7


  • Учителю
  • Конспект урока Тапқыр биологтар

Конспект урока Тапқыр биологтар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тапқыр биологтар.

Мақсаты: Биология пәнінен білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін, білім мен білік дағдыларын дамыта отырып, шығармашылыққа баулу, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе қағаздар, нақыл сөздер.

Барысы: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр биологтар» сайысына қош келдіңіздер.Біздің бүгінгі сайысымыз бес кезеңнен тұрады.

Сайыс шарттары:

1. «Бәйге» Екі топқа сұрақтар қойылады.

2. «Жалғасын тап» мақалдар жасырылады.

3. «Дода» Ұяшықтарды ашу.

4. «Сәйкесін тап» қиылған суреттерді құрастыру

5. «Тез ойла» логикалық сұрақтар беріледі.



Сайыстың әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Бірлестік жетекшісі: Көптілеуова Сайран апай.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Есмағанбетова Амангүл



Бірінші кезеңімізді бастаймыз. «Бәйге»

6-класс

- Ашық тұқымды өсімдіктерге нелер жатады?

- Жабық тұқымды өсімдіктердің неше класы бар?

- Қызыл балдырларды ата?

- Ядроның атқаратын қызметі?

- Ең биік ағаш?

- Жылдам жүгіретін аң?

- Мүктерді зерттейтін ғылым?

- Жапырақ неліктен жасыл?



7-класс

- Балықтарды зерттейтін ғылым?

- Жылықандыларға нелер жатады?

- Омыртқалы жануарлар неше класқа топтастырылған?

- Балықтардың ең кіші жаулары?

- Ұша алмайтын құс?

- Топтасып тіршілік ету қандай жануарларға тән?

- Жасушаның органоидтарын ата?

- Қай балық өте ұзақ өмір сүреді?



II- кезең «Жалғасын тап» Екі топқа мақал жасырылады.



1.Құс қанатымен ұшады,............... құйрығымен қонады.

2.Қойдың сүті.......... - қорғасын

3.Мал өсірсең қой өсір,...............өнімі оның көл көсір.

4.Жылқы ................. құлыннан өсер.

5.Боранды күні............ит пен бала құтырар.

6.Аққуды атпа..............досыңды сатпа.

7.Екі қошқардың басы.................бір қазанға сыймас.

8.Ер қанаты-..................ат.

9.Көрмес..............түйені де көрмес.

10.Ақты төкпе..........малды теппе.



3-кезең «Дода» Ұяшықтарды ашу.



Ең,ең,ең...

10 - Ең ауыр құс? Казуар

20 - Ең ірі гүл? Рафлезия

30 - Ең ірі жыртқыш? Ақ аю

Жануарлар дүниесі

10 - Тері жамылғысын өзгертетін жануар? Құбылғы

20 -Анд тауының символы? Лама

30 - Қызыл кітапқа енген,БҚО мекендейді.Уылдырық шашу үшін Каспий теңізіне барады.Ол қандай балық? Бекіре

Өсімдіктер дүниесі

10 -Гүлдің негізгі көбею мүшесі? Аталық,аналық

20 - Ұзақ жасайтын өсімдік? Секвойя

30 - Бұл өсімдікті ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда өсірген.Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан.Бұл өсімдікті Ресейге ең алғаш рет I Петр әкелген. Бұл қандай өсімдік? Картоп

4- кезең «Сәйкесін тап» Қиылған сурет бейнелерінен /мозайка / құрастырады.

Екі топқа тапсырмалар беріледі. Гүл, Мысық, Қоян, Маймыл суретері.

5 - «Тез ойла» Екі топқада жалпы логикалық сұрақтар қойылады.

1.Көлден ұшты жеті қаз, қонды қайтып екі қаз.

Қонбады оның нешеуі, кәне кім тез шешеді? Бес.

2.Допты қайда лақтырсаң, ол ештеңеге тимей саған қайтып келеді. Аспанға.

3.Гүлдің қақ ортасында не бар? Ү әрпі.

4.Қызыл, жасыл, сары, күзде пісіп ағаштан құлады? Алма

5.Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр, біреуін атып алдым нешеуі қалды? Түйеқұс ұшпайды.

Табиғат сен тіршілік, тұнып тұрған,

Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,

Сен арқылы таралған он сегіз мың ғалам.

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Алда әліде биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіремін.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал