- Учителю
- Бунақденелілердің көбейуі және дамуы. Даму типтері. 7-cынып
Бунақденелілердің көбейуі және дамуы. Даму типтері. 7-cынып
Сынып-7 күні __ __ __
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің көбейуі және дамуы. Даму типтері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқукшылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру. Оқушыларға бунақденелілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін- өзі дамытуына жетелеу жәнеоқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Графопроектор, плакаттар, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: Экология
Сабақтың әдісі: Өз бетінше оқып, танып білу.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, жаңа сабақты бастау.
II Үй тапсырмасын сұрау.
1) Жіктелуі: Отрядтарын, өкілдерін атау.
Тапсырма: Сәйкестендіру.
1. Турақанаттылар отряды. А) дәуіт
2. Тарақандар отряды. Ә) шегіртке, саяқ, шекшек, шілделік, бұзаубас.
3. Дәуіттер отряды. Б) құмырсқа, балара, шаншар.
4. Жарғаққанаттылар оряды В)қандалалар
5. Шалақатқылқанаттылар отряды Ғ) маса, құмыты, шіркей, қара шыбын, 6. Қатқылқанаттылар отряды. Д) көбелек
7. Қосқанаттылар отряды. Е) тарақан
8. Қабыршаққанаттылар отряды. Ж) қоңыз
Жауабы: 1Ә, 2Е, 3А, 4Б, 5В, 6Ж, 7Ғ, 8 Д.
2)Оқушылар дәптерлерін өзара алмастырып, тексереді.
Рефлексия.
1. Бунақденелілер арасында күрделі көзшелерімен қатар жай құрылысты көзі бар. (+)
2. Су жәндіктері желбезек арқылы тыныс алады. (-)
3. Жұмыртқадан шыққан жәндіктердің бәрі дернәсіл және қуыршақ сатысынан өтеді. (-)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сынып үш топқа бөлінеді.
-
Бунақденелілер деп аталу себебі неліктен және қандай түрлері бар ?
Буынаяқтылар типі
Бунақденелілер класы
-
Класс тармағы
туақанаттылар
қанаттылар
-
Бунақденелілердің дене құрылысы неше бөліктен тұрады ?
-
Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің сан алуандылығы.
Шыбын
Сүзіп алу
Маса
Шаншып сору
Тарақан, қоңыз
Кеміруші
Балара
Кеміріп жалау
Көбелек
Түтік тәрізді ауызбен сорушы
5. Бунақденелілердің көбеюі:
а) Толық түрленіп даму дегеніміз не ?
жұмыртқа→дернәсіл→қуыршақ→имаго
б) Тура даму:
жұмыртқа→имаго
в) Шала түрленіп даму:
жұмыртқа→дернәсіл→имаго
Тура даму
Қанатсыз бунақденелілер
Шала түрленіп даму
Ақпа, инелік, дәуіт, бит, қандала, шегіртке, бұзаубас
Толық түрленіп даму
Қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар,т.б.
6. Имаго дегеніміз не?
Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталынады.
Имаго ( латынша имаго- ересек құрт дегенді білдіреді ).
7. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады ?
Энтомология деп аталады ( гректің « ентома » - бунақдене + « логос » - ғылым деген сөзінен шыққан ).
8. Бунақденелілердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы.
IV Сабақты бекіту
Тапсырмалар. Экраннан тест тапсырмалары көрсетіледі. Дәптермен жұмыс.
1. Бунақденелілердің денесі:
А) баскөкірек, құрсақ
Ә) құрсақ, көкірек
Б) бас, көкірек, құрсақ
2. Бунақденелілерде:
А) 4 жұп аяқ
Ә) 3 жұп аяқ
Б) 2 жұп аяқ
В) 1 жұп аяқ
3. Бунақденелілердің көпшілігнде қанат бар. Олардың саны:
А) 1 не2 жұп
Ә) 2 жұп
Б) 1 жұп
4. Бунақденелілердің қанаты бекінген:
А) кеудеге, құрсаққа
Ә) кеудеге
Б) баскөкірекке, құрсаққа
В) баскөкірекке
5. Бунақденелілердің қанайналым жүйесі:
А) ашық
Ә) жабық
6. Жүрегі орналасқан:
А) дененің артқы жағында ішек үстінде
Ә) құрсақ жағында ішек астында
В) бас жағында
7. Зәр шығару жүйесі:
А) мальпигий түтікшелері
Ә) бүйрек
Б) ауа қапшықтары
Г) мальпигий түтікшелері және майлы дене
Жауабы: 1Б, 2Ә, 3А, 4Ә, 5А, 6А, 7Г.
Ү Қорытынды
Бунақденелілер - буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. Көпшілігі құрлықта мекендейтін, демтүтік арқылы ауамен тыныс алатын, дара жынысты, буынаяқты жәндіктер.
VI. Үйге тапсырма беру.
Бунақденелілер тақырыбын оқып келу.
ҮІІ Оқушыларды бағалау