- Учителю
- Ашық сабақтар: 'Жемістер' (6 сынып)
Ашық сабақтар: 'Жемістер' (6 сынып)
Сынып: 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жемістер
Мерзімі: 20.11. 2015
Сабақ мақсаты: Жемістердің түрлерімен құрылысын білу, билогиялық маңызын анықтап, өзара салыстыру арқылы баға беруге үйрену.
Күтілетін нәтиже:
1) Барлық оқушы:оқулық, қосымша ақпараттар арқылы жемістердің биологиялық маңызын анықтайды
2) Көпшілігі: жемістердің түрлерін өзара салыстыра алады
3) Кейбір оқушылар: кеппе шөптер жинақтары арқылы, қосымша материалдар арқылы жемістерге баға беруді үйренеді
Міндеттер:
- оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту;
- сабақ мақсатына жетуге мүмкіндік беру, қолайлы жағдай орнату;
-оқулық, сызба нұсқалармен, диаграммамен, графикпен жұмыс істеу тәсілдерін үйретуді жалғастыру;
- Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге, өзін әділ бағалай білуге тәрбиелеу болады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Құралдар:оқулықтар, қосымша материалдар, қима қағаздар, жемістердің жинақтары.
Әдіс-тәсілдер: топтық,бағалау парағы ,проблемалық сұрақтар.
Сілтеме: Биология 6 сынып. «Мектеп» 2015, Биология ҰБТ-ға дайындаламыз «Астана»- 2014», «Самғай біл»ЖШС қосымша мәліметтер
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру
кезеңі
3мин
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.
Мұғалім оқушыларды топқа бөлу үшін жеміс салаты әдісін пайдалану
Оқушылар амандасады. Сабаққа дайындалады.
- Оқушылар топқа жеміс түрлері
мен бөлініп, топ ережесін қолдана отырып топ басын сайлайды.
6 минут
- Сыныптың сабаққа деген зейінін шоғырландыру үшін. Өткен сабақпен байланыстыра отырып жаңа тақырыптқа шығу. Доп лақтыру әдісі. Үй жұмысын тексеру. Жеміс туралы оқушылардың ойларын білу.
- Жетістік критерилерімен таныстырады
Оқушылар өсімдіктің құрылысын еске түсіре отырып, тақырыпты ашады.
Жемістер туралы оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Негізгі бөлім.
20 минут
3 мин
Күтілетін нәтижеге жету мақсатында топтарға «Кезбе тілші» әдісі арқылы «Жемістер» туралы жаңалықтар бағдарламасын жасайды. Рөлдік ойындар беріліп, жетістік критеридері ұсынылады, түсінік деңгейі бағаланады.
1 топ- Телестудиядағы диктор ( Ақпарат береді)
2 топ- Газет тілшілері (Сабақ барысынан ақпарат ұсынады) Құрғақ және шырынды жемістерді салыстыру
3 топ- Тілшілер сұхбат алады. (Сұрақтар дайындап топтарға сұрақ қояды)
4-топ: Радио тілшілері: Сабақ бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.
Осы тапсырманы орындау үшін бағалау критерийлері беріледі.
-
Табыс өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, тапсырманы талабына сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы)
-
5 мин уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір-біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі.. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды
Сурет арқылы жемістердің арасындағы айырмашылығын табу. НЕГЕ?
4 топқа төрт түрлі сурет беріледі. Суретке қарап айырмашылықтарын табады
Сергіту сәті. Би
1 топ- Телестудиядағы диктор ( Ақпарат береді)
2 топ- Газет тілшілері (Сабақ барысынан ақпарат ұсынады) салыстыру
3 топ- Тілші сұхбат алады.
4-топ: Радио тілшілері: Сабақ бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.
Осы тапсырманы орындау үшін бағалау критерийлері беріледі.
-
Табыс өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, өнімнің/тапсырманың талабына сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы)
5 мин уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір-біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Жетістік критерилері арқылы бағалайды.
Барлығы орнынан тұрып билейді.
Рефлексия
7 мин
Тақырыпты қорытындылау мақсатында компьютерде тест тапсырмасын орындайды.
Оқушылар тест тапсырмасын орындайды. Бағалайды.
Үйге тапсырма
1 мин
Мақал-мәтелдер жазып келу. Бір жеміске сипаттама беру. Тақырыпқа презентация жасау
Оқушылар күнделіктерін алып жазып алады.
Сабақты бағалау
6 минут
Сабақ басындағы мақсат пен күтілетін нәтижеге қайтып оралу, сабақты қорытындылауға мүмкіндік беру
Жалпы жұмыс бойынша кері байланыс:
1 топ- «Синквейн» әдісі бойынша өлең шығарады.
2 топ- Эссе жазады.
3 топ- «Досыма хат»
4 топ- Болжау кестесін толтырады.
Білеміз
Білдік
Білуіміз керек
Оқушылар өз мақсаттарына қайтып оралып, жетістік критерилері арқылы өзін-өзі бағалайды,ауызша қорытынды шығарады
Кері байланыс береді. Оқушылар сабақтан алғанын қорытады.
«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» ММ
Ашық сабақ
Тақырыбы
Жемістер
6 сынып
Өткізген биология пәнінің мұғалімі
А.Т. Койлыбаева