7


Сабақ жоспары №6 7сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Күні:

Сынып:7

Сабақтың тақырыбы: Кірпікшелі кебісше - күрделі құрылысты қарапайым жәндік. №1 зертханалық жұмыс. Кірпікшелі кебісшенің құрылысын, қозғалысын және тітіркенгіштігін бақылау.

Сабақтың мақсаты: Топпен жұмыс жасай отырып кірпікшелі кебісше туралы оқиды, тәжірибе жүзінде бақылап, зерттейді, бірін - бірі бағалайды.

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсіл: Сұрақ - жауап, ЖИГСО 2, ассоциация мен кластер.

Сабақта қолданылатын технология: СТО



І. Ұйымдастыру кезеңі

(Сәлемдесу. Суреттер бойынша 3 топқа бөлу.)

І топ ОҚЫМЫСТЫЛАР

ІІ топ ТАЛАПТЫЛАР

ІІІ топ ЗЕРТТЕУШІЛЕР



Әр топтың басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату.

Суреттер бойынша 3 топқа бөлу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Эвгленаның құрылысын макет түрін жасау. А - В - С - Д - Е бір - біріне сұрақ қойып, бағалайды.

Ал балалар біз сендермен қандай біржасушалы жәндіктермен таныстық?

Ал бүгін қандай біржасушалы жәндікпен танысамыз деп ойлайсыңдар?

Өте дұрыс біз бүгінгі сабағымызда кірпікшелі кебісшемен жақынырақ танысамыз.

Қызығушылығын ояту Әр топ кірпікшелі кебісше туралы ассоциация мен кластер жасап, қорғайды.

Мағынаны ажырату І топ. Оқымыстылар 21 бетте кірпікшелілер класы дегеннен бастап, қоректенуі дегенге дейін оқиды. 22 бет. (Басы)

ІІ топ. Талаптылар 22 беттегі қоректенуі, тыныс алуы және зәр шығаруы туралы оқиды. 23 бет.(Ортасы)

ІІІ топ. Зерттеушілер тітіркенгіштігі, көбеюі, циста түзуі туралы оқиды. 24 бет.(Соңы)

Мәтінді оқып болғаннан кейін әр топ мүшелері бір - біріне мазмұндайды. Мазмұндағаннан кейін, А1, А2, А3 үй иелері қалады ал қалған топ мүшелері көрші топтарға қонаққа барады.



Тақырыпты басынан бастап, аяғына дейін бір - біріне мазмұндап, талқылайды, пікір алмасады. Талқылап болғаннан кейін қонақтар үйлеріне қайтады.

Ал мен әр топқа доп лақтыру арқылы сұрақ қоямын.

1. Кебісше қай кезде циста түзеді? (қолайсыз жағдайда)

2. Жылдың қай мезгілінде кірпікшелер көбеюге кіріседі?(қорегі мол кезде. Жазда.)

3. Кебісшеде сезім мүшелерінің қызметін не атқарады? (кірпікшелері)

4. Кірпікшелілер қандай суларда мекендейді? (тұщы, тұзды, тоқтау, тоғанда, батпақты жерлердегі суда )

5. Бір кібісшенің денесінде неше мыңға жуық кірпікше болады? (10. 000 - 15. 000)

6. Кебісшенің құрылысын айт? (қабықша, жиырылғыш вакуоль, үлкен және кіші ядро, цитоплазма, кірпікшелер, асқорыту вакуолі, ауыз тесігі.

7. Кірпікшелілердің негізгі қорегі не? (бактериялар мен ұсақ ағзалар)

8. Кебісшенің қоректенуі кезінде ас бірінші ауыз ойысына, ал ауыз ойысынан қайда түседі? (шұқырақ тәрізденген жұтқыншаққа)

9. Қорытылмаған ас не арқылы сыртқа шығарылады?

(Қылаулатқыш)

10. К. к. жиырылғыш вакуоль қандай қызмет атқарады?(зәр шығару, артында орналасқан)



Ой толғаныс №1 зертханалық жұмыс. Кірпікшелі кебісшенің құрылысын, қозғалысын және тітіркенгіштігін бақылау.

І топ. Оқымыстылар.

Тоқтау судан алынған тамшыдан микропрепарат жасап, кебісшені бақылау.

ІІ топ. Талаптылар.

Қаламға арналған сияны 5 - 8 есе сұйылтып, кебісшесі бар су тамшысына тамызады, сөйтіп жиырылғыш вакуольдің боялғанын көреді.

ІІІ топ. Зерттеушілер.

Заттық шыныға 1 тамшы кебісшелі су мен 1 тамшы таза су тамызады. Кебісше бар суға 1 түйір тұз салып, тітіркенуін бақылап, қорытынды жазады.



Қорытынды. Рефлексия. Бүгінгі сабақта не ұнады? Не ұнамады? Кірпікшенің сүретіне жазып, тақтада тұрған ватманға (су түбі) оқып жабыстырады. Өте жақсы балалар! Сендердің кірпікшелі кебісше туралы білімдерін осы су астындағы өмірде мәңгі қалқып жүреді дегім келеді.

Бағалау. Топ басшыларына сөз.

Сабақ аяқталды. Рахмет! Сау болындар!

Үйге: Амеба, эвглена, кебісшені қайталау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал