- Учителю
- урок по биологию на тему 'Аралар мен құмырсқалар' (7 класс ()
урок по биологию на тему 'Аралар мен құмырсқалар' (7 класс ()
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицей биология пәнінің мұғалімі Мергентаева Газиза Бахтыгереевна
«Аралар мен құмырсқалар - қоғамдық бунақденелілер» тақырыбында 7 «А» сыныбында өткізген сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Аралар мен құмырсқалар - қоғамдық бунақденелілер
Сабақтың мақсат-міндеттері:
А) білімділік:
Аралар мен құмырсқалардың тіршілігі мен отбасын құру ерекшеліктері және мінез - құлықтары мен түйсігі жайлы мәлімет беру
Ә) дамытушылық:
Пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылық тарын іздену, құру және салыстыруға тапсырмалар беру арқылы дамыту
Б) тәрбиелік:
Қоғамдық бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы білу, өмірде қолдана білуге үйрету және оларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:
СТО элементтері
Сабақтың типі:
Аралас сабақ
Сабақтың түрі:
Дәстүрлі емес
Сабақтың әдістері:
Сәйкестендіру тесті, ой қозғау, постер қорғау
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:
бейнеролик, суреттер, интербелсенді тақта, плакат
Сабақтың пәнаралық байланысы:
география
Сабақ барысы:
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
І. Ұйымдастыру бөлімі
-амандасу;
-түгелдеу;
-оқушының назарын сабаққа аудару;
-оқу құралдарының дайындығын тексеру
-амандасу;
-кезекшілік
міндеттерін
атқару;
-сабаққа
дайындалу;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Шыбын
Сүзіп - жалаушы
Маса
Шаншып - сорғыш
Тарақан
Кеміруші
Балара
Кеміріп жалаушы
Көбелек
Түтік тәрізді ауызбен сорушы
Тура даму
Қанатсыз бунақденелілер
Шала түрленіп даму
Инелік,дәуіт,бит,қандала,шегіртке,бұзаубас
Толық түрленіп даму
Қоңыздар,көбелектер,бүргелер,шыбындар,масалар,шаншарларт.б
Сәйкестендіру әдісі 1.Ауыз аппараттары:
2.Дамуы:
1.б
2.в
3.д
4. а
5. г
1 - 3
2 - 2
3 - 1
ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық
Ой қозғау
1. Сұрақ
Мөлдір жарғақ тәрізді екі жұп қанаттары бар отряд қалай аталады?
2. жұмбақ
Тыру - тыру тырналар,
Тауға қарай жорғалар.
3. Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай
4.Топтасып тіршілік етуіне байланысты мінез - қылығы күрделене түскен. Осындай бунақденелілер қалай аталады?
1. жарғаққанат
тылар
2. Ара
3. Құмырсқа
4. қоғамдық
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс
Араның ішкі, сыртқы құрылысы. Көзінің, аяғының құрылысы, дамуы.
Аралар
Тұқым тобының даралары
Құрылыс ерекшелігі
Қызметтері
Аналық
денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею мүшесі ерекше жетілген, ауыз қуысы кішкене.
Кәрездерге 3 түрлі жұмыртқа салады. Оларды «ара сүтімен» қоректендіреді.
Аталық (трутень)
жұмысшы арадан сәл үлкен, У безі және шанышқы инесі болмайды. Ауыз қуысы кішкене.
Аналықты ұрықтандырады да өледі
Жұмысшы балара
дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, У безі және шанышқы инесі
Шірне, тозаң жинап, өңештің кеңейген бөлігі - жемсауда балға айналдырады. Балауыздан 6 қырлы кәрездер жасап, бал және гүл шірнесін толтырады. Дернәсілдерді қоректендіреді.
Патшалық: Жануарлар
Класс: Бунақденелілер
Отряд: Жарғаққанаттылар
Тұқымдас: Құмырсқалар
Құмырсқаларды зерттеумен айналысатын ғылым -мирмекология деп аталады.
Құмырсқалардың ішкі, сыртқы құрылысы, дамуы, жөнінде түсіндіремін. Құмырсқалар
Тұқым тобының даралары
Құрылыс ерекшелігі
Қызметтері
Аналық
Қанаты болады, ұрықтану соңынан қанатын өзі жұлып тастайды. Денесі ірі болады.
Жұмыртқа салады, қоныс аудару қызметін атқарады.
Аталық
Қанаты болады. Аналыққа қарағанда денесі кішілеу келеді.
Аналықты ұрықтандырады, өледі. Қоныс аудару қызметін атқарады.
Жұмысшы
Қанаты болмайды. Денесі шағындау болады.
Илеу салады. Қорек тауып аналық пен дернәсілдерді қоректендіреді.
Әскер
Қанаты болмайды. Денесі шағындау болады.
Жауынан қорғайды. Жинаған дәндерді жұмсартып, езіндіге айналдырады.
Дәптерге түсіру
Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма
Ұялы телефонды пайдалану арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, құмырсқа мен араның пайдасы мен зиянын топтап жазу: І топқа - құмырсқаның пайдасы, ІІ топқа - араның пайдасы, ІІІ топқа - құмырсқа мен араның зиянын зерттеу.
Құмырсқа мен аралар туралы қызықты мәліметтер және емдік қасиеттері туралы пайдалы кеңестер беру.
Интернеттен мәлімет жинау
ІV.Жаңа білімді бекіту
«Ақылды жіп» арқылы оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін тексеру. Әр оқушы жіпті ұстай отырып, бүгінгі сабақтан түсінген мәліметін бір-бір ауыз сөз айту арқылы жеткізеді. Бір-бірінің сөзін қайталамауы тиіс.
Тапсырманы орындау
V. Үйге тапсырма. Қорытындылау
Бейнеролик көрсету арқылы құмырсқалардың топтасып тіршілік етуіне көз жеткізу. Миллиондаған жылдар өтсе де, құмырсқаның қандай түрі болса да, өзгеріссіз қалған. Оның басты себебі - БІРЛІКТЕ, ЫНТЫМАҚТА! Олардың өзара бірігіп, өмір сүруінде. Қорытындылай келе мен барлық адамзат құмырсқа секілді ынтымақта, бірлікте өмір сүрсе екен, қанағатшыл болса деймін.
Үйге: Зерттеу, «Құмырсқалар мен аралардың тіршілігінен түйсінгенім» эссе жазу
Оқу, іздену
VІ.Бағалау
Үш топқа басшы сайлап, сабақ барысында жақсы қатысқан оқушыларға балл қою арқылы бағалау.
Күнделікке қойдыру