- Учителю
- Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу (8 класс)
Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу (8 класс)
Күні: 26.02.14
Пәні: биология
Сыныбы: 8«A»
С/тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының
алдын алу
С/мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға тамақтану гигиенасы
жайында мағлұмат беру, білімділігін қалыптастыру;
б) Дамытушылық: Оқушыларға асқазан-ішек
ауруларының алдын алуын түсіндіру, есте сақтау
қабілетін дамыту;
в) Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір салтын
қалыптастыруға тәрбиелеу;
С/әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
С/түрі: аралас
С/көрнекілігі: кеспе қағаз, плакат
С/технологиясы: СКТ, СТО элементтері
С/құрылымы: I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
-
Асқорыту жолының ұзындығы
-
Қоректі зат құрамына қандай органикалық зат кіреді?
-
Аш ішектің ұзындығы қандай?
-
Ұлтабарға қандай без өзектері ашылады?
-
Асқорытудағы ең үлкен без?
-
Асқазанда ас неше сағат болады?
-
Сілекей безі қызметін зерттеген ғалым?
-
Бір тәулікте адамға қанша көмірсу қажет?
III. Жаңа сабақ
Адамның бір күндік тамақтану мөлшері
40%
15%
20%
-
Танертеңгі ас-міндетті түрде ыстық болу керек, мысалы қара құмық не сұлы ботқасы,сүт,қара нан,көкөністер салат.
-
Түскі ас-көкөністер мен жемістер салаты еттен не балықтан дайындалған бірінші және екінші ыстық тағамдар,компот.
-
Сәскелік ас-жеміс не көкөніс шырыны,сүт сусындары мен жемістер.(банан,алма,алмұрт,апелсин т б)
-
Кешкі ас-жеңіл болғаны дұрыс.Сүт не айран көкөніс, жарма тағамдары, жемістер.
Сапасы төмен тамақпен тамақтанғаннан кейін, көп кешікпей аурудың пайда болуын- тамақтан улану дейді.
Улану белгілері:
адамның іші ауырады
жүрегі айниды
құсады
іш өтеді
әлсізденеді
дене қызуы көтеріледі
басы ауырады,басы айналады
Қауіпті асқазан-ішек ауруларына қантышқақ (дизентерия)
іш сүзегі
тырысқақ
Бұл аурулар ауру қоздыратын микробтар және вирустар арқылы пайда болады.
Оларды таратушы жәндіктер: шыбындар мен тарақандар.
Жасөспірімдермен балалардың тоқ ішегінде үшкірқұрт (острица) және ішексорғыш(аскарида) тіршілік етеді.
Ішек-қарын ауруларының жұғу жолдары:
қайнамаған су
кір қолдан
жуылмаған жеістер,көкөністер
лас ыдыс-аяқ
шала піскен ет не балық
беті ашық қалған тағам,т.б.
Темекі мен алкогольдің асқорыту мүшелеріне тигізетін зияны:
1.Темекі тәбетті қайтарады
2.Асқорытуды қиындатады
3.Тісті сарғайтады,ауызды сасытады
4.Асқазанда жара пайда болады
5.Ерін,тіл және өңеш рагына жол ашады
6.Бауырды серозит ауруына шалдықтырады
Асқазан-ішекқұрт аурулардан сақтану жолдары:
-жеке бас гигиенасын сақтау
-бөлме, үй айналасын таза ұстау
-ауру адаммен байланыс жасағанда сақ болу
-дұрыс тамақтану
-Басқа мүшелердегі аурулардан сақтану(тіс,көмей, ішек, өңеш,қарын,бауыр,т.б.)
-Темекі,алкогольден аулақ болу
IV.Бекіту
V.Үйге тапсырма беру
23 оқу, Әр кім өзінің тамақтану гигиенасы режимін жазып келу.
VI.Бағалау