- Учителю
- Қоршаған ортаның ластануы және халық денсаулығы
Қоршаған ортаның ластануы және халық денсаулығы
Кіріктірілген сабақты өткізген оқытушылар:
Экология пәнінің жоғары санатты оқытушысы Сүлеименова К.А
Биология пәнінің жоғары санатты оқытушысы Сыртанова Р.Д
Психология пәнінің оқытушысы Жарылқасынова А.Қ
Сабақтың тақырыбы:Қоршаған ортаның ластануы және халық денсаулығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қоршаған оратың ластануы мен
қоғамның экологиялық
мәселесі туралы білімін бекіту, тереңдету.Қоршаған ортаның адам
денсаулығы мен психологиясына әсері туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік:Әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеу
дағдыларын дамыту,
алған білімін нақты өмірлік жағдайда қолдана білуге үйрету.
Отан сүйгіштікке, жауапкершілікке баулу арқылы экологиялық тәрбие беру.
Дамытушылық: Экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаның
ластану
сұрақтарын шешу бойынша оқушылардың адамгершілік,
азаматтық ұстанымы мен экологиялық мәдениетін
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-иллюстратвтік әдіс, сұрақ-жауап, ұжымдық оқыту әдістемесі
Сабақтың уақыты: 2 сағат
Сабақты өткізу орны:оқу аудиториясы
Пәнішілік байланыс: адам популяциясының өсуі және дамуы,
танымдық үрдістердің бұзылыстары
Пәнаралық байланыс: молекулалық биология және генетика, психология, әлеуметтану,
анатомия, философия, волеология.
Сабақтың жабдықталуы:
-
жұмыс дәптері,
-
үлестірмелі құралдар,
-
презентация плакаттар,
-
түрлі - түсті суреттер,
-
қызыл алма, таяқшалар
-
бейнефильмдер
-
ағаш, адам, ми қыртысының макеттері
-
стикер, глобус
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы
1 Ұйымдастыру кезеңі - Психолог 7 мин
2 Үй тапсырмасын тексеру -Биолог 15 мин
3 Мотивация- Эколог 4 мин
4 Жаңа тақырыпты түсіндіру-Эколог/биолог/психолог30 мин
5 Сергіту- Психолог 5 мин
6 Жаңа тақырыпты бекіту -Эколог/биолог/психолог 15 мин
7 Қорытындылау (Бағалау)- Биолог 5 мин
8 Рефлексия - Психолог 8 мин
9 Үйге тапсырма - Эколог 1 мин
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалап, тізім бойынша түгендеу.
Білімгерлердің көңіл - күйін сұрау, топқа бөлу,
Білімгерлерді 3 топқа бөлу. Аудиторияға кірген кезде сабаққа «кіру билетін» алып, билетте белгіленген суреттерге байланысты, топтың аты жазылған орынға отырады (Жасыл желек, Эволюция, Асқақ рух) Топ басшысын анықтау.
- Қалын қалай?
-Көңіл күйің қалай?
- Бүгінгі сабаққа дайындығың қалай?
Білімгерлермен сабақтың мақсатын қою.
«Алтын ережені» сабақ барысында ұстану:
7 Т-ны ұстану
- тәртіп
- талап
- тазалық
- тыныштық
- татулық
- төзімділік
- терең ой
ІІҮй тапсырмасын тексеру 15 мин
Жазбаша білімдерін тексеру әдісі
(тест, биологиялық диктант, графикалық диктант)
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Эпиграф: «Адам табиғатты тұтынушы ғана емес,сонымен қатар
бағындырушы.
Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз,ол бізге тәуелді»
Ш.Айтматов
-
Қызыл алма ұсынылады, білімгерлер табиғатты лаустаушы факторларды атай отырып, алмаға таяқшаларды бекітеді. Одан кейінгі кезекте ластанудың алдын алу жолдарын атап, алманың ішінен таяқшаларды қайтадан суырып алады. Алма бұрынғы қалпында қалды ма? -Жоқ әрине, демек қоршаған ортаға тигізілген зардаптарды қайтадан орнына келтіру қиынға түседі және ол адамның физиологиялық, психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді.
-
Бейнебаян «Адам және қоршаған орта»
-
Бейнебаяннан алған әсерлеріңіз?
-
Бейнебаянда не жайында баяндалды?
-
Байқағандарыңыздай бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
-
Бүгінгі жаңа тақырып:Қоршаған ортаның ластануы және халық денсаулығы
Сергіту сәті (жаттығу)
Қазір біз сіздермен адамгершілікке жат қасиеттерді жоямыз.
Әрқайсыларыңыз 10 жаман қасиетті жоюларыңыз керек. Ол қасиеттер
қара күйе көбелегіндей қаптап ұшып жүр.Оны қалай өлтіру керек
екендігін көрсетемін. Сіздер қайталаңыздар.
Өтірік айту-ауада.
Мақтаншақтық -көршіңіздің иығында
Күйзеліс-жүректеріңізде.
Қатыгездік- бауырларыңызда
Ашу-ыза-ауыздарыңызда
Жалқаулық -желкелеріңізде
Дау-жанжал-бастарыңызда
Өсек -құлақтарыңызда
Тойымсыздық -қарныңызда
Өкпешілдік -өкпеңізде
Еріншектік-тізелеріңізде
Зорлық -алақандарыңызда
IV. Жаңа тақырыпты бекіту:
1-Кезең, топтық жұмыс.
1-топ, «домино» әдісі
2-топ, «жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі
Жіңішке сұрақтар:
-
Ластағыштар?
-
Газдану?
-
Микробиологиялық ластану?
-
Радиациялық ластағыштар?
-
Психикалық ауытқу?
-
Күйзеліс?
Жуан сұрақтар:
-
Табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтыларының өзгеруі орман, тоғайлардың жойылуы қандай ластануға жатады?
-
Арамшөптермен немесе жәндіктер, жануарлар адамның шаруашылық қызметіне шығын келтіретін ластану түрі?
-
Ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, зиянкес жәндіктермен ластану түрі?
-
Ионданған сәулелер адам мен жануарлар жасушаларындағы нәруыз, фермент және басқа құрылымдардың өзгеруіне, қандай аурудын пайда болуына әкеліп соғады?
-
Адам қажеттіліктері мен әлеуметтік орта талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады?
-
Адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы
3-топ, «пирамида» әдісі
2-кезең, жалпы жұмыс
Экология, биология, психологиядан меңгерілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
-
Қоршаған ортаның ластануы қандай топтарға бөлінеді?
-
Химиялық ластану дегеніміз не және қандай түрлерін білесіз?
-
Радиациялық ластану көздеріне нелер жатады?
-
Биологиялық ластану дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
-
Сәулелік ауру, қан аурулары неден пайда болады?
-
Сәулелік аурудың түрлері мен белгілері қандай?
-
Жұқпалы аурулар адамға қандай жолдармен таралады? Аурудан сақтану шаралары қандай?
-
Темекі түтіні мен никотиннің адам денсаулығына тигізетін әсері қандай?
-
Сыртқы ортаның адам психикасына әсері қандай?
-
Қоршаған ортаның ластануынан пайда болатын психикалық ауытқуларды атап өтіңіз?
-
Адамның тұлға болып қалыптасуына табиғи ортаның әсері қандай?
-
Психикалық ауытқулардың алдын алу жолдары?
V.Қортынды: 5 мин
Топты және жекелей бағалау.
VI. Рефлексия.
Сабақ барысында қойылған мақсаттарға қайтадан оралу.