- Учителю
- Открытый урок по биологии 'Гидра' (7 класс)
Открытый урок по биологии 'Гидра' (7 класс)
Атырау қаласы Жұмыскер кенті
Исатай Тайманов атындағы орта мектеп
Бағыты: Жануартану
Сыныбы: 7 "а"
Ашық сабақтың тақырыбы: "Гидраның құрылысы"
Өткізетін: биология пәнінің мұғалімі: А.Т.Жексенова
2014-2015 о/ж
Күні: 10 қазан
Сыныбы: 7 "а"
Ашық сабақтың тақырыбы: "Гидраның құрылысы"
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ішекқуысты жәндіктердің құрлысы,
сан алуандығы, тіршілік жағдайы, ішекқуыстылардың
табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты:
дүниетанымдарын кеңейту, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: ішекқуыстылардың пайда - зияны, сақтану шараларын түсіндіру, әсемдікті сезіне білуге, табиғаттағы үйлесімділікті сақтай білуге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін ояту.
Міндеттері:
1. Сабақ барысында алған ақпараттарын өзгелермен бөлісуді үйрету.
2. Топта жұмыс жасата отырып, бірін-бірі оқытуға және бірін-бірі бағалауға үйрету.
3. Өзгенің пікірін тыңдауға, сыйластық танытуға, мәдениетті қарым-қатынасқа дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер: Суреттер бойынша жаңа сабақтың тақырыбын айқындай алады, өз ойларын жинақы жеткізе алады, мәтінмен танысу нәтижесінде әрекеттерін іс жүзінде көрсете алады; оқушылар тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін өз дәрежесінде қолдана алады, табиғатты және оның байлықтарын қорғау - баршамыздың міндетіміз екенін ұғынады.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, оқулықпен, суретпен және тақтаның көмегімен жұмыс істеу арқылы пәнді игеру, пікір білдіру, тапсырмалар орындау және.т.б.
Пәнаралық байланыс: сурет, экология, әдебиет
Тапсырмалар: топтық, жұптық жұмыс түрлері, постер арқылы «біржасушалылар», "көпжасушалылар" сөзіне толық сипаттама беру, жобаны қорғау;
Дерек көздері, құрал-жабдықтар: оқулық, маркерлер, интербелсенді тақта, бағалау парақтары, слайд материалдары, суреттер салатын парақтар, флипчарттар, стикерлер, әуенді музыка
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру
-
оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
-
оқушылардың сабақ құралдарын тексеру
Мотивациялық трениг (психологиялық ахуал) 5 минут
Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Қайырлы күн, жер ана,
Қайырлы күн , көк аспан
Қайырлы күн, балалар
Қайырлы күн, мұғалім
-Балалар сендер қолдарыннан ұстап тұрғанда не сезіп тұрсыңдар? -Жылулық.
-ендеше осы жылуымызды , бір-бірімізге сыйлайық. (балалардың тілегі. Мен саған бақыт тілеймін. )
Сыныпты топқа бөлу
(оқушыларға шелекте тұрған әр түрлі жемістерді беру арқылы 4 топқа бөлемін)
"Лимон", "Банан", "Алма", "Алмұрт" топтары
(Бағалау парақшасын оқушыларға беру/4 топқа)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(Есік қағылады. Есіктен кірген мұғалім Тазша баладан сыныпқа келген хатты береді. Сол хатта берілген тапсырмаларды оқушылар орындайды)
Біржасушалыларға тән ерекшеліктерді белгілеп көрсетіңіздер:
"Иә"
"Жоқ"
Ерекшеліктері
+
Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі
+
Оларды қарапайымдар деп те атайды
-
Жасыл эвгленаның екі талшығы болады
-
Тамыраяқтылардың дене пішіні тұрақты
+
Кірпікшелі кебісшенің пішіні кебіске ұқсайды
+
Амеба протей амебалардың ірі түрінің бірі
+
Вольвокстың әрбір дарағы шоғыр болып тіршілік етуге бейімделген
-
Хлоропластың құрамында хлоропилл болады
-
Арцелланың бақалшағы болмайды
+
Кірпікшелі кебісшенің алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір болады
+
Вольвокстың екі талшығы болады
-
Жасыл эвглена мен кірпікшелі кебісшенің пішіндері тұрақсыз
Кері байланыс (Әр топ бір біріне сұрақтар қояды)
1 топ сұрақтары:
1.Қарапайымдылар типінің адам паразиттерін зерттейді? (протозоология)
2. Иесінің дене жамылғысының сыртында (тері,туктер) тіршілік етеді.(эктопаразит)
3.Паразит ұзақ уақыт сақталатын ағзаларды қалай атайды? (резервуар)
2 топ сұрақтары:
1.Көптеген паразиттердің таралуы үшін резервуарлардан басқа кімдер қажет?(таратушылар)
2.Эхинококкоз ауруын тудырушы паразит?(эхинококк)
3.Адамның паразиттік амебасын зерттеген ғалым?(гросс)
3 топ сұрақтары:
1.Иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік ететін паразиттер?(эндопаразит)
2.Қарапайымдылар,гелминттер, насекомдар әсерінен пайда болатын аурулар?(инвазиялық)
3.Өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізетін паразиттер?(уақытшапаразит)
4 топ сұрақтары:
1.Әртүрлі микроағзалардың әсерінен пайда болатын аурулар?(инфекциялық)
2. Паразит жәндік лямблияны ең алғаш бауырдағы өт өзегінен тапқан украин дәрігері? (Лямбль Душан Федорович)
3.Амебаның ең жоғарғы шапшаңдығы?(сағатына 1 см)
( "Бірге ойланайық!" бөлімі. Бұл бөлімде ой қозғайтын сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар арқылы оқушылар өз ойларын айтады)
1. Мектептегі бор туралы не білесіз?
Жауабы:
Біз тақтаға жазып жүрген бор теңіз қарпайымдарының бақалшақтарынан құралған .
2. Қарапайымдар тұрып қалған суларда, топырақтың дымқыл қабатында да таралған, бірақ олар қайнаған суда тіршілік ете алмайды. Неге?
Жауабы: Қайнаған суда оттегі жоқ
3. Жасыл эвглена жарықта хлоропластта түзілген органикалық заттармен қоректенетіні белгілі. Қараңғыда жасыл эвглена тіршілігін дәл солай жалғастыра ала ма?
Жауабы: Жоқ. Ұзақ уақыт қараңғы жерде эвглена еріген органикалық заттармен қоректене бастайды.
"Миға шабуыл"(топқа сурет жапсырылған ватман беріледі.Сол суреттегі берілген микроскоп және қарапайымдардың құрылысын жазып, атап шығуы керек)