7


  • Учителю
  • Биология пәнінен сабақ Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардыңалдын алу жолдары

Биология пәнінен сабақ Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардыңалдын алу жолдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардыңалдын алу жолдары.

Сабақтың мақсаты:

А.Білімділік:Асқорыту мүшелерінің ауруларының түрлерімен, олардың пайда болуы және олардың алдын алу жолдарымен таныстыру.

Ә.Дамытушылық:Оқушыларға асқорыту ауруларының кейбір таныс емес түрлерімен таныстыра отырып, олардан сақтану шаралары жайында танымын дамыту.

Б.Тәрбиелік:Оқушыларға өз беттерінше жұмыс жасай білуге, бой бас тазалығын сақтауға, қоғамдық орындарда, ас ішкенде гигиеналық талаптарды орындап, дұрыс тамақтану әдебіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: магниттік тақта, интерактивті тақта, ас қорыту мүшелерінің суреттері, асық,оқулық, презентация, видео.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Оқущыларды түгендеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. Әр топқа топ басшы сайлау. Топ басшыларға бағалау парағын беріп, пайдалану жолын түсіндіре кету. Әр тапсырманы орындап болған соң, сол тапсырмаға ұпай қойып отыру керек ,сабақ соңында бағалау.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар үйде дайындаған презентациясын қорғау. А. «Әр мүшенің орны қайда?» Магниттік тақтамен жұмыс.

Б. «Сәйкесін тап!» Сәйкестендіру тесті дұрыс жауаптарды табу.

Орындап болған соң, әр жұп көршісімен алмастыра отырып тексеру.

3.Жаңа тақырып. Асқазан-ішек аурулары. Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне тұрып қалған шұжықтарды, консервілерді, улы саңырауқұлақтарды пайдалану кезінде байқалады.

Асқазан-ішек аурулары кейде ауру қоздырғыш микробтар арқылы таралады.Ондай микробтар қайнамаған су ішкенде, таза жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегенде ағзаға түседі.Таза жуылмаған ыдыстарды пайдаланғанла немесе қолды таза жумаған кезде организмге ауру тудыфатын миктобтар түседі.Бұл бактериялар улы заттар бөледі де, ағзаны улайды. Асқазан мен ішектің қаупін ауруларына-дизентерия/қантышқақ/,іш сүзегі, тырысқақ және басқа аурулар жатады.Бұл аурулардың көпшілігінде дене қызуы көтеріледі,құсады,іщек қызметі бұзылып,іш өтеді.Бұл кеде адам өздігінен емделмеуі тиіс .Ауру белгілері біліне бастағанна-ақ бірден дәрігерге қаралу керек.Кейбір ауру қоздырушы микробтар көбінесе сілекейдің,карын сөлінің,өттің әсерінен тіршілігін жояды.Тіршілікке ерекше бейіммиктобтар ішекке тусуіде мүмкін.мұндай миктобка тырысқақ ауруының қоздырғышы-тырысқақ вибрионын жатқызуга болады.Оның пішіні үтірге ұқсас.Ол сулы ортада ұзақ уақыт тіршілік етуге әбден бейімделген және тіршілігін ұзақ уақыт жоймайды.Тырысқақ вибрионына хлорлы ізбес тез әсер етеді.сондықтанда тырысқақ індеті таралған жерде алдымен қолды сабынмен жуады.Одан кейін арнайы дезинфекциялар ерітіндімен қолды шайып,артынан таза сумен жуалы.Тырысқақ ауруының микробтары аш ішекті, дизентерия миктобтары ток ішекті зақымдайды.

Ішек-қарын ауруларын көбіне тағам калдықтарымен қоректенетін шыбындар,таракандар таратады.Олар тағамдарды әртүрлі ауру қоздырғыш микробтармен,ішек құрттарының жұмырткасымен ластайды.Сондықтанда тағамдарды тоңазытқышта,арнайы ыдыстарда,қораптарда сактау керек.Жәндіктердің жаппай кобеймеуі шін пәтерлерде,үйлерде, аулаларда гигиеналық ережелерді қатаң сақтау керек.Адам ағзасында пішіні мен молшері түрліше ішек құрттары тіршілік етуі мумкңн.Олардың көпшілігі жабайы және үй жануарларының ішкі мүшелерінде тіршілік етеді.Ішек құрттары өз иелеріндегі дайын тағамдық заттармен қоректеніп,у бөледі.Бөлінген у ағзаны улап түрлі ауруларға шалдықтырады.Ішек құрттарымен зақымданған ауруларға тін белгілер:тез шаршайды,басы аурады,лоқсиды, құсады.Кейде өаназдық ауруына да шалдығуыда мүмкін.Іщек құрт аурулары кейде сырттай білінбегенімен адамағзасына көп нұқсан келтіреді.Адам ағзасы көбінесе таспақұрттар,аскарида,қылқұрттар,эхинококпен зақымданатыны сендерге жануартанудан таныс.Іщек құрттар оте осімтал келеді.Олардың жұмыртұқалары көбіне шыбындар арқылы таралады.Қолды таза жумау,көкөністермен жемістерді жумай жеуде ішек құрттарының таралуына себеп болады.Ішек құрттары жабайы және уй жануарлары арқылыда таралады.Етті,балықты шала пісірген кезде де ішек құрттары тіршілігін жоймайды.Балаларда қылқұрттар кір қол тырнақтары,лас киім,төсек-орын арқылы таралады.Ішек құрттарынан сақтану үшін әрбір адам өзінің жеке басының тазалығына зор мән беру қажет.Сонымен бірге көпшілік орындарда /мектепте,аулада және т.б/да гигиеналық талаптар катаң сақталуы тиіс.Тағамнан улану тез арада байқалады.тамақтан уланудың басты себептері:іш аурады,лоұсидв,құсады,іш отеді жалпы әлсіздік байқалады.Кейде адамның қызуы көтеріледі.Тамақтан уланған кезде алғашқы көрсетілетін алғашқы жедел-жәрдем-ішекті,қарынды жуып тазалау.Ішті тазалау үшін жылы суға ас содасын/кейде марганцовка ерітіндісін/қосып ішкізеді.Бұл кездк бір стакан суға бір шай касык ас содасын араластырады.Ішті тазалауда бірнеше рет қайталау керек.Іш тазаланғаннан кейін ауру адамға қою шәй беріп, төсекке жатқызады.Тамақтан уланудан сақтану үшін :тағамдық тзаттарды көбіне тоңазытқышта ұстау керек.Кейде білместіктен улы саңырауқұлақтар жинап пайдалану да улануға себеп болады. Балалар кейде білмей улы өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерін жеп улануы да мүмкін.Сондықтанда өздеріңе таныс емес өсімдіктердің жемістерін жеуден сақтаныңдар! Дұрыс тамақтану және денсаулық. Дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Адам пайдаланатын тағам әр түрлі, әрі қуатты мол нәрлі болуы қажет.Тағамның құрамында өсімдіктерді де,жануартекті де азық-түлік қнімдері болуы шарт.Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым-диетология деп аталады.Асқорту сөлдерінің дұрыс бөлінуіне жеміс-жидектер,көкөністер,жеміс шырындары,сұйық тағамдар әсер етеді.Тамақтану ережесі.Адам күнделікте бір мезгілде тамақтануда дағдылану тиіс.Мұндай тағдыдға үйренген адамда асқорту сөлдері дер кезінде бөлініп,тағам тез қорытлады әрі жылдам сіңеді.

Күніне төрт рет тамақтануға дағдыланған дұрыс.Бұл ережені өсіп келе жатқан балалар мен жасөспірімдер есте ұстағаны жөн.Ал ересектер күніне үш рет тамақтануғада болады.Қазіргі кезде тамақты тәулік ішінде ішу мөлшеріне көзқарас өзгеріп отыр.Бұрын тәулік ішінде пайдаланатын тағамның көбірек мөлшері таңертеңгі және түскі астың үлесіне сәйкес келетін. Қазіргі кезде атқарылатын жұмысшылардың көпшілігі механикаландырылған және автоматтандырылған.Сондықтан да көп жұмыстарды атқаруда дене еңбегінің қатысуы,яғни энергияны жұмсау азайып отыр.Осыған орай,көпшілік диетолог ғалымдар жұмыс уақытында тойып тамақ ішуду тиімді еместігін ескеретеді.Тойып тамақтанған адамдардың асқорту мүшелерінің қарқынды жұмыс істеуіне сәйкес,оларға қан көп келеді.Осы арқылы мидың жұмыс істеу қабілеті төмендейді.Ғавлымдар осыны ескере отырып,тәуліктегі төрт рет тамақтанудың мынадай ережесін ұсынады.Бір күш ішінде пайдаланатын тамақ калориясының 20%таңертеңгілік,20%кешкі астың үлесі болуы тиіс.Ал, сәскелік және түскі астың әрқайсысына 30%үлестен келу керек деп есептейді.Тәулік ішінде пайдаланылатын жалпы тағамдар құрамында 15%нәруыздар,30%майлар,55%көмірсулар болғаны тиімді.Әбрір ас ішудің арасын созып алу асқазан ауруларына шалдықтыруы мүмкін.Тамақты сылқия тойып ішуде зиян.Кешкі асты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішкен дұрыс, тамақтанған кезде асықпай толық шайнап жұту керек. Тамақтанып отырған кезде сөйлеу, радио тыңдау,телевизор көру және т.б.қажет емес.Пайдаланатын тағам өте ыстық немесе өте салқын болмауы тиіс.Ащы тағамдарды пайдалану да зиян.Тамақтанып болған соң ауызды шайып,тісті тазалап,қолды сабындап жууды да ұмытпаңдар!

А) «Білгенге маржан».Жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру.Асыққа жазылған номерлерге байланысты сұрақтарға жауап беру.

1.Асқорыту жолының ауруларын атаңдар.

2.Ауру туғызатын паразит құрттар.

3.Тырысқақ ауруының қоздырғышы қандай?

4.Ішекке түсскен микробтың әрекеті қандай?

5.Ішек құрттардан қалай сақтануға болады?

6.Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым?

7.Аш ішекті зақымдайтынқандай микробтар?

8.Дизентерия микробы қандай ағзаны зақымдайды?

Б) «Нақты сандар»кабинеті өткен тақырыптар бойынша сандарға қарап жауап.

4.Қорытынды: «Соңғыт түйін».Әр топқа берілген тақырыпқа сай,өз ойларына,түсініктеріне кластер құрастырады және оны қорғайды.

1топқа.Ауру түрлері мен жұғу жолдары.

2топқа.Тағамнан улану және аурудың алдын алу.

Бағалау.

Үй тапсырмасы:49.В,С тапсырмалары.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал