дернәсілдерін қалай атайды?

8. Уы үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан жорғалаушы?







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал