7


  • Учителю
  • Тыныс алу мүшелерінің аурулары

Тыныс алу мүшелерінің аурулары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : § 41.Тыныс алу мүшелерінің аурулары және оның алдын алу. Тыныс алу гигиенасы. Жасанды тыныс алу. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуы,тыныс алу мүшелерінң әртүрлі аурулары, олардың пайда болу себебі мен оларды емдеу шаралары туралы білім беру. 2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелілік: тыныс мүшелерінің гигиенасын сақтау, тазалық және жеке бас гигиенасын сақтау, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже : оқушылар тыныс алу мүшелерінің көптеген аурулары ,олардың себебі,таралу жолы туралы біледі және жеке бас гигиенасын оқып-үйренеді. Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру, Аралас сабақ Әдісі: СТО әдісі.ДЖИКСО -әдісі Сабақтың көркемділігі: интерьактивті тақта, слайдтар, плакаттар, буклет, Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезең

а) амандасу, танысу, топқа бөлу

б) оқушыларды түгендеу

в) сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау : Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. (Оқушыларға адам мүшелерінің суреттері беріледі. Сол суреттер бойынша топқа бөлінеді). 1-топ «Сезім мүшелер жүйесі» 2-топ « Тірек- қимыл жүйесі» 3-топ «Тыныс алу жүйесі». ІІІ. Ойша саяхат...

Тыныс алу мүшелерінің аурулары





















ІV. «Кім жылдам ?» (7 минут ) 1. Тыныс алу жолдарын ата 2. Мұрын қуысында ауа қандай өзгерістерге ұшырайды ? 3.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деген не ? 4. Тыныс алу көлемі деген не ? 5. Тыныс алуға қажетті ауаның құрамы? 6.Сыртқа шығарылған ауаның құрамы қандай ? 7.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын қандай құралдармен анықтайды ? 8.Ауа тамырының құрылысы қандай ? 9.Тыныс алуға және тыныс шығаруға қандай бұлшық еттер қатысады? 10. Плевра және плевра сұйықтығының маңызы қандай ?

1.Тыныс алу жүйесі өте маңызды қандай қызмет атқарады? (газ алмасу)

2. Тыныс алу мүшелеріне не жатады? (мұрын,аңқа, көмей, кеңірдек бронхы)

3.Ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді? (көмей)

4. Көмей шеміршектерінің арасында қандай сілемейлі қабаттар болады?

(2 дыбыс сіңірі)

5. Ұзындығы 9-13 см өңештің алдында орналасқан түтік. (кеңірдек)

6. Диаметрі 0,2-0,3мм қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады (альвеолла)

7. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше.(көмекей)

8. Қан жасушалары- лейкоциттердің мұрынқуысы үшін маңызы қандай?

(микробтарды жояды)

9.Дыбыс сіңірлері арасындағы кеңестік не деп аталады? (дыбыс саңылауы)

10.Тыныс алу органдарының ішінде ең үлкен орган? (өкпе)



Ой қозғау:

Ф.Купер романында үндістер су түбіне батып, қамыс түтігімен тыныс алу арқылы жауларынан құтылған екен. Бір қызығы бұл әдіспен су тереңдігі 1,5 метрден артық болса құтылу мүмкін емес.

Жауабы: 1,5 метрден артық тереңдікте қысым өсетіні соншалықты ауаны ішке қарай тарту мүмкін болмай қалады.

V.Жаңа сабақ: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) +

тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС = 500 мл + 1500 мл + 1500 мл = 3500 мл.

Жасанды тыныс алу жолдары: ә) түймелерін ағытып, кеудесін жалаңаштау; б) мұрны мен аузын дәкемен жауып, минутына 16 рет ауа үрлеу; в) суға кеткенде етпетінен жатқызып, өкпесін судан тазартып құстыру; г) жүрегі тоқтап қалса кеудесін қос қолдап ырғақты басу; д) әрбір 5-6 рет басқаннан соң аузына ауа үрлеу; е) тамыр соғуын ұдайы тексеріп (қадағалау) тұру.

Демонстрациялау әдісі :Тәжірибе көрсету (мұғалім көрсету болады 5 минут ) .Мұғалім таза мақтаны алып, оның үстіне жанған темекіні салып, қақпағын жабады. Содан соң 2-3 минөт өткен соң мақтада қандай өзгеріс болғанын , яғни мақтаның темекі түтінінің әсерінен ластанғанын көрсетіп , егер осы мақта біздің өкпеміз десек ,оның темек әсерінен қаншалықты бұзылатынын байқауға болатынын түсіндіріп, темекі шегетін кісінің өкпесі мен темекі шекпейтін кісілердің өкпесінің суретін көрсете отырып, оқушыларды жат әдеттен аулақ болуға шақырады. Жаңа сабақты бекіту: ДЖИКСО -әдісі (оқушыларға тақырыптар беріледі, сол тақырып бойынша плакатқа сурет немесе тірек-сызба арқылы түсіндіреді. Дайындалуға 5 минут беріледі). 1-топ : «Сезім мүшелер жүйесі» тобы. Тыныс алу мүшелерінің аурулары туралы дайындалады. 2-топ : «Тірек- қимыл жүйесі»тобы. Тыныс алудың гигиенасы туралы дайындалады. 3-топ : «Тыныс алу жүйесі»тобы: Жасанды тыныс алу туралы дайындалады. Дайын топтар ортаға шығып басқаларға түсіндіреді, постер қорғайды (5 минут ).

Үйге тапсырма: § 41.Тыныс алу мүшелерінің аурулары және оның алдын алу. Тыныс алу гигиенасы. Жасанды тыныс алу. Қосымша әдебиеттерден тыныс алу мүшелерінің аурулары туралы материалдар жинақтап, реферат жазу.

Қорытынды: Тынысмыз тарылмасын, тыныс жолдарын зиянды нәрселерден сақтайық!

Кері байланыс.



























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал