- Учителю
- Гүлдер әлеміне саяхат(6 класс)
Гүлдер әлеміне саяхат(6 класс)
Орынбаева Эльвира Бисембиевна
М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі
Мақсаты: оқушылардың төменгі сыныпта алған білімдерін қайта жаңғырту, гүл
туралы білімдерін толықтыру, пәнге қызығушылығын арттырып,
ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Барысы.
Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі - өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, өзіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қастерлеп, қадірлеуден туған.
«Гүл-дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылыққа гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі сайысымыз осы гүлдер әлеміне арналады.
Енді бүгінгі ойынымызға әділ баға беріп отыратын әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік.(Әділқазы мүшелері таныстырылады.)
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Көп білгеннің асайтын асуы, алмайтын қамалы жоқ» демекші ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Барлығыңызға сәттілік!
І тур. Биология пәнінен сұрақтар
1. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым саласы. Ботаника.
2. Қар астында қыстайды, Ақ пен бүркіп тастайды (бәйшешек)
3.Гүл бөлімдеріне нелер жатады? (гүл сағағы, гүлтабаны, тостағанша, күлте, аталық,аналық)
4.Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы
5.Көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұратын гүл бөлімі(тостағанша)
6.Өсімдіктер кластары
7.Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса өсімдік қалай аталады? (бір үйлі)
8.Аталық қандай бөлімдерден тұрады?
9.Гүлсерігі дегеніміз не? (күлте және тостағанша жапырақшалар)
10.Өзіне шап-шақ, Киген қалпағы аппақ Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)
11.Гүлден дамиды(жеміс пен тұқым)
12.Аналық қандай бөлімдерден тұрады?
13.Тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? Мақта
Гүл тілі .
Қызыл раушан - махаббат белгісі
Ақ раушан - құпиялылық белгісі
Лала гүлі - тазалық белгісі
Нәркес - шығыс елдерінде жаңа жыл белгісі
Сүмбілшаш - кездесу белгісі
Інжугүл - шабыт беруші гүл
Қалампыр - ерлік пен өрліктің белгісі
Бақытгүл - бақыттылық белгісі
Француздар, испандықтар қалампыр гүлі мен бақытгүлін бақытсыздық белгісі деп санаса, ал ұл гүлдері күншығыс елінің халықтары және италияндықтар, гректер, ағылшындар бақытгүлі деп қадірлеп, қастерлеген.Германияда қызыл раушан махаббат белгісі болып саналса, Латын Америкасында гүл қан түстес болғандықтан өлім гүлі деп санап, ақ раушанды қадірлеп, қастерлейді екен. Жақсылыққа гүл сыйлағанда гүл тақ санды болу керек, ал қабір басына апарған гүл жұп санды болу қажет деп санайды халық.
Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?
Қызыл - белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар қнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.
Қызғылт - жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Олар жарқын, айырықша адамдар. Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады.Жұрттың назарын өзіне аударып алады.Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір
Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді.Көңіл күйі тез өзгеріп, оптимист адам.
Алқызыл - нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттармен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық нық сенімділік қасеттері де тән.
Ақ - шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл, қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп, бағыттап отыратын сенімді достар ауадау қажет.
Көк - адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқындықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.
Келесі турымыз - Ғажайып гүлдер
Аңыздар 10. Ежелгі Грекияда бір өте сымбатты жігіт өмір сүрген екен.Ол өзін өте жақсы көрген. Афродита оған өлгенге дейін өзінің судағы суретін үнемі қарап отырсын деген қатал жаза берген. Шыдамы таусылған ол бір күні өз-өзіне қол жұмсап, дүниеден қайтыпты. Оның аққан қанының тамшыларынан әдемі гүл өсіпті, сол гүлге жігіттің аты беріліпті. Бұл қандай гүл? (Нарцисс)
Аңыздар 20. Латынша атауы Galaktus (Gala-сүт,аktus-гүл) - сүттей ақ.
Аңыз бойнша Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суып кетіп, Хауа ананы жылыту үшін бірнеше қар кристалдары гүлге айналыпты. Осыдан бері Гүл Үміт символы болып саналған.
Даражарнақтылар класына жататын, эфемероидты(ерте көктемде гүлдейтін) өсімдік (Бәйшешек)
Аңыздар 30. Тау перілері бұл гүлді күні-түні қорғап, ешкімге жұлғызбайды екен. Тек шынайы сүйген адамдарына бұл гүлді сыйға береді. Күрделігүлдіре тұқымдасына жататын өсімдік. Тау шыңында өседі, махаббат, бақыт, ерлік символы.
Альпинисттер сайысында жеңіске жеткен жеңімпаздарды гүлдің алтын мүсінімен марапаттайды. (Еңлікгүл)
Аңыздар 40.Бұл өсімдік «1000 аурудың емі» деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем ьерген. Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз «пәле-жаладан сақтасын» деп үйді осы өсімдіктің түтінімен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды (Адыраспан)
Аңыздар 50. халық арасында «Бақыттылық белгісі » есебінде танымал Жапон, қытай елдерінде таралған гүл. (Бақытгүл)
Аңыздар 60.Алан атты данышпан қартайған шағында жалғыз ұл көрген екен. Ұлы ержетіп, ел көзіне түсе бастағанда қатты ауырып, төсек тартып жатып қалады. Ешбір ем табылмай, баласы дүниеден озады. Ұлының тасқа айналған жұдырықтай жүрегін ақ дәкеге орап, күміс белбеуінің кісесіне салып қояды.Күндердің қүнінде азалы қария аң аулауға шығады. Кіселі белбеуін қалың өскен өсімдіктің үстіне қойыпты. Бұлақтың суын ішіп, кіселі белбеудің жанына келсе, өсімдік жапырақтарының үстінде қып-қызыл нарттай болып, соғып тұрған дәкені көреді.Осы әңгімеден бұл өсімдіктің жүрекке шипалық қасиеті айқын байқалады.Қапыда қалғаным-ай, сырын білсем жалбыздың, аман қалар ма еді жалғызым деге некен қария. Бұл қай өсімдік?(Жалбыз.)
Табиғат рекордтары 10. Дүниедегі ең биік ағаш? (Эвкалипт)
Табиғат рекордтары 20. Ең ұзақ жасайтын ағаш? (Емен, 2000 жыл)
Табиғат рекордтары 30. Ең ұзын шырмалғыш өсімдік (Лиана)
Табиғат рекордтары 40.Ең тез, жылдам өсетін өсімдік.(Бамбук тәулігіне 1 метр өседі)
Табиғат рекордтары 50. Дүниедегі ең алып, ең жағымсыз иісі бар гүлді ата. Сабақтары мен жапырақтары жоқ паразит гүл. Суматра, Ява аралдарында өседі. (Арнольди раффлезия)
Табиғат рекордтары 60. Бұл гүлдер ішіндегі ханшайымы. Шығыс елдерінде киелі гүл саналған. Гүлінің майы алтынмен бағаланған.Ең алғаш сәндік үшін өсіріле бастаған хош иісті гүл. Ежелгі римдіктер махаббат құдайы Афродитаға арнаған (Раушан) .
Өсімдік сырлары 10. Бұл жыртқыш өсімдік фотосинтезден басқа бунақденелілермен қоректенеді. Әдемі түсі мен жағымды иісімен бунақденелілерді тартып, түрі өзгерген жапырақтары жәндіктер қонған кезде жабылып қалады. Бұл қандай өсімдік?
(Шыбынжұт - Венерина мухоловка)
Өсімдік сырлары 20. Бұл құс Жаңа Зеландия символдарының бірі және дәл осылай аталатын өсімдік бар. Жемісін жеуге болады. (Киви)
Өсімдік сырлары 30. «Ақ айдаһар гүлі»деп аталатын 16 күлтелі жұмбақ гүл Жапония мемлекетінің елтаңба, мөр, тиын ақшаларында бейнеленген. Бұл гүлден салат пен тәтті торттар жасауға болады.Күрделігүлділер тұқымдасына жатады (Хризантема-Бақытгүлі)
Өсімдік сырлары 40.Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі.Кейде оны қарғалдақ деп те атайды. Биіктігі 15 см, ерте көктемде наурыз айының бас кезінде көктеп, бүршік жарады. БҰл қандай гүл? (бәйшешек)
Өсімдік сырлары 50. Бұл өсімдік Африка саванналарында өседі, діңінің жуандығы 10 метр. Құлқайырға өте ұқсас ағаш тектес өсімдік. Жемісі жеуге жарамдығымен, қалың қабығы қағаз жасауға қолданылады. (Баобаб)
Өсімдік сырлары 60.Еуропа елінен тараған. Олардың бір, екі, үш жылдық түрлері болады. Гүлдері ақ, қызғылт, күлгін. Ол гүл - ерлік пен өрлікті уағыздайтын гүл. Сондықтан оны көбіне ер азаматтарға сыйлап жатады. Бұл қандай гүл? (Қалампыр)
Раушан немесе райхан гүлі - хош иісті, өте әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Ол гүлде патшасы, раушангүлділер тұқымдасына жатады. Римде бір күнді «раушан күні» деп ерекше қадірлеп тойлаған. Сондықтан раушан нәзіктіктің символы , рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағалаған. Ақ раушан гүлін негізінен қалыңдыққа сыйлаған, ал алқызыл, қызыл раушан гүлдерін аруларға, аналарға сыйға тартатын болған.
Нарғыз гүлі - гүлдері қатпарланып, шеңберленіп орналасқан әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Отаны -Мексика. Ыстық және салқын ортаға да төзімді гүлдердің бірі.
ІІІ турымыз - өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер
1.Ақ алтын ... (мақта)
2.Алтын дән ... (бидай)
3.Сыр маржан ... (күріш)
4.Дала аруы ... (жүгері)
5.Шөл аруы ... (қызғалдақ)
6.Көктем гүлі ... (бәйшешек)
7.Ағаштар патшасы ... (емен)
8.Түн аруы ... (кактус)
9.Оңтүстік перзенті ... (жүзім)
10.Екінші нан ... (картоп)
11.Шипалы бұта ... (итмұрын)
12.Солтүстік жібегі ... (зығыр)
13.Солтүстік Американың күн гүлі қалай аталады? (күнбағыс)
14.Өсімдік пионері ...(қына)
15.Күн баласы атанған қай өсімдік? (Мақта)
Қызғалдақ - лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылды өсімдік. «тюльпан» негізінен түрік сөзі, бас киім деген ұғымды білдіреді. Түріктерге «Тюрбан» деп аталатын қызғалдаққа ұқсас бас киім бар екен. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны - Голландия болып саналатын. 2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді. өткізілді. Осы фестивальде қызғалдақтың бірінші отаны -Қазақстан, ал екінші отаны - Голландия деп хабарлады. Нидерланд елінің ханшайымы Беатрис Елбасымызбен кездесуде: «Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азияны жалғастырса қызғалдақ Қазақстан мен Голландияны және басқа да елдерді жалғастырды. Қызғалдақтың Сіздің елде кездеспейтін жері жоқ екеніне көзіміз жетті. Ұлы Жібек жолы кезінде, қызғалдақ әлем елдеріне таралғаны дәлелдені отыр. Сондықтан қызғалдақтың отаны - Қазақстан екенін әлем мойындап отыр» - деген болатын.
Қоңыраугүл - гүлінің аты сыртқы тұрпатына қарап қойылған. Ол қышқыл топырақты жерлерде өседі. Қоңыраугүл маусым, қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері ақ, сия көк, сары, күлгін болады.
ІУ турымыз - Сөзмерген
Күте білсең, жер жомарт
Жері байдың - елі бай
Дана көптен шығады, дәрі көптен шығады
Сулы жер - нлы жер
Гул қайда болса, көбелек сонда
Інжугүл - бұл да лалагулділер тұқымдасына жатады. Інжугүлдің хош иісі, көз қуантар әдемі гүлдері кез келген адамды толғандырмай көймайды. Май айының алғашқы күндері бүкіл Париж інжугүлге малынып кететін көрінеді. Бұл күнді «Інжугүл күндері» деп мейрамға айналдырған. Уақытында атақты сазгер П.И.Чайковский «Мен інжугүлді гүлдер патшасы деп білем»,- деген екен. Бір қызығы ол сүйікті гүліне арнап музыка емес, өлең шығарған. Ал, ол сөзге сазгер А.С.Аренский музыка жазған. Сонымен халық арасында «Дем беруші», «Шабыт беруші» аталған інжугүл, Қазақстанда тек Орал өңірінде өседі.
У турымыз - тапқыр, достар.
Әр командаға 5 сурет беріледі. Соны қимылмен келтіріп, қалғандары табады.
Тұңғиық - бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызықты оқиға болыпты.Англияның Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін гана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің деқұлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н.Ф.Золотницкийдің 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі»,-деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі.
Бөртегүл - әдемі өсімдіктердің бірі. Қазіргі таңда бөртегүлдің жүзге жуық түрлері белгілі. Оның гүлдері сия көктен алқызыл, сары, қызыл болып келеді.
Жұпар иісті сиенді, қазақша бөртегүл дейді.
Қоршап бақша йлерді, көктемде ерте гүлдейді.
Айтсақ сөздің анығын, мәлім бізге ерте бұл,
Шыңғысханның жарының , аты осы Бөртегүл
«Қара сандық құпиясы»
(Қара сандық әкелінеді. Ішінде лавр жапырақтары салынған)
-
«Қара сандыққа» жеугежарамсыз өсімдіктің бұтағы салынған. Бұл өсімдік ғылым мен өнер құдайы Апполонның құрметіне арналған. Бұл өсімдікпен суретші. Ғалым, әртістерді марапаттайды. «Лауреат» сөзі қандай өсімдіктің атын білдіреді? (Лавр)
Қорытынды ұпайлары есептелініп жеңімпаз анықталады.