7


  • Учителю
  • Вне классное мероприятия 'Биолог – көшбасшы'

Вне классное мероприятия 'Биолог – көшбасшы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Биолог - көшбасшы

Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс- тәсілдері: ауызша және интерактивті тақта қолдану.

Қатысушы сыныптар: 8 «а», 8 «ә», 8 «б» . Барлығы 6 оқушы.


Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі көшбасшы - биолог атты 8-сыныптар арасында өтетін интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Кел балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Шешпей оны қоймайық- дей отырып ойынға қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтсе.

Көшбасшы деген - сын сабақ

Жұмбақты шешіп ойна, күл

Білімдіден мол талап

Күтіледі, оны біл-деп ойынымызды бастайық!


1 кезеңіміз - Бәйге

Бұл кезеңнің шарты бойынша барлығы 18 сұрақ қойылады. Мұнда жылдамдық рөл ойнайды. Кім қолын бірінші көтерсе, сол жауап береді.

1. Сүт тістер саны (20)

2. Жүйке жасушасы қалай аталады? (нейрон)

3. Теріні зерттейтін ғылым (дерматология)

4.Қанның қызыл түйіршіктері (эриттроциттер)

5. Пластидтер қайда кездеседі? (өсімдікте)

6. Жасушаны зерттейтін ғылым. (цитология)

7.Суда жүзетін бірақ ұшпайтын құс ( пингвин)

8. Құстарды зерттейтін ғылым қалай аталады? (орнитология)

9.Организмдердің сырттан келген бөгде заттарға жауап қайтаруы (иммунитет)

10. 17 ғасырда ең алғаш қанның қантамырлар бойымен тұйық түрде ағуын кім ашты? (У. Гарвей)

11. Ересек адамның жүрек салмағы қанша? ( 250-300 гр.)

12. Өсімдіктер бөлімін зерттейтін биология ғылымының саласы ( ботаника)

13. «Ми рефлекстері» еңбегінің авторы (Сеченов)

14. Адамның пайда болуын, тарихи дамуын зерттейтін ғылым (антропология)

15.Оттекпен қосылған гемоглобин қалай аталады? (оксигемоглобин)

16. Қан ұйымайтын ауру (гемофилия)

17.Крокодилдің жүрегі неше бөліктен тұрады? (4)

18. Балық немен тыныс алады? (Желбезек)


2 кезеңіміз - «Тіл - өнер» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша берілген жұмбақ, мақал-мәтелдердің жауабын тауып, 3 тілде айтулары тиіс.


1.Мойны сұрақ белгісі

Бұл қандай көл құсы? (Аққу- лебедь - swans)

2.Бұйра тұлымы желмен ойнайды

Қызыл мұрыны жерге бойлайды. (Сәбіз- морковь - carrot)

3. Алыстан қылаңдап,

Құйрығы бұлаңдап

Аңдардың барлығын

Бір өзі жүр алдап (түлкі - лиса - fox)

4. Айбат шагер алыстан

Аң патшасы ............ (арыстан - лев - lion)

5.Жазда жайнайды,

Күзде жайрайды (жапырақ - листья - leaves)

6.Қыз елдің көркі

..... жердің көркі ( гүл - цветок - flower)

7. Сабы жоқ қамшы

Ешкімге ұсынба

Уы бар бір тамшы

Тілінің ұшында. ( жылан - змея - snake)

8. Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған. (жұмыртқа - яйцо - egg)


3 - кезең - Ғажайып - биология. 9 ұяшық берілген, 20,30,40 сандары жазылған. Әрбір ұяшықтың шамасына қарай сұрақтар қойылады. Ұяшықты ең бірінші болып, ұпай саны көп оқушы таңдайды

Өсімдіктер әлемі



Жануарлар әлемі

Тарихи ашылуларӨӨсімдіктер әлемі

20

30

40

Жануарлар әлемі

20

30

40

Тарихи ашылулар

20

30

40


Өсімдіктер әлемі 20

Жер бетінде тіршілік ететін халықтың жартысына жуығының негізгі қорегі болып табылады.Әсіресе, Оңтүстік шығыс Азия халықтарында бұл дақылдың маңызы өте жоғары.(Қытай, Вьетнам, Үндістан т. б.)

Күріш

Өсімдіктер әлемі 30

Адамзат бұл өсімдікті ертеден шарап жасау үшін пайдаланып келеді. Бұл қандай өсімдік?

Жүзім

Өсімдіктер әлемі 40

Бір тәулікте 1 метр өсетін өсімдік?

Бамбук

Жануарлар әлемі 20

Жүзетін құстар ішіндегі ерекше топ. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Олар ұша алмайды, денесін тік ұстайды. Бұл қай құс?

Пингвин

Жануарлар әлемі 30

Тұмсықтары мықты үшкір, орман құсы зиянды бунақденелілермен қоректеніп үлкен пайда әкеледі. " орман санитары" деп те атайды.

Тоқылдақ

Жануарлар әлемі 40

Қабыршақ қанаттылар отрядының бір түрі. Бұдан 5000 жыл бұрын Қытайда қолда өсірілген. Пілләсінен өте құнды табиғи өнім алынды. Тұт ағашының жапырағымен қоректенеді.

Тұт көбелегі немесе жібек көбелегі


Тарихи ашылулар 20

Орталық жүйке жүйесінің тежелу процесін ашқан. 1863 жылы " Ми рефлекстері" еңбегін жарыққа шығарған ғалым.

И. М. Сеченов


Тарихи ашылулар 30

1665ж. ең алғаш рет өсімдік клеткасын микроскоппен қараған ғалым кім?

Роберт Гук


Тарихи ашылулар 40

XVII ғасырда ең алғаш рет қанның қантамырлар боймен тұйық түрде ағуын ашқан кім?

Уильям Гарвей


4 - кезең - Ұшқыр ой

1. Менің әкемнің ұлы, бірақ маған аға-іні емес. Сонда ол кім? ( мен өзім)

2. Жұмулы көзбен не көруге болады? (түс)

3. Алманың бір жартысы неге ұқсайды? (екінші жартысына)

4. Ашқарында неше жұмыртқа жеуге болады? (1- еу)

5.Екі қой тұр. 1-сі оңға, 2-сі солға қарап тұр. Олар бастарын бұрмай, бір-біріне қарай алама? ( иә,, егер бір-біріне қарама-қарсы тұрса)

6. Жердің ортасында не бар?

7.Күн мен түн немен аяқталады? (н әрпімен)

8. Боранда тау ық болама? (иә)

9. Адам отыр. Ал ол тұрып кетіп қалғаннан кейін, сіз оның орнына отыра алмайсыз. Ол қайда отыр? ( Сенің тізеңде)

10. Ағаш бұтағында құс қонып отыр. Құсты үркітіп алмай бұтақты қалай сындыруға болады? (ұшып кеткеннен соң)


Т.Ы.Аманов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі

Интеллектуалды ойын



Жауапты: Бөленбаева М. Т.

Мұхамедқалымқызы А.





Семей - 2011ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал